Елімізде 2 мен 4-сынып аралығындағы 1 млн-нан астам оқушыға жалпыұлттық ашық сабақ өткізіле бастады. «Экологиялық мәдениет, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен коммуналдық үнем» жаңадан енгізілген «жасыл» сабақтың басты тақырыбы.
Бұл — ЭКСПО көрмесінде де кеңінен көтерілген мәселе. Енді соның жалғасы іспетті балаларға судың да сұрауы барын, электр қуатын үнемдеуді және қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, «жасыл» технологияны қолдау анимациялық роликтер арқылы түсіндірілді.
Шәкірттерді мұндайға баулу — әлемде бар тәжірибе. Мәселен, Финляндияда оқушылар арасында «жасыл» мектепке барып тұрады екен. Оқу құралын жазып шығуға психология мен методология мамандары атсалысқан.
Дерек көзі: kaztrk.kz