facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
dubayda-y-aza-tar-rinat-nurgabylov-alaysha-satushy-zh-mysy-zheke-biznes-n-ashu-a-k-mektesken-turaly
logo
Дубайдағы қазақтар. Ринат Нургабылов қалайша сатушы жұмысы жеке бизнесін ашуға көмектескені туралы
Главный (каз)

25.08.2018

Дубайдағы қазақтар. Ринат Нургабылов қалайша сатушы жұмысы жеке бизнесін ашуға көмектескені туралы

Ринат Нургабылов, 29 жаста, туған жері — Алматы, QORP Enterprises компаниясында СЕО



Көшу туралы



22.jpeg


Дубайға 2010 жылы көшіп келдім. Студенттік жылдары Work and Travel бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барғым келді. Алайда анам менен барлық қалаған нәрсемді тек диплом алғаннан кейін жасайтыным жайлы уәде алды. Университет бітіргеннен кейін бірден шетелде жұмыс істеп, тәжірибе жинағым келетінін шештім. Барлығын қарап, қай жерде қандай табыс екенін анықтай бастадым. Өз таңдауымды Дубайда тоқтаттым. Шешімімді блогтар мен форумдардағы жазбаларға қарап қабылдадым. Жас болдым және бір күн ішінде «қытай» сөмкесімен басқа елге кетіп қалу—бұл менің ең бірінші қиын шешімім болды.

Ел жайлы ештеңе білмедім және ағылшынша да жақсы сөйлей алмадым. Тәуекелге бардым, ал келген кезде белсенді түрде жұмыс іздестіре бастадым.



Қиындықтар туралы



Мен үшін қиындық бұл тілдік кедергі болды. Бұған дейін ағылшын тілін мектепте оқыған бастапқы деңгейде білемін деп ойладым. Келген бетте қаншалықты қателескенімді түсіндім. Ешкімді түсінбей, ештеңе айта алмадым. Мұнда түрлі ұлт өкілдері тұрады және көптеген екпіндер бар. Бұл да қиындық туғызады.

Екінші қиындық — климатқа бейімделу. Жаз мезгілінде келдім, ыстық болғаны соншалықты мұндай ыстықта жүру мүмкін емес болды. Қиын болды, бірақ мен бейімделе алдым. Қазір ыстықта өзімді жақсы сезінемін.

8.jpeg

Үшінші қиындық — тұрғын үй. Дубайда үйлер өте қымбат. Келген кезімде ақшаны үнемдеу керек болды, сондықтан бір бөлмеде сегіз адаммен тұрдым. Бірге тұрған балалар менен үлкен болды және олар маған көмектесіп отыруға тырысты. Менің ағылшынымды жақсарту үшін менімен ағылшынша сөйлесті.



Адамдар мен қала туралы



Менталитет және этникалық тұрғыдан ерекшеленетін түрлі адамдарды кездестірдім. Адамдармен араласып, жаңа нәрселерді біліп, мәдениетті сіңіре бастадым. Дубай жақсы және жаман адамдарға толы. Алайда менің жолым болды, маған көптеген мейірімді және ықыласты адамдар кездесті. Дубайда нәсілдік кемсітушілік жоқ және адамдар бейбіт пен келісімде өмір сүреді.

5.jpeg

Дубайлықтар шетелдік қызметкерлерге жақсы қарайды. Оларға дамып, табыс тауып, жаңа нәрсе жасауға мүмкіндік береді.

Оларға дамып, табыс тауып, жаңа нәрсе жасауға мүмкіндік береді


Тұрмыстық жағынан Дубай Қазақстаннан әлдеқайда қымбат. Алайда, егер жалақыны салыстырсақ, бағалардың тек екендігі анықталады. Дубайда ең қымбат сатып алынатын нәрсе — тұрғын үй. Өмір ритмі алматылықтан өте қатты ерекшеленеді. Қала жедел дамиды, әрқашан түрлі шаралар ұйымдастырылып жатады және инфрақұрылым әрдайым өзгеріп отырады. Егер осыған ілесіп кетсең, қаламен бірге жедел дамуыңа болады.



Жұмыс туралы



4.jpeg

Ең бірінші жұмысым — дүкенде сатушы-кеңесші қызметі. Ірі компаниялардың бірі ағылшын брендінің франшизасын сатып алғандары мен үшін жақсы болды. Олар белсенді түрде жұмысшыларды жинады, мен де солардың қатарына қосылдым. Компанияның құрылған бірінші күндерінен бірге болдық, сондықтан жұмыс істеу қызықты болды. Біз Таяу Шығыс нарығында брендтің пионерлері болдық. Жұмыс қалыпты әрі қиын емес. Осы жұмыстың арқасында түрлі ұлт өкілдерінен достарым пайда болды. Бұл кейін менің мансабыма оң әсерін тигізген ең бірінші өнімді және жақсы тәжірибе. Біз компанияның ашылуынан бастап барлық бизнес үрдістерін көрдік: үлкен ұйымның жұмысын бақыладық, қоймаларға бардық, дүкендер аштық, жүйе мен бағдарламалық жасақтама арқылы жұмыс істеуді үйрендік. Онда екі жыл бойы жұмыс істеп, лауазымым жоғарылады. Әр филиалдың ашылуына байланысты Таяу Шығыс елдеріне жұмыс сапарына барып тұрдым. Осылайша Кувейт пен Бахрейнде болдым.

