facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/e6e/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/e6eb0b028e6cebcc7f0833b2d08cc2c1.JPG
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
erasmus-aza-standy-studentter-europada-b-l-m-alu-turaly-zh-ne-stipendiyany-alay-alu-a-bolatyny-zhayly
logo
Erasmus+. Қазақстандық студенттер Еуропада білім алу туралы​ және стипендияны қалай алуға болатыны жайлы

02.02.2023

Erasmus+. Қазақстандық студенттер Еуропада білім алу туралы​ және стипендияны қалай алуға болатыны жайлы

Әлемде талантты адамдарға шетелде білім алуға және саяхаттауға көмектесетін көптеген мүмкіндіктер бар. Бүгін біз Erasmus+ бағдарламасымен білім алған қазақстандық студенттердің тәжірибесімен бөлісеміз.


Томирис Шәріп, 25 жас, қаласы — Алматы, журналист, @tomirishm


томирис шарип

Бағдарламаны таңдауы туралы


Өнер гимназиясын бітірген соң қызмет саласын өзгертіп, техникалық университетке түстім. Шетелге қоныс аударуыма ата-анам рұқсат бермеді. Сондықтан мен халықаралық Erasmus + жобасының тізіміне кіретін университетті таңдадым.

Erasmus+ елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытады. Бұл жоба аясында Еуропаның кез келген университетінде бір немесе екі семестр оқуға болады.

Маған Қазақстанда білім алып, сонымен бірге арманымды орындап, шетелде тәжірибе жинақтай алатыным ұнады. Соның нәтижесінде Польшадағы Politechnika Lubelska-да бір семестр оқып, Universitat Politècnica de València университетінде жарты жыл ізденіп, магистрлік диссертациямды жаздым.

Erasmus+ туралы


Erasmus+ — ең танымал академиялық алмасу бағдарламаларының бірі. Жобаның әлем университеттеріндегі білім беру саласын дамытуға көмектесетін өз бағыттары бар. Бағдарламаға студенттер, оқытушылар және жас мамандар қатыса алады.

Erasmus ұсынатын шарттар жобаға байланысты.

Испанияда мен Erasmus+ KA107 бағдарламасының мүшесі болдым, ол 800 € сомасындағы билетпен және ай сайынғы 820 еуро стипендиямен қамтамасыз етті. Тұрғын үй, тамақ, консулдық алымдар, медициналық сақтандыру және басқа да шығындар бұған кірмейтін. Universitat Politècnica de València бізге тегін испан тілі курстарын ұйымдастырды және жаңа елге бейімделуімізге көмектесетін buddy тағайындады. Университеттің барлық зертханаларын пайдалануға, спорт секцияларына қатысуға рұқсат етілді.

Мен Польшада оқып жүрген кезімде Erasmus+ тек студент алмасу аясында ғана жұмыс істеді. Бағдарлама шығындарды өтемейтін. Университетте ғылыми мақалалар жазуға арналған көмектесетін кітаптары өте көп керемет кітапхана болды.

Стипендияны қалай алуға болады


Қазақстанның көптеген университеттері Erasmus+ жобасына қатысады. Университеттердің сайтында «Академиялық ұтқырлық» бөлімінде барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.

Құжаттарды ұсынбас бұрын тіл білу деңгейін тексеруден өту керек. Бұл IELTS немесе TOEFL болуы мүмкін. 2021 жылдан бастап DuoLingo тоқтатылды.

Сондай-ақ түйіндеме дайындау керек. Еуропада түйіндеменің өзіндік стандарты қабылданды, оны europa.eu сайтынан табуға болады.

Ұсыныс хаттарды бірлесіп ғылыми мақалалар жазған немесе жобалар жасаған мұғалімдерден алған дұрыс. Бұл бағаланады. Мұғалім оқумен қатар жетістіктеріңіз туралы: спорттық жарыстарға қатысу, еріктілер жұмысы, т.б. туралы айтса, тіптен тамаша.

Ерекшеліктері жайлы


Erasmus+ бағдарламасының көптеген артықшылықтары бар. Ең бастыларынан басқа елдердің мәдениеті және дәстүрімен танысуды, нетворкинг, жаңа тілдерді үйрену және ағылшын тілін жетілдіру мүмкіндігін атап өтуге болады. Еуропалық Одақ студенттердің білім алу шығындарын толығымен жабады және түрлі университеттерде оқытылатын пәндер бір-бірін алмастырады және бірдей есептеледі.

