Элизабет Тұрсынбаева, 20 жаста, туған жері — Мәскеу, мәнерлеп сырғанаушы, @elizabetkz
Өзі және спорт жайлы
Спорт үйірмесіне мені анам бес жасымда әкелді. Ол стадиондағы мұз айдынының жанынан өтіп, жаттығып жүрген балаларды көріп қалады, алдымен ағамды, кейін мені алып келді. Ата-анам биік мақсаттар үшін спортпен айналысқанымды қалады, ал мен жиі ауырғандықтан денсаулығым үшін жаттығым келді. Жаттықтырушы мені қабылдағасы келмеді — Ресейде балаға бірден оның болашақта даму тұрғысынан қарайды.
Екі жылдан кейін жақсы нәтиже көрсете бастадым. Сол мұз сарайында, «Москвичте» 11 жасқа дейін сырғанап жүрдім. Сол кезде топта ең үздіктердің бірі болдым, екі үш реттік секіруді үйреніп алдым.
Кейін ЦСКА тобына, Елена Водорезоваға бардым. Онда бір жарым жыл Соколова Светлана Владимировнада жаттықтым. Кейін Тутберидзе Этери Георгиевнаға көшіп, оның қол астында бір жарым жыл болдым.
Халықаралық жарыстарға қатысу сәті келгенде, отбасылық кеңесте ата-анаммен бірге Қазақстан үшін өнер көрсетемін деп шешім қабылдадық. Қазақстанға жиі барып тұратынмын, кішкентай кезімде онда жарыстарға қатысқанмын.
Ол кезде Ресейде басқа ел үшін жаттығуға болмайтын, сондықтан біз Канадаға кеттік. Онда бес жыл жаттықтым, анам менімен бірге болды, көмектесті. 2018 жылы біз Ресейге қайтып келдік ,мен тағы да Этери Георгиевнаның қолында жаттыға бастадым.
Халықаралық жарыстарға қатысу сәті келгенде, отбасылық кеңесте ата-анаммен бірге Қазақстан үшін өнер көрсетемін деп шешім қабылдадық
Бала кезімнен мәнерлеп сырғанаумен айналысамын және басқаша өмірді елестете алмаймын. Менің ойымша, бұл баяғыда осылай шешілген.
Күн сайын жаттығып, жаттығуларға бару — арман. Ал болашақта мәнерлеп сырғанаушылардың бапкер болып жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
Ата-ана мен қолдау жайлы
Анам Қырғызстанда, Ош қаласында дүниеге келген. 16 жасында Мәскеуге көшіп келді. Мұнда техникумға, кейін университетке түсті. Күндіз оқыды, ал түнде нан зауытында жұмыс істеді. Таңертең сабақ жасады, мүмкіндік болған кезде ғана ұйықтайтын. Әкем Қазалыдан шыққан, Қарағандыда заң университетін бітірген. Оның Мәскеуде кәсібі болды. Анам екеуі метрода танысты. Анам театрға артық билетті сатуға тырысты. Ол досымен баруға тиіс еді, бірақ ол соңғы сәтте бара алмай қалды.
Анам барлық жарыстарда менімен бірге жүреді. Бұрын ол көп жұмыс істеді, оның кәсібі болды. Біз ағаммен спортпен айналыса бастағанда, ол бізді таңертең мектепке, содан кейін мұз айдынына апаратын. Жаттығуларда әрдайым мұз үстінде тұрып, бізді бақылап отыратын. Одан кейін музыка мектебіне баратынбыз. Содан кейін қайтадан жаттығу. Ағам екеуіміз оның көп уақытын алатынбыз , сондықтан ол бәрін қалдыру туралы шешім қабылдап, өз өмірін бізге арнады.
Анам барлық жарыстарда менімен бірге жүреді
Ата-анам әрдайым мені қолдап жүрді, әлі де қолдайды. Қазір оның қаншалықты маңызды екенін түсінемін.
Өмір стилі жайлы
Көп уақытты жаттығуларда өткіземін. Әр таң сайын 40-45 минут жаттығу, содан кейін мұзда бір жарым-екі сағат жаттығу, содан кейін қорытынды жаттығу және түскі үзіліс. Одан кейін кіріспе жаттығу — жаттығу — қорытынды жаттығу. Аптасына бір рет демалыс. Жылына екі рет демалыс: жаңа жылға бес күн және жазда үш апта.
Музыка мектебін қобыз сыныбы бойынша бітірдім, бос уақытымда қобызда, пианинода ойнап, ән айтуды ұнатамын. Сондай-ақ тамақ дайындауды жақсы көремін.
Көп уақытты жаттығуларда өткіземін
Достарыммен өткізуге болатын бос уақытым жоқ. Жылына тек екі рет қыдыра аламын. Ең жақын достарымның бірі — ағам. Бірақ біз әртүрлі елдерде тұрамыз.
Қағидалар жайлы
Көп қағидаларды спорт үйретті: жеңілмеуге, аяғына дейін күресуге, еңбек әрқашан бағаланады.
Балалар үшін спорт маңызды. Ол өмірдегі қажет болатын мінезді қалыптастырады.
Кітаптар, музыка және әлеуметтік желілерге деген көзқарас жайлы
Барлық жастар сияқты мен де фильмдер, сериалдар көремін. Ең сүйікті фильмім — «Интерстеллар». Тілді ұмытпау үшін сериалдарды ағылшын тілінде көремін.
Биологияны оқимын, дене шынықтыру университетіне түсуге дайындалып жатырмын
Көңіл- күйіме байланысты түрлі бағыттағы музыканы тыңдаймын: классикадан поп-музыкаға дейін және рэпті де. Билли Айлиштің музыкасы ерекше ұнайды.
Биологияны оқимын, дене шынықтыру университетіне түсуге дайындалып жатырмын.
Соңғы уақытта жарақат салдарынан сырғанау мүмкін болмады. Музыкаға көп уақыт пайда болды , мен бейнелер түсіріп, Instagram-ға салдым. Әлеуметтік желілердің пайдасы — адамдармен бірдеңе бөлісуге мүмкіндік береді.
Не шабыттандырады
Жақында Әлем чемпионатында өнер көрсеттім. Дәл осындай сырғанау — ең әдемі, мұзда ләззат аламын, үлкен жұмыстарға шабыттанамын. Мені барлық спортшылар түсінеді.
Алдағы уақытта қайта қалыпқа келу, жарақаттан сауығу және келесі маусымда жарысқа шығу жоспарымда бар.