Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/6f1/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/6f1b05d173805636b42ba7ac963ea29d.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Экспаттар не себепті отбасыларымен Қазақстанға көшетіні жайлы
2667

26.04.2020

Экспаттар не себепті отбасыларымен Қазақстанға көшетіні жайлы

Sharifah Farah Syed Mokhtar, 32 жаста, қала — Алматы, үй шаруасындағы әйел, @shfarah


ShFarah.jpg

Көшу туралы


Мен Малайзияда туғанмын. 2018 жылдың шілде айында отбасымызбен Қазақстанға көшіп келдік. Жолдасым мультимәдениетті мекемеде жұмыс істейді, оны Алматыдағы аймақтық кеңсеге ауыстырды. Оған дейін Таяу Шығыста тұрдық.

Отбасылық жұптан пәтер жалдаймыз. Олар қонақжай, әрдайым біздің жағдайымызды ойлап жүреді. Өз жақындарына сияқты қарайды.

Қиындықтар жайлы


Біз көшуге дайын болдық. Бізді жаңа өмір күтетініне сендік.

Қазақстанда авиакомпаниялар аз, сондықтан ыңғайлы маршрутты табу қиын болды. Ұшу ұзақ уақытты алды. Екі баламен болғандықтан оңай болған жоқ.

Көшу кезінде ешқандай қиындық болған жоқ. Көп нәрседе жергілікті достарымыз көмектесті. Одан басқа, біз жылжымайтын мүлік агенттіктерінің кәсіби адамдарымен серіктестікте болғанымыздың жолы болды.

Shfarah2.jpg

Алматыдағы отбасылық өмір


Біз Алматыны жақсы көреміз. Мұнда ыңғайлы, қауіпсіз, адамдар мейірімді және көмектесуге әрқашан дайын тұрады. Біз қазақстандық достар таптық. Балалар жергілікті ауа-райын, тіпті қыста да жақсы көреді. Малайзияға қарағанда Алматының ауа-райы жақсы.

Алматыда табиғи орындар өте көп. Таулар он бес минуттық жерде орналасқан. Жанынды Қайынды және Көлсай көлдері бар.

Мұнда тұру қымбат емес. Бастысы — қала балалармен тұруға ыңғайлы. Таза саябақтары, жақсы мейрамханалары бар.

Бастысы — қала балалармен тұруға ыңғайлы


Тамақтары дәмді. Бізге қатты ұнайды. Мұндағы тамақтар денсаулыққа да пайдалы.

Біз үшін үлкен артықшылық — тілді үйренуге деген мүмкіндктің бары. Балалар орыс пен қазақ тілін тез меңгеруде. Сондай-ақ оған қоса қазақтың және орыстың мәдениетін де үйреніп жүрміз. Көшпенділердің өмірімен танысқан бізге ұнайды, ал балалар ұлттық тағамдар мен дәстүрлерді ұнатады.

Shfarah3.jpg

Жоспарлар жайлы


Күйеуімнің Алматыдағы өңірлік кеңсемен келісім-шарты үш жылға есептелген. Тағы бірнеше жылға ұзаратын шығар. Ал сол кезге дейін біз Алматыда үлкен қуанышпен қаламыз.


Daniel Ball, 29 жаста, қала — Алматы, Industrial Equipment Manufacturer, Deputy Director


Daniel_Ball.jpg

Көшу жайлы


Мен Қазақстанға АҚШ-нан жеті ай бұрын әйелім мен балаларыммен көшіп келдім. Көшудің себебі — Қазақстанда кәсіп ашу.

Әйелім мұндай мүмкіндікке қатты қуанды. Әлемнің басқа бөлігінде жаңа адамдарды кездестіру, өмір сүру стилі басқа елде балаларды өсіру — жақсы мүмкіндік.

Қиындықтар жайлы


Көшкен кезде заттарымыздың авиатасымалдауын ұйымдастыру қиын болды. Нәтижесінде біз теңіз тасымалдаушыларына жүгіндік.

Сондай-ақ, қиындықтар тілді таңдаумен болды. Қазақстандықтар екі тілде сөйлейді, олардың көпшілігі орыс тілінде. Бірақ біз қазақ тілін үйренуді шештік. Осы тілде сөйлейтін әріптестеріміз, қазақ достарымыз көп болды.

Алматыдағы отбасылық өмір


Мен High Point Enterprise компаниясында директордың орынбасары қызметін атқарамын. Жергілікті кәсіпті жүргізу жүйесін зерттеймін. Мұнда барлығынын қалай жұмыс істейтінін білгім келеді.

