facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
dimash-turaly-stazdary-men-dostaryny-p-k-r-anday
logo
Димаш туралы ұстаздары мен достарының пікірі қандай

14.09.2019

Димаш туралы ұстаздары мен достарының пікірі қандай

Тұрсын Төремұратова


Димашпен біз 2009 жылдың жазында туған өлкеміз Ақтөбе қаласында бродвейлік бес мюзиклдің үзіндісінен қойылым қоятын кезде таныстық. Бізге АҚШ-тан ұжымымен бірген бродвейлік хореограф Льюис Уитлок келген болатын. Кастинг және тыңдалым өтті, кейін екі апта көлемінде таң атқаннан кеш батқанша ән айттық, би биледік, тәжірибе алмастық. Соңына келе сахналық образдарымызды анықтаған кезде Димаш екеумізді басты рөлге таңдап алды. Қойылым барысындағы үзіліс кездерінде көптеген қызықты сәттерді бастан өткердік. Осы шығармашылық байланыс арқылы іс-шараға қатысушылардың баршамасымен жақын араласып кеттік.

1.jpg

Димаш тұйық, жомарт және қызық адам. Онымен бірге әрқашан көңілді қалыпта сағаттап сөйлесуге болады. Ол талантты, өзін дамытып, жақсы нәтиже көрсеткенді ұнатады.

Димашпен өткен бір қызықты оқиға есімде. Бірде жаздың күні Ақтөбеде Димашпен саябақта кездейсоқ кездесіп қалдық. Мен оны соңғы рет көргеннен кейін бойы өсіпті. Көк костюмнен ұзын бойы анық байқалып тұрды. Ол жаңадан ашылған саябақта серуендеп жүр екен. Бір-бірімізді көргенімізге аса қатты қуандық. Сол кеште біз түн ортасы ауғанша қыдырып, сыр шерттік. Қалай болғанын қайдам, мен оны үйіне дейін шығарып салыппын. Бұл қызықты болды. Сол кездің өзінде ол Ақтөбеде және Қазақстанда да танылып үлгергентұғын. Маған Димаштай жұлдыздың жанында жүру көңіліме жылылық сыйлады.


Гүлнұр Жақсылықова


Димашпен танысқанымызға ұзақ уақыт болды. Ойланып қарасам, онымен танысқан 2005 жылы біз «Абай өлеңдері» байқауына бірге қатысыппыз. Кейінірек, бір колледжге түсіппіз. Ол менен екі курс төмен оқыды, Ақтөбеде өткен бірыңғай концерттер мен мәдение іс-шараларға қатыстық. Оға қоса, Астанадағы өнер университетінде де бірге оқыдық. Димаш қарапайым әрі тәрбиелі бала, ол өз ісінің нағыз жанкүйері. Мен оны осы қалпында 2005 жылдан бері танимын.

2.jpg

Колледжде Димашпен бірге оқығанымызда ол «Жас қанат» байқауынан Бас жүлде алып келді. Оны құттықтау үшін бәріміз жиналып, таңға дейін күттік. Ол түк болмағандай жылы күліп, қолына «Алтын қанат» статуэткасын ұстап кіріп келді. Біз оны құттықтауға тұра ұмтылдық. Жергілікті телеарнаның журналистері одан сұқбат алуға келді. Сол кезде оны құттықтау үшін кезекке тұрғандардың легі әлі есімде. Димаш ұяң, бірақ, ешқашан назардан қашқан емес. Ол әрдайым жүзінде әрдайым жарқын күлкі бар. Оған әлі де әлемдік сахнада көп жеңіске жетуін тілеймін!


Нұрсұлтан Жетпісбаев


3.jpg


Димашпен Ақтөбедегі музыкалық колледже оқып жүргенде таныстық. Сол кезде Димаш музыкалық студияға жиі баратын, сонда танысуымызбен достасуымыз сол кездерден тасталды. Димаш екеуміздің қызықты оқиғаларымыз өте көп. Тіптен, айтып тауысу мүмкін емес. Димаштың барлық бастамаларына сәттілік пен жеңіс тілегім келеді. Оған және жақындарына денсаулық тілеймін!


Марат Әйтімов


Димашты алты жасынан білемін. Оған қоса, ата-анасымен де таныспыз. А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжде оған сабақ бергенмін. Онда ол «Жеке академиялық ән салу» мамандығы бойынша төрт жыл білім алды. Әртіске тән қасиеттің барлығы Димашта бар. Мәселен, ол еңбекқор, талантты, мақсатқа ұмтылғыш, харизмасы мен амбициясы мол.

5.jpg

Димаш көптің бірі емес, ерекше. Сырттан қараған адамға ол тым мінсіз және тұйық болып көрінуі мүмкін, бірақ, шын мәнінде болмысы қызық тұлға. Тіпті, колледж қабырғасында жүріп-ақғ ол нені қалайтынын білді. Алдына мақсат қойып, қиындықтарға қарамастан алға қарай талпынды. Димаш секілді шәкіртіммен мақтанамын, оған шығармашылық табыстар тілеймін!


Суреттің дереккөзі: ok.ru



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстандық танымал 10 тиктокер
Қазақстандық танымал 10 тиктокер
Ата-анаңызбен бірге көруге болатын 20 фильм
Ата-анаңызбен бірге көруге болатын 20 фильм
10 танымал қазақ фильмдері мен телесериалдары
10 танымал қазақ фильмдері мен телесериалдары
Қазақстанның ең әдемі 10 актрисасы
Қазақстанның ең әдемі 10 актрисасы
2024 жылы қалай киіну керек: негізгі сән трендтері
2024 жылы қалай киіну керек: негізгі сән трендтері