facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b8b/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/b8b038fd6dbfdd9b396cbf0aaa210b36.JPG
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
dinara-kabieva-lotoreyadan-green-card-typ-alyp-a-sh--a-k-shu-men-johnson-johnson-da-y-mansaby-zhayynda
logo
Динара Кабиева лотореядан Green Card ұтып алып, АҚШ-қа көшуі мен Johnson & Johnson-дағы мансабы жайында

05.07.2022

Динара Кабиева лотореядан Green Card ұтып алып, АҚШ-қа көшуі мен Johnson & Johnson-дағы мансабы жайында


Динара Кабиева лотереядан Green Card ұтып алғаннан кейін отбасымен бірге Құрама Штатқа қоныс аударған. Ол бізге шетелдегі өмірге бейімделуі мен Johnson & Johnson-дағы талдаушы позициясына қалай келгендігі жайлы айтып берді.


Динара Кабиева, 33 жаста, қаласы — Тампа, Johnson&Johnson компаниясының қаржылық аға талдаушысы, @dinara_murtazina


Динара Кабиева


Көшуі жайында


Біз отбасымызбен 2018 жылдың желтоқсан айында АҚШ-қа көштік. Green Card лотереясына қатысып, бірінші реттен ұтып алдық, сондықтан жаңа елде бағымызды сынап көруді жөн көрдік. Жолдасымның жалғыз інісі осында тұратындықтан, АҚШ-қа көшу оның бұрыннан бері арманы болатын.

Біз қазір Флорида штатының Тампа қаласында тұрамыз. Екі бала тәрбиелеп отырмыз: Тимур мен Амели. Қазір Johnson&Johnson компаниясында қаржылық аға талдаушы болып жұмыс істеймін.

Бейімделуі мен қиындықтары жайында


Менің есімде қалған ең айтулы бірақ онша жағымды емес сәттердің бірі-бұл көлік сатып алуымыз болды. Бұл процесс бір күнге созылды. Себебі тура базардағы сияқты, өзіңіз үшін ең жақсы шарттарды алу үшін саудаласасыз. Біздің автосалонда шамамен 12 сағатқа жуық уақытымыз кетті.

Бастапқы кезде америкалықтардың күлімдеп қарауы мен достық пейілі бірден көзге түседі. Мұнда сыртқы келбетіңіз бен сүйкімді балаларыңыздың бар екендігі туралы комплимент айтуға үйреніп кеткен.

Динара Кабиева

Біз алғашқы бір жарым жыл бойы өз тірлігімізбен болдық: тірлікті реттеу, қызымыздың дүниеге келуі, бала тәрбиесі және жұмыс іздеу. Орта табуға уақыт та, мүмкіншілік та болмады. Кейде жалғызсырап, қарым-қатынас жасауға қажеттілікті сезіндік.

Жергілікті ырғаққа еніп кету үшін жұмыс жасаңыз


Ал бірге уақыт өткізетін топты үш жылдан кейін таптық: мерекелерді, туған күндерді бірге тойлаймыз. Қазір өзімізді қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінеміз.

АҚШ-тағы денсаулық сақтау жүйесі күрделі. Сақтандыру нені қамтиды және нені қамтымайтынын, қай дәрігерлер «жүйеде» бар, ал қайсысы жоқ екенін дұрыстап қарап біліп алу керек. Әйтпесе, қомақты сомада шот алуыңыз мүмкін. Біз әлі күнге дейін дәрігерге бармас бұрын немесе жедел жәрдем шақырмас бұрын, алдымен медициналық көмекке жүгіну керек пе әлде сәл шыдаған дұрыс па деп ойлаймыз. Сондықтан өз құқықтарыңызды біліп, жүйенің қалай жұмыс істейтінін бірден түсініп алғаныңыз жөн.

Жергілікті ырғаққа еніп кету үшін жұмыс жасаңыз. Жүйені айналып өтуге тырыспаңыз — АҚШ-та бұл іске аспайды. Кейде бұл жерде бәрі қағазғақатал қарайтындығы, бюрократияның көптігі ашуландырады, бірақ осы нәрсе қоғамды ұйымдастырады.

Дамуы мен мансабы жайында


Америкаға қоныс аудармай тұрып Қазақстанда «Үлкен төрттікте» «Инвестициялар және капитал нарығы» бөлімінде аға кеңесші болып жұмыс істедім. Ал пандемия өршіп тұрған кезде АҚШ-қа келіп жұмыс іздей бастадым.

Белсенді түрде жұмыс іздеу кезеңім шамамен үш айға созылды. Тәжірибемнің керегі болмай қала ма, тілді білу деңгейім жетпейді ме дегендей қорқыныштар болды. Оған қоса үш жыл декреттік демалыста отырғаным сенімсіздігімді одан сайын арттырды. Дегенмен де менде өз-өзіме күмәндану үшін ешқандай алғышарттар болмады, себебі менде: «Үлкен Төрттікте» бес жыл істеген жұмыс тәжірибем, Ұлыбританиядан оқыған магистр дәрежем мен ACCA және CFA сертификаттарым болды.

Динара Кабиева

Алғашқы уақытта бұрынғы тәжірибеңді қоса отырып түйіндемені қалай дұрыс құру керек, жұмысты қандай платформалардан іздейді, интервьюға қалай дайындалу керектігін үйрену алу керек деп кеңес беремін. Өз күшіне сену де маңызды рөл атқарады. Қажет болса, ағылшын тілін білу деңгейіңізді көтеріңіз. Мүмкін болса, бәрін орын - орнына қойып реттеп беретін мансап бойынша коуч тауып, соның қызметіне жүгінсеңіз де болады.

Солай, 2020 жылы Тампада орналасқан жеке медициналық компаниядан жұмысқа шақырту алып, сол жерде қаржылық талдаушы ретінде жұмысқа орналастым. Осы компанияда бір жылға жуық жұмыс істегеннен кейін АҚШ-та да тура сол өзіміз сияқты адамдар жұмыс істейтінін түсінгеннен кейін қайтадан корпоративтік ортаға оралуды шештім. Бір ай іздегеннен кейін интервьюдің үш кезеңінен де сәтті өтіп, Johnson & Johnson-ға қабылдандым.

Мен қаржы және есеп бойынша тәлімгер болып істеймін. Маған J&J-дегі корпоративтік мәдениет ұнайды. Америкалықтар өте еңбекқор, бірақ олар жұмыс пен жеке өмірге бөлетін уақытын нақты айыра біледі. Әдетте кешкі сағат бесте кеңсе іші бос қалады. Мұнда email-ды түнде, таңертең ерте немесе демалыс күндері жібергенді жақтырмайды, себебі бұл хат алушы екінші жақ үшін күйзеліс тудыруы мүмкін.

Мен халықаралық командада жұмыс істеймін. Менің Еуропа, Азия, Латын Америкасынан әріптестерім бар. Бізде уақыт белдеулері әртүрлі болғандықтан кейде жиналыстарға таңғы жетіден бастап қатысуға тура келеді. Бірақ бұл маған қиын емес, себебі осы күндері жұмысты ертерек аяқтауға мүмкіндігі бар. Басшылыққа сен сегіз сағатыңды жұмыста өткіздің бе жоқ па, ол маңызды емес, бастысы — тапсырмалардың сапалы орындалуы.

Көшу қалай әсер етті


Динара Кабиева

АҚШ-тағы адамдар қартайғанын бізге қарағанда әлдеқайда кеш сезінеді. Біз бірде круизге бардық, сонда көптеген жасы келген жұптарды көрдік. Олар қол ұстасып кемеде қыдырады, кафеге отырады, казино ойнайды. Бақытты екендіктері жүздерінен көрініп тұрады. Оларға қарап күйеуім екеуміз де бақытты болуды, өмірден ләззат алуды үйренудеміз.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.