Қалалық саябақтан Арбатқа дейін жаяу серуендеуге
Жазда мұнда концерттер ұйымдастырылып, музыканттар мен бишілер өнер көрсетеді, ал қыста коньки теуіп, сырғанауға болады. Сондай-ақ мұнда қолөнер бұйымдарын сатып алып, үлкен амфитетарды тамашалап, әдемі көпірдің бейнесінде суретке түсуге болады.
Нұржол бульвары
Бұл жер аз уақыт ішінде тұрғындардың сол жағалаудағы ең танымал орнына айналды. Мұнда әдемі, субұрқақтар мен демалуға болатын, орындықтар бар. Үлкен мерекелер өтіп, кешке музыканттар өнер көрсетеді. Қыста әдемі суреттер жасап, Байтерікті көруге болады.
Горький атындағы театр
Астаналық труппа Венгрияда және басқа елдерде өтетін түрлі театр фестивальдеріне жиі қатысады. Сондықтан елорда тұрғындары міндетті түрде олардың премьераларын тамашалайды. Мұнда саябақтар орналасқандықтан, жазда да, қыста да өте әдемі. Бұл жерде қала тарихымен танысасың.
Тәуелсіздік алаңы
Бұл жер Будапеш пен басқа еуропалық қалалардың бас алаңдарын еске түсіреді. Егер архитектуралық жағынан салыстыратын болсақ, мұнда бағандар, қақпа және мұражай бар. Демалуға болатын жайлы орындар да жеткілікті.
Mega Silk Way
Сайда үйінде балаларға арналған көптеген ойын-сауық бағдарламалар бар. Қызықты іс-шаралар өткізіледі. Барлығы ыңғайлы орналасқан, тамақ ішуге, кино көруге немесе сауда жасауға болады.
Ұлттық тағамдар мен деликатестердің дәмін татып көруге болады
Saf
Ұлттық тағамдар, деликатестер мен десерттердің үлкен таңдауын ұсынатын мейрамхана.
Мекен-жайы: Аманжалов көшесі, 24
Орташа чек: 5000 теңгеден бастап
Жұмыс тәртібі: ДС-ЖС 12:00 — 00:00, СН-ЖС 10:00 — 00:00
Байланыс: 8 778 080 70 00, 258 242
«Вечное небо»
Тоғыз түркітілдес халықтардың тағамдарын, оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдарының үлкен таңдауын ұсынатын панорамалық мейрамхана.
Мекен-жайы: Достық көшесі, 18
Орташа чек: 5000 теңгеден бастап
Жұмыс тәртібі: ЖС-БС 12:00 — 01:00, ЖМ-СН 12:00 — 02:00
Байланыс: 642 265
The Sultans
Мұнда сіз ерте заманда батырлар соғыстың алдында тамақтанатын жылқының жүрегі мен бауырынан жасалатын қазақтың тағамы — жаужүректің дәмін көре аласыз.
Мекен-жайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 28
Жұмыс тәртібі: ДС-ЖС 12:00 — 00:00
Орташа чек: 5000 теңгеден бастап
Байланыс: 259 595, 8 747 225 95 95
Qazaq Gourmet
Бұл мейрамханада сізге қазақ ұлттық тағамдарын еуропалық стильде ұсынады. Сіз шұбаттан жасалған балмұздақтың, ірімшік қосылған бауырсақтың, шұбаттан жасалған көженің, жент пен ірішміктен жасалған қазақ чизкейкінің дәмін көре аласыз.
Мекен-жайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 29
Жұмыс тәртібі: ДС-ЖК 12:00 — 00:00
Орташа чек: 14 000 теңгеден бастап
Байланыс: 8 708 988 88 88
Қазақтың тәттілерін тапсырыс беруге болатын дүкендер
«Ұлт Дәмі»
Қазақтың тәттілері: жент, шоколадтағы жент, ірімшік, қазақша шоколадтар және т.б.
Жеткізу:«Керуен» сауда орталығына дейін
Байланыс: 8 702 400 80 70
Qazaq Tattisi
Мұнда сіз дәмді шоколадты жентке тапсырыс бере аласыз.
Жеткізу: 500 теңге қала бойынша
Байланыс: 8 747 210 00 77
Qasyq
Өздері жасаған қазақтың тәттілерін жеткізеді: ірімшік, жент, құрт және т.б.
Жеткізу: хабарласып білу керек
Байланыс: 8 701 995 57 03
Ұлттық стильдегі свитшоттар, кәдесыйлар мен әшекейлерді сатып алу
Ұлттық кәдесыйлар мен тауарларды KERUEN souvenirs, Empire of Gifts, ISADEL Шапан дүкендерінде сатып алуға болады.
«Культ» @cultplace.me
Қазақша, орысша, ағылшынша жазылған қызықты сөздер мен цитаталары бар жейделер мен свитшоттарды сатып алуға болады.
Бағасы: жейделер — 3500 теңгеден бастап, свитшоттар — 9000 теңгеден бастап, худи — 10 000 теңгеден бастап
Жеткізу: 1500 теңгеден бастап
Байланыс: 8 707 871 18 88
Қайда сатып алуға болады: Желтоқсан көшесі, 2т, «Теплый» дүкені
Baikonur @baikonurstreetwear
Қазақстанның көшедегі киімдерінің ең алғашқы маркаларының бірі.
Бағасы: жейделер — 7000 теңгеден бастап, худи — 14 500 теңгеден бастап
Қайдан сатып алуға болады: Желтоқсан көшесі, 2т, «Теплый» дүкені
Байланыс: 8 702 635 05 03
Samidel @_samidel_
Samidel — ұлттық нақыштағы күнделікті киім дүкені.
Бағасы: жейделер — 5000 теңгеден бастап
Қайдан сатып алуға болады: Қабанбай батыр даңғылы, 9
Байланыс: 8 702 77 888 70, 8 701 537 85 26
Qazaq Republic @qazaq.republic
Qazaq Republic, Born to be Qazaq, Bari Jaqsy Bolady және Somke үлкен танымалдылыққа ие болды.
Бағасы: жейделер — 6000 теңгеден бастап, свитшоттар — 12 000 теңгеден бастап, экосөмкелер — 4000 теңгеден бастап
Қайдан сатып алуға болады: Достық көшесі, 10, Fashion Park, Тұран даңғылы, 24, Dinara Satzhan Fashion Group
Байланыс: 8 778 948 98 00
Art by Icons
Жейделер мен сөмкелерге танымал қазақ тұлғаларының принттерін жасайды.
Бағасы: экосөмкелер — 4500 теңгеден бастап
Қайдан сатып алуға болады: Желтоқсан көшесі, 2т, «Теплый» дүкені
Байланыс: 8 707 447 82 72