Кемшіліктеріне келер болсақ, университет әкімшілігі виза мәселесін шешуге, әуе билеттерін сатып алуға, баспана табуға көмектеспейді.

Стипендия қалай көмектесті


Мен өз бетіммен өмір сүруді үйрендім, ағылшын тілін жетілдірдім, түрлі елдерден көптеген достар таптым, инновациялық жобаларды жасауға және ғылымды дамытуға шабыттандыратын керемет профессорлармен таныстым.

Шетелде білім алу адамның ой-өрісін кеңейтеді. Erasmus + мүшелері сонымен қатар дүние жүзіндегі университеттерден соңғы шыққан технологиялар туралы ақпарат ала алады. Бұл ерекше әрі пайдалы нәрсе жасауға көмектеседі.



Марат Баешов, 25 жас, қаласы — Астана, бизнес-талдаушы, @bayeshov



марат баешов

Бағдарламаны таңдауы туралы


Мен «Қазатомөнеркәсіпте» бизнес-талдаушы болып жұмыс істеймін және бизнес-информатика мамандығы бойынша магистратурада оқимын.

Мектеп кезінен бастап шетелде оқығым келетін. Осылайша, 2018 жылы Алматы энергетика және байланыс университетіне электр энергетикасы мамандығы бойынша оқуға түсіп, Erasmus+ бағдарламасымен шетелге шығуға мүмкіндік алдым. Ол білім берудің еуропалық үлгісі бойынша баға жетпес тәжірибе мен білім алуға үлкен мүмкіндіктер ашты. Менің алма-матерім Испанияның солтүстігінде орналасқан Астурия князьдігіндегі ең үлкен Овьедо университеті болды.

Erasmus+ туралы


Erasmus + — халықаралық кредиттік ұтқырлық. Бағдарлама қазақстандық студенттерге Еуропада білім алуға, тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Оқуды бітіргеннен кейін студент өз университетіндегі академиялық кредиттері есептеледі. Бұл бағдарламаның ережелеріне сәйкес оқу ұзақтығы — 3 айдан 12 айға дейін. Мен бір семестр оқыдым. Сондай-ақ бағдарламаның үлкен бонусы — шамамен 850 € ай сайынғы стипендия.

Стипендияны қалай алуға болады


Оқуға түсу процесі оңай болды. Іріктеу университеттегі орташа балл мен ағылшын тілінде халықаралық сертификаттың болуы негізінде жүргізілді. Оқуға түскенімді растаған соң құжаттарды жинап, Шенген визасын алуға өтініш беру керек болды. Бұл кезеңде бір лайфхак бар: оқуға тапсыратын құжаттарды алдын ала дайындап қойған дұрыс, өйткені визаны белгіленген күннен ерте алуға шақыруы мүмкін.

Ерекшеліктері жайлы


Оқытудың маңызды ерекшеліктерінің бірі — жергілікті студенттермен оқу процесіне толықтай сіңісіп кету. Бірге оқыған достарым түрлі елдерден келді: Филиппин, Бангладеш, Швейцария, Эфиопия және тіпті Бразилия.

Тағы бір артықшылығы — өз университетіңде жетіспейтін кредиттерді жабуға болатын пәндерді таңдау еркіндігі. Кәсіби салаңдағы техникалық пәндерді ғана емес, сонымен қатар Project Management және Internet of Things сияқты өзекті пәндерді де таңдауға мүмкіндік болды.

Стипендия қалай көмектесті


Оқу оңай болған жоқ, бірақ бұл жолды жүріп өткеніме өкінбеймін. Егер әлі де өз қабілетіңізге күмәндансаңыз немесе сенімсіз болсаңыз, қорықпаңыз, өйткені басқа елде ұмытылмас семестр өткізесіз.

Қызықты және түрлі адамдармен, еуропалық елдің жаңа мәдениетімен танысу, сондай-ақ мүлдем жаңа әдіспен үйрену сізге жақсы әсер етеді. Сондықтан тағдыр сізге осындай мүмкіндік берсе, уақытыңызды босқа өткізбеңіз!

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.