facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
erler-mamandy-yn-igergen-4-yel-bodibilder-polkovnik-rylysshy-zh-ne-elektromehanik
logo
«Ерлер» мамандығын игерген 4 әйел: бодибилдер, полковник, құрылысшы және электромеханик

01.06.2017

«Ерлер» мамандығын игерген 4 әйел: бодибилдер, полковник, құрылысшы және электромеханик

Назарларыңызға бұрындары ерлер мамандығы саналатын төрт мамандықты ұсынамыз. Өз таңдауы мен жұмыстағы қиындықтары туралы кейіпкерлеріміз өздері айтып береді.

Марина Насретдинова,кәсіпқой бодибилдер, еңбек өтілі — 26 жыл

Бұл мамандыққа кездейсоқ келдім. Алайда қазір бұл менің сұйікті ісім. Спорт — менің бүкіл өмірім. Мен Астана қаласының бодибилдинг Федерациясының хатшысы, ұлттық дәрежедегі төрешімін.


DSC_0878.jpg


Спорт жаттықтырушысы ретінде мен қатал адаммын, ал клиенттермен жұмыс істегенде жұмсақпын. Топта ерлер болғандықтан, қатты мінез болу керек, беделімнің болуы тиіс, ал ол менде бар.


Астанада бодибилдинг бойынша жалғыз жаттықтырушымын. Мен бірден мұндай болған жоқпын, бәрі біртіндеп келді. 2000-жылдары дене бітімім кішірек болдым, қазір де үлкен емеспін, тек фотосуреттерде ірі көрінемін. Жақындарым менің таңдауыма біртіндеп үйренді. Басында олар қорыққан болатын. Маған ауыр диеталарға отырып, бұлшық еттерді шынықтыру керек болды. Диетадағы біздің түріміз көпті шошытады, себебі еш май жоқ, тек бұлшық ет, бетте де көрініп тұрады. Ғаламтордан менің суреттерімді көргендер: «Қандай үлкен, масқара» деп жатады, шындығында менің пропорцияларым жақсы, сондықтан үлкен көрінемін.


DSC_0901.jpg


Мен Қазақстанның бірнеше дүркін және абсолютті чемпионымын, Азияның бірнеше дүркін жүлдегері және әлем чемпионаттарының қатысушысы әрі Ресей чемпионатының жүлдегерімін. Басты медалім — былтырғы жылдың қыркүйегінде алған Arnold Classic қола жүлдесі.


«Ерлер» мамандығында жүрген әйелдерге қайшы адамдардың арқасында біздің әлемде де, Қазақстанда да түсініктірек әрі қоғамда қабылданатын номинациялар ойластырылған. Бодибилдерші әйелдер — әйелдерге мүлдем ұқсамайтын әйелдер. Жарыстарда болған кезде мұндай әйелдерді көріп, шошыдық. Мен де олардан қорқамын. Қазір адамдарды шошытып алудан қашуға келе жатырмыз. Бұл үшін түрлі номинациялар бар, мысалы мен қатысатын номинация — Woman Physic. Бұл санаттағы формалар нәзіктеу келеді.


DSC_0910.jpg


Қанша қызық болғанымен, мен жолдың ортасындамын. Мен 45 жастамын, алайда бұл қартайдым деген сөз емес. Алдыңғы жылы үлкен нәтиже көрсеттім, демек әлі де шығатын боламын. Табиғат маған денсаулық берді, болашаққа жоспар көп.




Марал Ахметуллина, подполковник, Астана қ. ІІД Аса ерекше істер бойынша аға тергеуші, еңбек өтілі — 20 жыл


Шымкент заң колледжін бітірдім, ол кезде милицияның орта мектебі болатын. Отбасында алтаумыз, мен ең кенжесімін.


Мен бұл мамандықты ұнатқандықтан таңдадым


Және әкемнің сүйікті қызы болғандықтан, оның ізімен жүрдім. Жұмыс оңай емес, басындағы қиындықтарды тәлімгерлерімнің арқасында жеңдім. Олар маған үйретті, көмектесті және түсіндірді.


