«Әу» демейтін қазақ жоқ демекші, елімізде талантты, жас әншілер көп. Бірі елімізді бүкіл әлемге танытып жүрсе, енді бірі көпшіліктің кумиріне айналған.
Димаш Құдайберген, @kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген — әнші әрі композитор. Оның жетістіктері Қазақстанда ғана емес, шетелде де мойындалады. Оның репертуарында қазақ, орыс, қытай және итальян тілдеріндегі әндер бар.
RaiM және Артур, @raimkzz
RaiM & Artur — жас орындаушылар, The Tower трегінің арқасында танымал болды. Соңғы бірнеше әндері ана тілімізде шығып келеді.
Мирас Жүгінісов, @zhugunussov.mj
Мирас Жүгінісов, жас өнерпаз, әнші, ағайынды Жүгінісовтердің ортаншысы. Нәзік, лирикалық шығармаларымен ерекшеленіп жүрген отандық жас әнші.
Ninety One, @ninetyone
Ninety One — Қазақстанда бірінші болып K-pop аналогы Q-pop стилінде ән айта бастаған топ. Бойбэнд өзінің ерекше әндерімен жанкүйерлерінің жүректерін жаулап жүр.
Moldanazar, @moldanazar
Молданазар — қазақ тобы. Топ солисі Ғалымжан Молданазар инди және синт-поп стилінде ән айтады. Осы жанрда ән айта бастаған алғашқы қазақ топтарының бірі.
Darkhan Juzz, @d.juzz
Darkhan Juzz лақап атымен өнер көрсететін Дархан Жүнісбеков — алматылық музыкант. Инди жанрында өз ана тілінде әндер шығарады. Оның танымал тректерінің бірі — «Шекер».
Зируза, @ziruza
Зируза — қазақтың Q-pop әншісі. Оның бейнелері миллиондаған қаралымға ие болады. Музыкадан басқа Зируза фильмдер мен клиптерге түседі.
Qonyratbay Fam, @qonyratbayfam
Алматылық бауырлар дуэті. Олар инди жанрында қазақ тілінде авторлық тректерді орындап қана қоймай, жақсы әндер сыйлап жүр.