Елбасының маңызды бастамасы мәлім болған күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғылыми-өндірістік орталық ашылды.
Сынақ зертханасы еліміздің құрылыс саласындағы жетекші кәсіпорын, компанияларымен меморандум бекіткен. Енді мұнда студенттер ғылыми жұмыстармен айналысып, құрылыс материалдарын зерттейді.
Атап өтейік, бұл оқу орнындағы заманауи үлгіде жабдықталған бірегей ғылыми орталық саналады. Тіпті халықаралық деңгейде зерттеу жүргізуге мүмкіндік бар.
Данагүл Жиенқұл, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми-өндірістік орталығының жетекші маманы:
— Зертхананың ашылған себебі бізде жаңалық ашып жатқан жас ғалымдар бар, магистранттар, студенттер бар. Сондықтан осы зертхана олардың әрі қарай жақсы зерттеу жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұл зертхана аккредиттеуден өткен. Халықаралық деңгейде зерттеу жүргізіп бере аламыз.