Елімізде жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Менің арманым» стартап жобалар байқауы Павлодар облысынан басталды. Таңдау бұл өңірге жайдан-жай түскен жоқ. Бұл – Ертіс өңірінде екі жыл бұрын ашылған халықаралық стартап академиясының табысты жұмысы. Бір аптаның ішінде бағын сынауға ниет білдірген жастар 400-ге жуық жоба тапсырған. Екі мыңнан астам павлодарлық студент мемлекеттік университет жанындағы халықаралық стартап академиясының түлегі атанған. Данияр Байғазы – кәсіпкерлік негіздерін меңгергендердің бірі. Физика-математика факультетінің студенті «AI Clutch» ІТ-жобасын ұсынған. Құрылғы ұялы телефонды сымсыз әп-сәтте қуаттайды.
Дерек көзі: 24.kz