DSC_0920.jpg


Қазір қылмыстарды ашпаймын, алайда бұрын тергеумен айналысып, түрлі адамдармен араластым. Өте агрессивті адамдар болған жоқ, бәрімен тіл табыса білдім. Ұжымда мені жақсы қарсы алды, себебі өзім де жайлы адаммын.


Жұмыста әр түрлі жағдайлар болады. Екі балам бар, олар кішкентай болған кезде үйдегі жұмыстар мен әскери жұмысқа бірдей үлгеру қиын болды. Сол кезде бала күтімі бойынша демалыс та бір жарым жыл ғана болды. Балалар кішкентай болғандықтан, кейде жұмысқа алып кетуге тура келді. Түнде балалар ұйықтап жатқанда кетіп қалып жүрген кездер де болды, себебі тәуліктің кез келген уақытында шақырып алатын.


DSC_0943.jpg


Зейнетке шыққанша жұмыс істегім келеді. Қолым тие бермейді, алайда ұлдарыма уақыт бөлуге тырысамын. Олар қазір 14 және 16 жаста.




Гүлмира Аманова, BI Group компаниясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, еңбек өтілі — 8 жыл


Менің әкем де құрылысшы. Басында менің ол сияқты болғым келетінін әкем түсінбейтін. Кейін, құрылысшы болғанда әкем құрылыс бойынша кітаптарын тауып, маған берді.


DSC_1575.jpg


Институтты бітіргеннен кейін бірден өндірістік-техникалық бөлімге келдім. ӨТБ бастығымын деп ешқашан айтқан емеспін, өзімді инженер немесе жұмысшы ретінде таныстырамын.


Мен бұл жұмысқа дағдарыс кезінде 2008 — 2009 жылдары келдім, бұл кез біздің компания үшін де қиын болды. Бәрінде жалақы жағынан қиындықтар кездесті. Көптеген нысандар құрылысы тоқтады, бірақ мен кетпедім, осында қалдым.


Мен табиғатымнан еңбекқормын. Тобымыз бен ұжымымызды жақсы көремін.


Менің бөлімімде негізінен ерлер жұмыс істейді және кейде қиындықтар болып тұрады


DSC_1551.jpg


Біздің менталитетіміз бен шығыс әйелінің тәрбиесінен аттап кету оңай емес. Ісіңмен және әрекеттеріңмен ерлермен бірдей деңгейде бола алатыныңды дәлелдей алуың қажет. Сондықтан, ерлерге қарағанда үш есе артық жұмыс істеуге тура келеді. Алайда, өте қиын жағдайлар мен әйелдерге қатысты келеңсіз оқиғалар болған емес.


Мен ерлерге арналған мамандық бар дегенді дұрыс деп есептеймін


Себебі, әйелдер — қайткен күнде де нәзік жандылар. Мен ешқашан ер адамнан күштімін демеймін. Мен әйелдің қолынан келетін іспен айналысамын.


Менің өте үлкен жоспарларым бар. Жоспар бірдеңеге жетікісі келетін әр адамда болуы тиіс. Бір күнді бекерге өткізбей өмір сүру — үлкен жетістік.




Тамара Заева, релелік аппарат электромеханигі, еңбек өтілі — 33 жыл


DSC_1613.jpg


Біз байланыс аппаратурасын жөндеумен айналысамыз. Әр реленің өз технологиясы бар, оларды тазалаймыз, механикалық және электрлік параметрлерін тексереміз.


Мен жол-техникалық мектепті бітірдім, басында төртінші разрядтағы жөндеуші болдым. Бірнеше жылдан соң механик мамандығына түсіп, 1993 жылы Павлодар техникумын бітірді.


DSC_1600.jpg


Маған жұмыс ұсынғанда қалай, не істейтінімді білмедім. Бірақ, кейін осы жұмысқа келдім, маған ұнады. Жұмысым пойыз қозғалысының қауіпсіздігімен байланысты, құралдар, релелік шкафтар, станцияларда тұратын құралдармен байланысты. Темір жолда әр құрал әр түрлі қызметті атқарады. Пульт, түймелерді тексеруге шығамыз. Оларды реттеп тұру қажет, себебі диспетчерлік бөлімде табло бар және байланыстар таза болуы тиіс.


Кез келген әйел ер адам сияқты директор бола алады.


Сондай-ақ, әйел де, ерлер де механик бола алады

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы