facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
diyar-mahpirov-pen-zarina-krebaevany-otbasyly-s-fermerl-k-aula-fermerl-k-sharuashyly-y
logo
Дияр Махпиров пен Зарина Кребаеваның отбасылық ісі/ «Фермерлік аула» фермерлік шаруашылығы
Главный (каз)

09.08.2018

Дияр Махпиров пен Зарина Кребаеваның отбасылық ісі/ «Фермерлік аула» фермерлік шаруашылығы

Дияр Махпиров 37 жаста, туған жері — Алматы, фермер

Зарина Кребаева 31 жаста, туған жері — Алматы, экономист

Компания: «Фермерлік аула»

Қызмет саласы: фермерлік шаруашылық

Құрылған жылы: 2015


Барлығы қалай басталды



20180718-WED_2006.jpg

Дияр. 2014 жылдың соңында Еуропадан қайтып келдім. Ол жерде жолда келе жатқан кезде жол бойында ұсақ мал мен құс өсіретін, кішігірім, тиянақты ферма, шаруашылықтарды көруге болатынын байқадым. Әсіресе мұндай Голландияда жиі кездесті. Бұл менің ойымнан шықпады. Астанаға келіп, «Неге біз дәл осылай жасай алмаймыз? Біздің халық ірі нәрселерге үйренген, үлкен құс фабрикаларын салуға бейімделген, ал шағын фермалар жоқ».

Дәл сол уақытта менің кәсіби жағдайымда дағдарыс орын алып, қызмет саламды өзгерткім келді. Одан бұрын он жыл бойы мемлекеттік қызметкер болдым, шетелде елшілікте жұмыс істедім. Сол кезде Еуропадағыдай кшігірім ферма ашу идеясы келді. Бұл мен үшін де, мемлекеттің экономикасы үшін де пайдалы болды. Осы кезде елбасы жолдауларында кәсіпкерлікпен айналысу, отбасылық іс ашу туралы көп айтылатын.

Идеяның өзі 2014 жылы келді, 2015 жылы оны қағаз бетіне түсіре бастадым. Қаржыландыру мәселесі туындады. Сол кезде бізге 80 миллион сомасында қаржы қажет болды. Жаңадан құрылған заңды тұлғаға жайдан-жай үлкен сома берілмейді. Мен банкке жүгіндім, сонда «Даму», «Бизнес жол картасы 2020» қорларының мемлекеттік бағдарламалары жұмыс істей бастады және жаңа бастаған кәсіпкерге тек 20 миллион ғана берілетін. Мен, әрине, одан бас тартқан жоқпын, бірақ қалған 60 миллион соманы табу қажет болды. Сонда біз пәтерімізді сатуды шештік. Бұл дағдарысқа дейін болды, сондықтан оны сәтті, жақсы бағаға сата алдық.

20180718-WED_2021.jpg

2015 жылдың маусымында жұбайым екеуміз ферма құруды бастадық, ұзақ жүріп, жер іздедік. Кейін әкімшілік бізге Астанадан 55 шақырым жерде Шортанды ауылынан 2,8 гектар жер бөлді. Мұнда байланыс желілерін орнатып, жай ғана дала жерде ферма пайда болды. Құрылысты 2016 жылдың жазында аяқтадық.

Қазақстан нарығын зерттеп, біз көптеген құс фабрикалары мен шетелден әкелінетін құс еттері бар екенін анықтадық. Бірақ қаз бен үйректер болған жоқ. Сондықтан, қаз өсіруден бастадық. 4000 жұмыртқа сатып алып, одан 2700 қаз балапандарын шығардық. Жаңа жылға дейін бүкіл бірінші партия сатылды. Бірақ шығындар табысқа қарағанда көп болып шықты, сондықтан басқа жол іздей бастадық. Ары қарай үйрек көбейттік. 2017 жыл бойы үйректермен айналыстық. Бірақ, үйрек қаздардан өзгешеленетін ерекше құс болып шықты. Олар суды жақсы көреді, тамақ пен суды көбірек ішеді. Біз қызық тәжірибе алдық. Бірінші партия өскен кезде, шағын өтім нарығын таптық — қытай ас үйінің мейрамханалары. Бағаны белгілеген кезде біз нарықтағы бағаға бағдарландық. Ал нарықтағы баға шетелден әкелінетін құсқа байланысты болады. Ең қызықтысы, Қытайдан бізге арзан үйрек әкеледі. Мен бидай, арпа, жүгері қанша тұратынын және нәтижесінде азыққа қанша ақша жұмсалатынын білемін, бірақ әлі күнге дейін қытай үйрегінің бағасы неліктен мұндай екенін түсінбеймін.

2016 және 2017 жылдары тәжірибе жинадық, сол кезде түрлі оқытулардан өтіп, трендтерді бақыладық. Ары қарай тізімімізге тауықтарды қосып, бар назарды соларға аудардық. Шаруа қожалығында баға жағынан бәсекелі құспен нарыққа шығу мүмкін емес. Сол себепті біз баға жағынан бәсекелесе алмасақ та, сапасы жағынан жақсырақ болып, дәм және басқа да көрсеткіштерден ерекшеленуіміз керек деп шештік. Біздің міндетіміз Астана нарығына сапалы, экологиялық таза құс етін өткізу болды.

20180718-WED_1909.jpg

Ферманы жасай отырып, еуропалық техника ережелерін пайдаландық. Ғаламтордағы шетел веб-сайттарында фермерлер мен құс өсірушілерге көптеген оқу құралдары бар. Біз оның бәрін меңгеріп, еуропалық стандарттарға сай болуға тырысамыз.



Қағидалар мен дәстүрлер туралы



Дияр. Бізде барлық әлем фермаларында секілді тауықтардың қоңды балапан тұқымы бар. Бұл ең танымал тұқым, себебі аз уақыт ішінде тауықтар салмақ жағынан жақсы көрсеткіштер көрсетеді.

20180718-WED_1900.jpg

20180718-WED_1892.jpg

Біз құстарға ешқандай дәрі-дәрмек бермейміз, тек алғашқы өмір сүру күндерінде дәрумендер береміз. Бидай, жүгері, арпа және минералды қоспалармен қоректендіреміз. Азықтарды өзіміз дайындап, араластырамыз. Бұл азықтың құрамы жағынан қаншалықты сапалы екенін байқауға көмектеседі. Балапандарға кейде құрама жем аламыз, оларды біздің арнайы өтініштеріміз бойынша жасап, Көкшетаудан әкеледі. Қыста бидайды өзіміз өсіреміз, тауықтар онымен тамақтанады. Оның құрамында көптеген табиғи дәрумендер сақталады.

Зарина. Шетелде оқып жүріп, дүкенде еттің екі түрін сатып алуға болатынын көрген кезде таңғалдым: бейорганикалық — тез дайындалатын, ол арзанырақ тұрады және органикалық — баяу дайындалатын, ол үш есе қымбат тұрады. Тез дайындалатын еттің қаптамасында «7-10 минут қуыру керек» деп жазылып тұрды. Кейін мен ондай етке түрлі қоспалар қосылғанын түсіндім, сол себептен ол тез дайындалады.

Дияр. Біздің құстың өзіндік бағасы жоғары екенін ескеріп, адамдардың жоғары сатып алу қабілетіне ие дүкендерді іздей бастадық. Сарайшық көшесіндегі «Гастрономнан» бастадық, партияны жеткізіп, барлығы тез сатылды. Адамдар өнімнің дәмін көріп, дәмі мен сапасының артықшылығын байқап, бағасына да назар аудармады. Уақыт өте келе өнімді Galmart және «Мир вкуса» дүкендеріне өткізе бастадық.

Күлкілі жағдай болды: бір рет супермаркетте өнімді тексеріп жатқан кезде көз алдымда әйел күзетшіден «Фермерлік аула» тауығы қайда жатқанын көрсетуін талап етті. Бірдеңе болды деп ойлап қалдым, ал шын мәнінде ол бір рет біздің тауық етін сатып алып, немересіне дәл сол құс керек болғандықтан қайтып келгенін айтты.

