facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
dubayda-y-aza-tar-araylym-zha-ypova-facebook-ar-yly-alay-zh-mys-tauyp-arab-m-rl-g-ne-k-sh-p-ketuge-bolatyny-zhayynda
logo
Дубайдағы қазақтар. Арайлым Жақыпова Facebook арқылы қалай жұмыс тауып, Араб Әмірлігіне көшіп кетуге болатыны жайында
Өмір сүру стилі

29.12.2018

Дубайдағы қазақтар. Арайлым Жақыпова Facebook арқылы қалай жұмыс тауып, Араб Әмірлігіне көшіп кетуге болатыны жайында


Арайлым Жақыпова, 31 жаста, туған қаласы – Алматы, жоғары білім саласындағы маркетинг

photo5467768662783011289.jpg

Алматы — Дубай


Мен жұмыс істеймін, екі ұл баланың анасымын, әйелмін, қызбын, әпкемін, құрбымын. Мен әлеуметтік тұрғыда белсенді болуға тырысамын.

Алғаш рет Араб Әмірлігіне 2012 жылы бал айы кезінде келгенмін. Саяхатшы ретінде маған сәні-салтанаты асқан Дубай қаласы ұнады. Шамамен екі жылдан кейін күйеуіміз екеуміздің алдымызда ортаны ауыстыру мәселесі тұрды. Біз мансабымыздың жоғарылауын және әрі қарай жетілуді қаладық. Біздің екеуміздің де қызметіміз жақсы болатын, жайлы тұрмыс үшін жеткілікті табыс табатынбыз. Бізде жеке баспанамыз бен көлігіміз болды. Бірақ бізге драйв, ынта жетіспеді, жұмысқа деген құштарлық болған жоқ.

Өзімнің және күйуімнің жекелей саяхаттары көп болды, бірақ біздің таңдауымыз бір жерден шықты. Мен оны бір парақ қағазға жазып қоюды ұйғардым. Мен Дубайда тұрып, жұмыс істегім келеді деп жаздым. Бұл жазу 2013 жылы тамыз айының соңында жасалған, ал қаңтар айының соңында мен сұхбаттасудың сол кезде шешуші екінші кезеңінен өткен болатынмын.

Желтоқсанның соңында біз күйуімізбен Дубайға келдік те, мен Дубайдағы Heriot-Watt беделді Британ университеті қабылдау комиссиясының орта дәрежедегі маман қызметіне кірістім.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Біз бір жасар баламызды менің анаммен қалдырдық, анам немере тәрбиесіне барынша ден қойды. Сол себепті менің басты ынтам және үлкен сағынышым анам мен балам болатын.

IMG_4809.JPG

Күйеуім БАӘ 30 күн мерзімі бар туристік виза бойынша келді. Оған тез арада жұмыс тауып алу қажет болды, себебі менің визам оған демеушілік көрсетуге мүмкіндік бермеді.

Жалдамалы пәтер, мәдениеті мен түсініктері мүлдем бейтаныс өкілдермен көрші болу, дәмдеуіш қоспаларының иісі, әртүрлі тілдерді сөйлеп жүрген адамдар – осының барлығы алғашқы күйзеліс еді. Мен осында келу үшін ғана төмен деңгейдегі жағдайларға келіскенімді түсіндім. Шынайы өмір мен саяхаттаудың арасында үлкен айырмашылық бар екенін де ұғындым.


Дубайдағы өмір жайында


Дубайдағы өмір, тіршілік әрекетінің уақыты негізінен мансапқа, бизнеске, жұмысқа, ойын-сауықтарға бағытталған. Достармен, туыстармен кездесу мүмкіндігі сирек туады. Нағыз достарды табу қиынға соғады, өйткені адамдар негізінен өзара тиімді ынтымақтастық себебінен араласады. Қазақстанда болса, керісінше, барлық нәрселердің негізінде – туысқандық қатынастар. Және де осы фактор туған еліңді сағынуға мәжбүр етеді.

IMG-20160228-WA0000.jpg

Араб Әмірлігіндегі адамдар, әсіресе, экспаттар тәртіпке дағдыланған. Себебі ережелер мен заңдар барлық инстанцияларда нақты түрде сақталады. Қазақстанда адамдар өздерін емін-еркін ұстайды, өкінішке орай, әрқашан оң қырынан емес.


Жұмыс жайында


Мен Дубайдағы бос орны бар жұмыс жайында Фейсбукте білдім, талаптармен танысып, түйіндемемді жібердім. Бірнеше күннен кейін маған тапсырмалары бар жауап келді. Оған дейін мен жұмысқа орналасу нұсқаларын агенттіктер арқылы қарастырғанмын, бірақ олар жұмыс түрлерін қызмет көрсету саласында ұсынған. Ал мен біліктілігміді жоғалтқым келмеді. Дегенмен мен өз білімім мен тәжірибеме аз уақыт кетірген жоқпын.

PUGX2580.jpg

Қазір мен Дубайдағы MENA College of Management университетінде маркетинг және корпоративтік байланыстар бөлім бастығының қызметін атқарамын. Сонымен қатар шетелдегі жоғары білім алу сұрақтары бойынша қызығушылық танытатын адамдарға кеңес беремін. Өйткені менде батыс университеттеріндегі түрлі жобалар аясында студенттер рекрументі бойынша Study World оқыту холдингісінде жинаған тәжірибем бар.

Маған Дубайдағы басшылықтың қатынасы ұнайды. Осында толықтай іс-әрекет еркіндігі ұсынылады, сонымен қатар өкілеттіктерді дұрыс табыстау, артық істелінген уақыт үшін қосымша ақы немесе бос демалыс беру де қарастырылған. Оған қоса қызметкерлердің мүмкіндіктерін байқап, оларды дамытуға назар аударылады.


Басқа елдегі өмір қалай ықпал етті


Адам жайлы жерінен алыстағанда, ол ертерек есейеді және де көптеген нәрселерге тиімділік, ыңғайлылық призмасы арқылы қарайды.

Басқа діл аясындағы өмір елімізде орын алатын визуалды жақтан гөрі оңтайлы жаққа бағытталған басымдықтарды орнатады.

Мен өз мүмкіндіктеріне орай менің барлық сұраныстарымды орындаған ата-анамның, әкемнің ерке қызы едім. Бірақ шетелдегі өмір мен жағдайлар сыртқы жайттарға тұрақты болуға, өздігімнен әрекет етуге үйретті.

Шетелдегі өмір отаншылдық сезімін және өз елің үшін мақтаныш сезімін оятады. Барлық қиындықтар жақындарым мен туыстарымның арқасында еңсерілді. Және олар үшін, ел үшін, жалпы адамзат үшін көп нәрсе жасағым келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.