Өткен жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 37 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Енді Елбасы тапсырмасымен тұрғындардың «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы арқылы сауаттылығын арттыру көзделіп отыр. Бүгін Астанада цифрлық және миграциялық екі Халыққа қызмет көрсету орталығы ресми түрде жұмысын бастады. Нысанның ашылуына еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және қалалық көші-қон басқармасының өкілдері қатысты. «Дэй-Житл» орталығында келушілер қажетті анықтамаларды өздері алады. Оған операторлар қатыспайды. Олар тек кеңес береді. Ал миграциялық Халыққа қызмет көрсету орталығында шетелдік азаматтар құжаттарын бір сағаттың ішінде рәсімдей алады.
Дерек көзі: 24.kz