Біз құсты қатырмаймыз, тек салқындатылған өнімді сатамыз. ГОСТ бойынша салқындатылған тауық етінің сақталу мерзімі төрт тәулік. Жақсы жағдайда біздің де тауық еті сонша күн сақталады. Сақталу мерзімін тауықты өңдеу кезінде жуатын арнайы химиялық құралдардың арқасында ұзартуға болады, бірақ бұны жасамаймыз, себебі бізге өнімнің экологиялығын сақтап қалу маңызды.

Тауық етін партиямен сақтамаймыз, белгілі бір тапсырыс алдында дайындап қоямыз. Дүкендерді аралап, қалдықтардың санын бақылап, сол күні қажетті санын сойып, салқындатып қоямыз, ал келесі күні олар дүкендерге жеткізіледі. Сондай-ақ, жеке тапсырыстарды да қабылдаймыз: сойып, салқындатып, таңертең құсты сатып алушыға жеткіземіз.

20180718-WED_1988.jpg

Зарина. Сойған кезде құс фабрикалары секілді тоқты пайдаланбай, пышақты пайдаланамыз. АҚШ-та барлығы дұрыс жасалатын стандарт бар. Біз де оны ұстануға тырысамыз.

Қаптаманы таңдау кезінде экологиялығына баса назар аудардық. Біздің жапсырма қайталама өңдеуден өткен, жерде ол он күн бойы ыдырайды.

Дияр. Қалаға жіберер алдын біз құсты ветеринарлық зертханаға тапсырып, құстың сау және пайдалануға жарамдылығы туралы қорытындыны аламыз. Сондай-ақ, біз Ұлттық сараптама орталығында антибиотиктерді анықтауға талдау жасадық, ол зерттеуде құстың құрамында химиялық қоспалар жоқ екені расталды.

Біздің экологиялық таза, органикалық құс етін өсіру идеямыз өз баламызға пайдалы тағам беруден басталды. Құсты немен тамақтандырып жатқанын білемін және нәтижесін де көріп отырмын, сондықтан ойланбастан бұл етті ұлыма бере аламын.

20180718-WED_1984.jpg

Зарина. Ұлымызда ағзаның тітіркенуі бар, сол себепті ол көп уақыт бойы ет пен құстан бас тартып отырды. Үйге өз өнімімізді алдық және ол тауық етін жей бастады. Өзім де дұрыс тамақтанып, баламды да бұған дағдыландырып отырмын.



Біздің жұмыс күндеріміз



20180718-WED_1974.jpg


Зарина. Күйеуiме Instagram жүргізуге көмектесемін, клиенттермен жұмыс жасаймын. Дияр фермамен айналысып, дүкендермен жұмыс жасайды. Ол таңертең кетіп, тек кешке қайтып келеді.

Дияр. Бізде 15 жұмысшымыз бар. Оған курьер мен құстарға қарап, соятын адамдар кіреді.



Біздің тәжірибе



Дияр. Отбасылық іс жұбайылардың ара қатынасына қалай әсерін тигізетіні отбасының өзіне байланысты. Менің жағдайымда әйел — бұл үлкен қолдау. Біз бір-бірімізді түсінеміз. Отбасылық бизнес бізді жақындатады.

Сапа бойынша ары қарай жұмыс жасаймыз, сатылатын өнімнің ассортиментін ұлғайтамыз. Мысыр тауығы мен күркетауықты қосқымыз келеді. Мүмкін, бөдене немесе бөдене жұмыртқаларын енгізіп көреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанның ең ірі және табысты интернет-компаниялары
Қазақстанның ең ірі және табысты интернет-компаниялары
Ғылым және бизнес. Дәукен Сейітқали ғылымды қажетсінетін табысты жобаны қалай жасау керектігі туралы
Ғылым және бизнес. Дәукен Сейітқали ғылымды қажетсінетін табысты жобаны қалай жасау керектігі туралы
Must visit Бали: @njvbbb пікірі бойынша ең жақсы 7 орын
Must visit Бали: @njvbbb пікірі бойынша ең жақсы 7 орын
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Рейтингі ең жоғары 5 Қазақстан сериалдары
Рейтингі ең жоғары 5 Қазақстан сериалдары