Дилара Бейсикенова, 29 жаста, қаласы — Даллас, JPMorgan Chase компаниясында бас аналитик және жоба әзірлеуші, @magnolia_gardens1
Қоныс аударуы туралы
Тәтем мені 16 жасымда Нью-Йоркке шақырды. Анамның билетке ақшаны қалай жинағанын білмеймін, бірақ мен АҚШ-қа ақшасыз, тек амбициямен келдім.
КазГЮУ-ді оқып бітіргесін мен қайтадан Нью-Йоркке көшіп келдім. Бұл жақта менің достарым бар еді. Мен Барух колледжіне түстім. Оқып жүргенімде екі-үш жерде қатар жұмыс істедім. Өмір жолымда талай тамаша жандарды кездестірдім.
Мен қоғамдық колледжге оқуға түсуді, ал кейінірек қаласаңыз, жеке университетке ауысуды ұсынамын. Менің көптеген таныстарым NYU университетінде, Columbia University университетінде білім алды. Бірақ мен кәдімгі колледжде оқыдым, бірақ оқуымның ақшасын жұмыс істеп жүріп өзім төледім.
Жаңа өмірге бейімделу және қиындықтар туралы
Мен ұзақ уақыт бойы Манхэттеннің орталығында, тәтеммен бірге тұрдым, кейінірек Челсидегі қыздар жатақханасында, одан соң Нью-Джерсиде құрбыммен бірге тұрдым. Тәтем мені жұмысқа шабыттандыратын, тіпті таңертең ұзақ ұйықтап қалсам, ұрысатын.
АҚШ-қа көшу кезіндегі негізгі қиындықтар: туыстардан алыс болатының, салықтардың көп болуы, жұмыста да, университетте де – үлкен жобалар мен күрделі міндеттер. АҚШ – еңбекқор адамдардың елі. Тіпті жапондықтардың өздері АҚШ-тағы жұмыс мәдениетіне таңғалады. Колледжде оқып жүргенімде аптасына жеті күн демалыссыз жұмыс істедім.
Егер сіз жақында ғана көшіп келген болсаңыз, алдымен достар табуды, бірнеше жоба бойынша ақша табуды және түрлі үйірмелерге қатысудан қорықпауды ұсынамын.
Даму және мансап туралы
АҚШ мектептерінде құр жаттата беру атымен жоқ, сондықтан үй тапсырмалары да аз. Мен үшін бұл әдеттен тыс көрінетін. Балаларды таңдауға, молшылыққа және еркін ойлауға әрі шығармашыл болуға үйретеді. Еңбек пен табысты құрметтейді. Қаржы университеттерінде оқытудың 80%-ы ынтымақтастық, көшбасшылық және коммуникация дағдылары болса, 20%-ы ғана нақты ғылымдар. Қалғанының бәрі тәжірибеде шыңдалады.
Сондықтан АҚШ-та табысқа жету үшін ағылшын тілін білуіңіз және дамыған коммуникативті дағдылардың болуы қажет. Мен аналитиктерге SQL-ді, ал жаңадан бастаған жоба әзірлеушілерге Java script бағдарламалау тілдерін білуге кеңес беремін. Сондай-ақ портфолио мен case studies, online presence құруды және үнемі жаттығуды ұсынамын. Шеберлік – табанды еңбектің жемісі.
Менің тәжірибем армандар мен мансап жолындағы амбициялардың басқа елде де орындалатынын дәлелдеп берді
JP Morgan Chase-те мен мансап жолымды көшбасшылық бағдарламасына қатысудан бастадым. Мұндай бағдарламалар ірі компанияларда болады. Олар жас мамандарға бөлімдердің бірінде тәжірибеден өтіп, жедел оқуға көмектеседі. Аз уақыт ішінде сіз бірнеше ротациядан өтіп, түрлі бөлімде жұмыс жасайсыз, ал содан кейін барып басшы бола аласыз. Алғашында тәуекелдерді басқару бағытында жұмыс істедім, бірақ кейін цифрландыру бөліміне ауысып, әзірлеу және дизайнмен айналыстым.
Біз түрлі штаттарға оқуға бардық, тәжірибе жинақтадық. Нәтижесінде мен Chase app қолданбасының дизайнын жасадым және Диснеймен бірлесіп жұмыс істедім. Жеке үй сатып алушыларға арналған бағдарламаны құруға үлесімді қостым. Корпоративтік рухты көтеру мақсатында компанияда іс-шараларды жоспарлаумен айналыстым.
Қоныс аудару қалай әсер етті
Шетелде тұрып жатқан кезде өз мәдениетіңіз бен тіліңізді көбірек бағалай бастайсыз. Қазір мен адамдарға туға жерден кетпей, бизнес құрып, тұлға болып қалыптасуға кеңес берер едім.
Жоспарымда Қазақстанға оралу бар. Мен АҚШ-та көп тәжірибе алдым, көп нәрсені үйрендім. Енді мен өз елімнің дамуына үлес қосқым келеді.