Даша Бублик, 35 жаста, туған қаласы — Алматы, MEGA СОСО желісінің коммуникациялар департаментінің директоры
Менің бастығым Сейтжан Есмағамбетов айтпақшы, MEGA Silk Way бұл — MEGA желісінің он жылда жинақтаған барлық тәжірбиесінің квинтэссенциясы, яғни нағыз мазмұны. Біз бұрынғы қателер мен жетіспеушіліктерді ескеріп, бәрін мінсіз жасауға тырыстық.
СОСО – н бүкіл әлемге танымал британдық Chapman Taylor компаниясы жобалады, ал салған Ресейден келген серіктесіміз Renaissance Construction болатын.
СОСО ұзындығы — 500 метр, ауданы — 140 000 шаршы метр, атриумның ең жоғары нүктесіндегі биіктігі 8 қабатты ғимаратпен теңеседі — 25 метр.
Мұнда бір жарым миллион метр куб жарық пен ауа бар, яғни бос кеңістіктің көп екендігі қуантады. MEGA СОСО желісі басынан бастап осыны — адамдарға кең әрі жайлы болуы үшін барлығын жасауды, және Астананың климатын ескере отырып, уақытты қолайлы өткізуге болатындай жағдай жасауды мақсат тұтқан еді.

Біздің СОСО – мызға айына 1 000 000 жуық адам келеді деп жоспарлануда
СОСО екі қабаттан тұрады. Бұл заманауи тренд. Қазақстандықтар өте жоғары көтерілгенді ұнатпайды. СОСО адамдардың қыдырып жүріп, оны бұрылыста не күтетінін білмейтіндей жобаланған. Сондай-ақ, мұнда басты кіру есігі жоқ, келушіге кез келген жағынан кіруге мүмкіндік беретін тоғыз есік бар.
Бірінші қабатта жүргенде екінші қабаттағы ұзындығы жеті жарым метрлік дүкен сөрелерін көресің. Британдық сауда кешендері осылай істейді, келуші бірінші қабатта жүріп-ақ, екінші қабатқа көтерілу қызық па, соны түсінеді.
Жаңа MEGA – да дәстүрлі бағалар болады.
Арт-нысандар
Бұл СОСО – ның жалпы ерекшелігі — мәдени нысандарының көптігі. СОСО – да саяхат, Жібек жолы мен оның жарқын аялдамалары тақырыбын ашатын арт-нысандар бар.
Бірінші қабатта Нұрлан Далбай бастаған мүсіншілер тобы жасаған «Тұлпар» арт-нысаны қойылған. Ол ұшақ жасауда қолданылатын полиэфирлі шайырдан жасалған. Бұл нысан дала мен еркіндікті бейнелейді.
Екінші қабаттан велосипедші мен велосипедтегі әйелді көруге болады. Бұл екі арт-нысан қозғалыс пен уақыттың бейнесі іспеттес: бір жағынан заманауи өте сәнқой велосипедші, ал екінші жағынан — ретро стиліндегі әйел.
Тағы бір арт-нысан «Джирабльмен ел кезуші» деп аталады, оны арнайы Mega Silk Way үшін Голливудқа арналған реквизиттерді дайындайтын британдық компания жасаған.

«Арқан бойымен жүретін әртіс» — мұнда маятник эффектісі қолданылған, осының есебінен арқан бойымен жүретін әртістің массивті пішіні кішкентай қыз ұстап тұрған жұқа арқанда тұрады.
Теңіз мекендеушілері және құстар
СОСО – дағы ағаштарды голландық бағбан ата 14 жыл бойы өсірген
Егер мұқият қараса, бір атриумда жануарлар, ал басқасында — дельфиндер, ал келесісінде — құстардың бейнеленгені көрінеді.
Бұл атриумнан коралл пішініндегі аспашамды көруге болады. Сондай-ақ, бұл тақырыпты теңіз суында тұрған үш балық пен медузалары бар үш аквариум айшықтай түседі. Бұл медузалар Гонконгте осылай қою үшін арнайы шығарылған. Қазір олар әлі кішкентай, бірақ медузалар тез өседі, сондықтан олар екі-үш айда үлкейеді. Осы MEGA – ға біз сирек балық, «теңіз арыстанын» әкелдік.
Торда тірі құстар мекендейтін болады: амадиндер, какаду мен корелдер. Бұл құстар да қолға үйретілген және СОСО – да өмір сүре алады.
Қоғамдық кеңістік
Жаңа MEGA – да демалуға арналған бұрыштар көп. Біздің компаниямыз үшін әр қонақ пен олардың көңіл-күйі маңызды. Қазір СОСО бұл — тек шопинг ғана емес, білім алатын, салауатты өмір салтының, ойын-сауық пен жаңа адамдармен араласу орны.
Біз саналы түрде адамдарға арналған кеңістікті көп етіп жасадық, сауда орталығының табиғи жарығы мол және ауасы кең
Қала алаңында бутиктер орналастырылмаған 5300 шаршы метрге жуық бос кеңістік бар. Қыста мұз айдыны, ал басқа мезгілдерде қазіргідей көрмелер сияқты шаралар өткізіледі.
Бутиктер туралы
MEGA Silk way – де MEGA желісіне арналған дәстүрлі брендтер тізбегі қойылған.
Жалпы алғанда 204 бутигіміз бар
Мұнда Inditex компаниясының брендтері қойылған: Zara, Zara Home, Bershka, және Алматыда жоқ жаңа бренд бар, ол Uterque деп аталады.
H&M — Қазақстанда асыға күтілетін бренд. Бутиктің көлемі алматылық бутикпен бірдей болады.
Marwin бізде үй кітапханасы форматында құрылған.
«Рамстор» соңғы стандарттармен жасалған, оның едені де мәрмәрдан дайындалған. Бірақ азық-түлік тізбегі бұл дүкенге арналған дәстүрлі болып табылады.
Мейрамханалар туралы



Бірінші қабатта мейрамханалар галереясы орналасқан. Қазір «Пинта» бары, Korean House мейрамханасы және Coffee boom кофеханасы жұмыс істеп тұр. Rumi, Ocean basket, Yakitoriya, Starbucks – тің екі кофеханасы ашылады деп күтілуде.
Ал екінші қабатта американдық, қытайлық фаст-фуд пен балмұздақ аралдарынан тұратын классикалық фуд-корт бар. «Избушка», «Алые паруса», Hardee's және Tasty Hod Dog өз жұмыстарын бастап кетті.
Жақында KFC, McDonald's, «Чир Chic» өзбек асханасының мейрамханасы ашылады деп жоспарлануда.
Ерекше не бар
Miniso жапон дүкендері желісі өзінің барлық тауарларының төмен бағасымен танымал.
Dipndip мейрамханасы бұл — шоколад десерттерімен әйгілі әлемдік франшиза.
Evrikum бұл — жаңа нәрселерді үйренуге болатын ғажайыптар паркі
Паркте 3D-суреттері бар IQ-аймақ, физикалық және химиялық заңдарды көрсететін 30-35 экспонат, Эймс бөлмесі, глицерин зеңбірегі, шеге қағылған орындықтар мен тағы сол сияқты көптеген нәрселер бар.
Аумағы 6000 шаршы метрді құрайтын үлкен Happylon. Классикалық аттракциондардан басқа мұнда энергия түрлерін қарауға болатын станциясы бар балаларға арналған «Жаңа мамандықтар әлемі» бар.
Happylon – да дельфиндерді әкелуді жоспарлап отырған теңіз жануарлары саябағы болады
Дельфиндерге арналған хауыздың тереңдігі 5 метр, ені — 25 метр, теңіз мысықтарына арналған бөлек хауыз бар. Бұл дельфиндер еркіндікте өмір сүре алмайды, себебі дельфиндер екінші-үшінші ұрпақтан бері қолда өсірілген.
Mini city — өте кішкентай балаларға арналған батуттар мен дамыту ойындары бар жоба.
Chaplin кинотеатрына астаналықтар барып үлгерді, және оларды қатарлардың жанындағы орынның өз орныңа жайбарақат баруға мүмкіндік беретіні жайлы пікірлері қуантады. Кіре берісте өз бетінше билет алып, кезекке тұрмауға болатын автоматтар тұр. Кинотеатрда он жалпы зал мен бір бөлек лаундж-аймағы бар VIP залы бар.
Сондай-ақ, мұнда 344 көрермен сыятын, ең үлкен экраны бар бас қаладағы ең үлкен зал бар
Орташа алғанда барлық залдарға 150 — 200 адам сыяды.
Kango бұл — заманауи батут паркі. Паркті аралап шығуға бір сағатқа жуық уақыт кетеді. Мұнда екі-төрт жасар балалармен келуге болады және ересектерге де жақсылап сергіп алуға болатын жабдықтар бар.
Сонымен қатар СОСО аумағында Hyundai электрокарлары тұр. Оларға отырып, артықшылықтарын үйреніп, жақынырақ танысуға болады.