Бірінші жұмыс орным мені қатайтты. Ары қарай көліктермен айналыса бастадым. 2010-2011 жылдары Қазақстанда пайдаланылған көліктерге сұраныс өсті. Отандастарыма олар іздестіріп жүрген көліктерді табуға көмектесіп отырдым. Сол кезде жақсы ақша таптық, бұл нағыз алтын арқау болды. Кейін бір жыл Гонконгте тұрып, Дубайға қайтып келдім. Телекоммуникациялық компанияда, «Русские Эмираты» журналының редакциясындажұмыс істедім. Бұдан кейін таптырмас тәжірибе жинап, өз ісімді аштым.



Бизнесті құру туралы



Жеке ісімді ашу туралы идея журналда жұмыс істеп жүрген кезімде пайда болды. Көрмелерде түрлі компания өкілдерімен кездесіп отырдық, ол жерде B2B сегментіндегі электрондық коммерция мүлдем дамымағанын анықтадым. Жеткізушілерге өз өнімдері туралы тұтынушыларға айту қиын. Ал сатып алушыларға, өз кезегінде, дұрыс жеткізуші табу қиын. Осылайша коммуникацияны қалыптастыруға көмектесетін платформа құру идеясы келді. Біз B2B сегментінде электрондық сауда алаңын дамытамыз. Жұмыс тобымыз кішкентай және тату, әзірлеушілер мен веб-дизайнерлерден тұрады. Біз құрып жатқан алаң жеткізушілерге, өндірушілерге және олардың серіктестеріне клиенттерді табуға көмектеседі. Бұл сатушы пен сатып алушы арасындағы байланыстырушы көпір секілді.



Дубай не бергені туралы



Отаныңнан алыс жердегі өмір мінезіңді шыңдайды. Шетелде қызметкер болу — бұл бағалы тәжірибе. Бұл тек ой-өрісіңді кеңейту емес, жалпы дамуыңа байланысты.

Өзімнің шыдамдылығымды тексердім. Өзімді басқа елде қалай ұстайтынымды білдім. Мұндай өмірде мақсатты бола бастайсың. Тұрып жатқан жерің ықпал етпейтінін және Қазақстанда, Дубайда, Африкада болсын қай жерде дамудың айырмашылығы жоқ екенін түсінесің. Кез келген жағдайға бейімделіп, қиындықтарды көтере алуды үйрендім.

1.jpeg

Сонымен қатар, Дубайдағы өмір мені одан сайын патриот етті. Жақындастырыңды, отандастарыңды көрмейсің және сағына бастайсың. Елге деген көзқарас сырттай өзгереді. Көшу өзіңді сырттан бақылаудың жақсы мүмкіндігі. Мүмкін, көшпей бұған көз жеткізу қиын болар.

Қазақстанға жылына бір-екі рет келіп тұрамын. Барлығы жұмысбастылығыма байланысты. Алайда жақындарым маған жиі келіп тұрады. Жылдар бойы көрмеген достарыммен кейде осында кездесіп отырамын.

Алға қадам жасаудан қорықпау керек. Ерінбей еңбек етіп, барлығын сіңіру қажет, өйткені тәжірибе өте құнды және келешекте ол өміріңізге қажетті үлесін қосады. Сатушы немес даяршы жұмысы болса да, бұл маңызды емес. Бастысы — өз ойларыңнан қорықпау. Нельсон Мандела айтқандай: «Көптеген нәрселер оларды жасамағанға дейін мүмкін емес болып көрінеді».

Бастысы — өз ойларыңнан қорықпау


Жоспарлар туралы



Қазақстанға оралуды жоспарлап отырмын. Біздің елде жаңа әрі пайдалы нәрсе жасауға көмектесетін білімдермен келуді қалар едім. Алайда, жақын арадағы бірнеше жыл бойы жұмыс жобамды іске асырумен айналысамын. Ол әрдайым үйреніп, жаңа нәрсе ойлап тауып, оны жасауға мүмкіндік береді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Мінсіз сыныптар: неге кішкентай сынып оқушылары қарапайым сынып оқушыларына қарағанда табысты
Мінсіз сыныптар: неге кішкентай сынып оқушылары қарапайым сынып оқушыларына қарағанда табысты
Триатлон дегеніміз не және стартты қалай дұрыс таңдау керек — Салтанат Қазыбаеваның ұсыныстары
Триатлон дегеніміз не және стартты қалай дұрыс таңдау керек — Салтанат Қазыбаеваның ұсыныстары
«Астана Балет» театрының жетекші солистері өзінің мансабы, өмір салты және «Золушка» қойылымы туралы
«Астана Балет» театрының жетекші солистері өзінің мансабы, өмір салты және «Золушка» қойылымы туралы