Келесі жылы мен балаларды қазақ тілді мектепке бергім келеді


Бізге Алматыда тұрған ұнайды. Мұнда ыңғайлы, барлық керек заттарды табу оңай. Бұл қаланың өмір сүру стилі мен ойлағаннан да батысқа көбірек ұқсайды екен.

Біз Алматының үлкен көлінде және тауда болдық. Ол жерден қалаға керемет әдемі көрініс ашылады. Біз мұнда жарты жыл ғана болғандықтан, бізде Қазақстанды аралауға мүмкіндік болмады.

Daniel_Ball2.jpg

Бізге қазақтар бос уақыттарын қалай өткізетіні ұнайды. Олар шай ішуді, өз істерін талқылауды жақсы көреді. Олар басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Және бізге осы жаңа мәдениетті зерттеу қызықты.

Сондай-ақ маған жергілікті ет ұнайды. Біз оны күн сайын жей аламыз. Әйеліме бешбармақ, ал әпкеме — лагман ұнады.

Жоспарлар жайлы


Біздің басты міндетіміз — тілге, мәдениетке үйрену және жергілікті өмірге бейімделу. Келесі жылы мен балаларды қазақ тілді мектепке бергім келеді.


Angel Huang, 40 жаста, қала — Нұр-Сұлтан, үй шаруасындағы әйел


Huang(2).jpg

Көшу жайлы


Менің жолдасым 2015 жылы Алматыда жұмысқа орналасып, мені өзіммен бірге алып келді. Алғашқы жылы біз отелде тұрдық. Визаны және құжаттарды компания дайындады. Сондықтан бізге тек Қазақстанға ұшып келу ғана қалған.

Қиындықтар жайлы


Орыс тілін үйрену бізге қиындық тудыруда. Бірақ Алматыда ағылшын тілінде сөйлейтін орындар көп. Егер маған көмек керек болса, күтушіміз немесе достарымыз көмектеседі. Туу кезінде біз аудармашыларды жалдадық.

Жүргізушіміз болғанда ол бізге жиі көмектесетін. Мысалы, бізбен бірге үйдегі жөндеу жұмыстарын жасады, жиһаз сатып алуда көмектесті.

Huang.jpg

Нұр-Сұлтан және Алматыдағы отбасылық өмір


Менің жолдасым — ұшқыш. Оның жұмыс кестесі біркелкі емес. Бірақ мен балалармен жалғыз қалғанда қиындықтар туындамайды. Қазақстанда үй күтушісі мен бала күтушісін табу оңай. Бірақ ағылшын тілінде сөйлейтіндерін табу едәуір қиындау.

Сондай-ақ мен экспаттар тобына тіркелгенмін. Ол жаңа ақпаратты білуді және жаңа достар табуға көмектеседі. Қазақстандағы менің достарым ағылшын тілінде сөйлеушілер — жергілікті тұрғындар мен эмигранттар.

Алматыда тұру ыңғайлы. Барлығын онлайн тапсырыспен алуға болады. Қалада тамақ және азық-түлік жеткізетін көп сервистер бар. Креативті заттарды Instagram-да табуға болады.

Біз Алматы маңындағы тауларды жақсы көреміз


Бірақ Қазақстанда азық-түлік таңдауы аз. Шетелден жиі тапсырыс береміз. Мысалы, киімдерді Еуропада сатып аламыз. DHL курьерлік компаниясы арқылы, олар тез жеткізеді.

Біз Алматы маңындағы тауларды жақсы көреміз. Онда жиі шаңғы тебеміз. Бұл қалада жасыл шөп көп. Көшелерде кішкентай балаларға арналған ойын алаңдары көп. Бұл ыңғайлы. Бірақ балалар үшін ойын-сауық-аз. Көптеген нысандар ескірген, мұражайлар аз.

Өткен жылдың соңында біз Нұр-Сұлтанға көштік. Мұнда мен аз жүремін. Елордада ауа райы қатал, ағаштар аз.

Huang2.jpg

Екі баламызды да Алматыда тудым. Елшілік кеңес берген жеке клиниканың қызметтерін пайдаландық. Бірақ басқа клиникаларға сенбеймін. Сондай-ақ, Қазақстанда құжаттама жүйесі күрделі. Бір құжатты рәсімдеу үшін көп уақыт пен күш жұмсау керек.

Біз көптеген елдерде болдық,сондықтан жергілікті мәдениетті құрметтейміз. Тамақтан кәуап, лагман және палауды жақсы көреміз.

Жоспарлар жайлы


Менің жолдасым француз, көп уақыт бойы АҚШ-да тұрды. Сондықтан қайтадан сол жаққа көшу туралы ойланудамыз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу