facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
dubayda-y-aza-tar-yger-m-zharly-asymova-mansabyn-tastap-bas-a-elge-k-shu-ar-yly-m-r-n-zha-adan-basta-any-zhayynda
logo
Дубайдағы қазақтар. Әйгерім Жарлықасымова мансабын тастап, басқа елге көшу арқылы өмірін жаңадан бастағаны жайында

10.03.2019

Дубайдағы қазақтар. Әйгерім Жарлықасымова мансабын тастап, басқа елге көшу арқылы өмірін жаңадан бастағаны жайында

Әйгерім Жарлықасымова, 31 жаста, туған қаласы — Алматы, Finance Officer

IMG_0526.jpg


Алматы — Дубай


Мен Алматыда туып, өстім. Колледжді бухгалтерлік есеп және аудит факультеті бойынша қызыл дипломмен бітірдім және маған бірден бухгалтердің көмекшісі қызметін ұсынды.

Мен жұмыс істеп, университетке сырттай оқуға түстім. Шындығын айтқанда, мен мансап баспалдығы бойынша бухгалтердің көмекшісінен қаржы талдаушыға дейін үлкен жылдамдықпен көтерілдім. Мен холдингіміздің компаниясы тобындағы ең жас қаржы талдаушысы едім. Бұның барлығы құлшыныс пен жастық шақ максимализмінің арқасында болар.

Мен туған қаламды жақсы көремін және өз елінен кетуді қалайтын адамдардың қатарына жатпаймын. Бірақ маған жеке себептерім бойынша көшіп кетуге тура келді. Мен жаңа елде өз күшімді байқап көруді қаладым. Сегіз жыл бұрын туристік виза бойынша және ағылшын тілін білмей, Дубайға көшіп кеттім.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Дубайға алғаш рет саяхатшы ретінде келген кезде, мен тәнті болдым. «Мен осында неге тұра алмаймын?» деген ой келді. Оған қоса мен әрқашан қысы суық болмайтын елде тұрып көруді қаладым.

IMG_2703.JPG

Басында көп қиындықтар болды: тілдік кедергі, Дубайда жұмыс істеу тәжірибемнің жоқтығы. Бірақ менде жақсы жұмыс тауып, тұрғын үйді жалдап, ұлды көшіріп әкелу мақсаты болды. Араб Әмірлігіне көшіп келудің алдында жарты жылдай бұрын мен ағылшын тілін меңгеріп, жұмыс таптым.


Дубайдағы өмір жайында


БАӘ-дегі өмір мен Қазақстандағы өмірді салыстырғанда, осында барлығы адамдар үшін, олардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалады.

Бұның өзінде осында күтпеген кедергілер бар. Дубайда өмір сүру үшін, көп жұмыс істеу керек. Осында орын алатын шарттардың бірі – жергілікті ережелердің қаталдығы.

Дубайда өмір сүру үшін, көп жұмыс істеу керек

Мен Instagram желісінде өзімнің шағын айдарымды жүргізе бастадым. Жақын достарыма осы елде өмір сүрудің ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері, сонымен қатар адамдар арасында тараған мифтер жайында әңгімелеймін.

Дубай әрдайым таң қалдырады – қаланың құрылысы тоқтамастан күні-түні жүріп жатады. Осының бәрін тамашалап жүруді ғана үлгересің.

DDFD7034.JPG

Қазақстанда да осындай мінсіз инфрақұрылымның және қауіпсіздіктің орын алғанын қалаймын.


Жұмыс жайында


Дубайда ТМД елдерінен келгендер үшін жұмыс ретінде, негізінен, сауда орталықтарда кеңес беруші немесе мейрамханалар мен мейманханаларда қызмет көрсету қызметтерін ұсынады.

Мен тек мамандығыма сай келетін жұмыстарды қарастырдым. Бұл мен үшін маңызды еді, себебі мен біраз қиындықтардан өттім, Қазақстанда оқуымды өтеу үшін екі жерде жұмыс істедім.

Көшіп келгеннен кейін, барлығын жаңадан бастауға тура келді. Мен алдымен орыс компанияда бухгалтердің көмекшісі қызметіне орналастым. Бірақ сол жердің жалақысы төмен еді және мен талдаушы болуды қаладым.

Екі жыл өткеннен кейін, мен байқау арқылы Дубайдағы ең ірі компаниялардың біріне өттім

IMG_3238.JPG

Екі жыл өткеннен кейін, мен байқау арқылы Дубайдағы ең ірі компаниялардың біріне өттім. Бұның арқасында қазірде балам менімен бірге тұрып, британдық мектептердің бірінде оқып жатыр.


Қала қалай ықпал етті


Адамдар шекараларды өздері ойлап шығаратынын түсіндім. Ештеңеге қарамастан, адамға әрқашан қиындықтан шығу жолы мен таңдау беріледі.

Дубайдағы өмір құндылықтарға деген қатынасымды өзгерте алды. Мен көп саяхаттай бастадым, бүкіл әлемді аралап шығу арманы пайда болды. Мен әзірге 19 елді араладым, бірақ бәрі алда.

Мен өзімді көшпендімін деп санаймын және кез-келген жаста, кез-келген елде өмірді жаңадан бастауға болатынына сенемін.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы