facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/9bd/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/9bd7c6119e9d2658cb08e76ac22a617c.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
darhan-zholm-hanov-shveycariyada-y-m-rd-erekshel-kter-men-cyurihte-google-ke-ses-ndeg-zh-mys-turaly
logo
Дархан Жолмұханов Швейцариядағы өмірдің ерекшеліктері мен Цюрихте Google кеңсесіндегі жұмыс туралы

17.10.2022

Дархан Жолмұханов Швейцариядағы өмірдің ерекшеліктері мен Цюрихте Google кеңсесіндегі жұмыс туралы

Дархан Цюрихте Google кеңсесіндегі жұмыс істейді. Ол бізге Швейцариядағы өмірдің ерекшеліктері мен жұмысы туралы айтып берді.


Дархан Жолмұханов, Цюрих қаласы, Software engineer, Google, @darkhanzhol

Дархан Жолмұханов Швейцариядағы өмірдің ерекшеліктері мен Цюрихте Google кеңсесіндегі жұмыс туралы

Қоныс аудару туралы

Мен Швейцарияда, Цюрих қаласында тұрамын. Google компаниясында software engineer болып жұмыс істеймін. Google Lens жобасында Android негізінде жобалар әзірлеумен айналысамын.

Жұмыс бабымен 2020 жылдың қазан айында Швейцарияға қоныс аудардым. Мен бақыттымын, себебі барлық іріктеу кезеңдерінен сәтті өткеннен кейін Google рекрутері маған елді, жобаны және команданы өз бетімше таңдауды ұсынды. Мен Батыс Еуропа елдерін қарастырдым, бірақ Швейцарияны таңдадым.

Дәл осы Цюрихте Еуропадағы Google компаниясының ең үлкен кеңсесі орналасқан.Сонымен қатар, көрші елдермен салыстырғанда жалақысы жоғары және өмір сұру деңгейі жоғары.

Бейімделу және уақытша қиындықтар туралы

Ең айқын қиындық — Қазақстанмен салыстырғанда өмір сұру деңгейінің қымбаттығы. Егер сізге жалақысы жоғары жұмыс ұсынылған болса, осында көшу керек. Бастапқада азын-аулақ қаражат болған жөн.

Тұрғын үй жалдау қымбат. Егер сіз Цюрих немесе Женева сияқты үлкен қалада жұмыс жасасаңыз, көрші қалалардан пәтер іздеуге кеңес беремін. Құнның айырмашылығы 1,5-2 есе. Сондай-ақ, таңдаған ауданыңызда қоғамдық көліктің қолжетімділігін қарастыру керек. Бірақ тұтастай алғанда, елдегі инфрақұрылым жақсы дамыған.

Швейцарияда ай сайын төленетін барлық отбасы мүшелеріне міндетті медициналық сақтандыру бар. Құны әртүрлі, бірақ ай сайынғы төлем неғұрлым аз болса, көрсетілетін қызметтерде аз болмақ. Менің барлық таныстарым Қазақстанда емделуді жөн көреді.

Шыдамды болыңыз, шапшаң қимылдаңыз, өзіңізді сата біліңіз

Мен үшін аса қиындық тудырғаны — ұзақ мерзімге пәтер жалдау. Пәтер жалдауға сұраныс өте жоғары, бір пәтерге 10 адамнан келеді. Пәтер табуға менің бір ай уақытым кетті. Шыдамды болыңыз, шапшаң қимылдаңыз, өзіңізді сата біліңіз.

Ең қуантатыны компания алғашқы жалақысы тұрғын үйді іздеуге, жалдауға кеткен қаржылық шығындарды өтеп берді.

Швейцария ерекше әдемі табиғатты жер. Пейзаждары бір суреттен шыққандай. Мен сізге кем дегенде бір рет осы елге қыдырып келуге кеңес бере едім.

Адамдар үйлерінің балкондарын гүлдер мен әр түрлі түстермен безендіреді, әсемдейді. Бұл елде сіз, тыныштық пен қауіпсіздікті сезінесіз.

Пойыздар елдің түкпір-түкпіріне барады. Көлік желісі орталық аймақтарда да, шалғай ауылдарда да бірдей дамыған.

Көлік жүргізу мәдениеті де ерекше. Жолдарда сіз ашуланшақ жүргізушілерді сирек кездестіресіз. Көліктер бір-біріне жол беріп, бірінші болып жаяу жүргіншіге жол беруі тиіс.

Егер сіз осында көшетін болсаңыз, сізге бейімделуге көмектесетін жергілікті тұрғынмен дос болу керек. Маған бірінші рет Airbnb хосты көмектесті. Әр түрлі жергілікті ағылшын, орыс тілді форумдар бар, онда сіз әртүрлі сұрақтарға жауап таба аласыз.

Даму және мансап туралы

Мұнда көшкенге дейін мен, бес жыл бойы екі қазақстандық компанияда Java және NET-те back-and-әзірлеуші болып жұмыс істедім. Досым Google-ге түйіндеме жіберуді ұсынған кезде, менде техникалық сұхбатқа дайындалу үшін үш апта уақыт болды. Үлкен технологиялық компанияларда FAANG сұхбатында алгоритмдерге тапсырмалар береді. Содан кейін маған ағылшын тілін білу және алгоритмдер мен деректер құрылымдарына қызығушылығым көмектесті. Мен сұхбаттың барлық кезеңдерінен өттім және оффер ұсынылды.

Үлкен технологиялық компанияларда FAANG сұхбатында алгоритмдерге тапсырмалар береді

Әзірлеушіге жұмыс табуды жеңілдету үшін келесі аспектілер маңызды:

— бейіндік саладағы және бағдарламалаудағы білім: ОПП негіздері, дизайн үлгілері, көп ағынды, код тазалығы. Мысалы, егер Сіз Android әзірлеушісі болсаңыз, қосымшаның қандай компоненттерден жасалғанын, қандай парадигмалар, құрылымдар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, профайлингті қалай жасау керектігін және жүйенің жұмысын өлшеуді білуіңіз керек

— бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу: бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуді білу керек және SDLC-тің барлық кезеңдерін түсіну керек. Әзірлеу әдістемелерін білу, техникалық құжаттаманы жаза білу, жүйені және жүйеде бар нәрсені сынау.

— икемді дағдылар: командада жұмыс істей білу, салауатты мәдениет пен этиканы сақтау, техникалық емес мәселелерді шешу

— негізгі алгоритмдер мен мәліметтер құрылымын түсіну және жазу, жад жылдамдығы мен тұтынудың негізгі талдауын жасау

— ағылшын тілін еркін білу — әрбір IT-маманына керек нәрсе.

Дархан Жолмұханов Швейцариядағы өмірдің ерекшеліктері мен Цюрихте Google кеңсесіндегі жұмыс туралы

Google-де әр қызметкердің әл-ауқаты бірінші орында. Жұмыс кезінде бірнеше сағат немесе бір күн демалу керек. Нақты кесте жоқ, компания қызметкердің нәтижесіне бағытталған. Әр жартыжылдықтың соңында топ мүшелерінің өнімділігі, жұмыс сапасы, бәрі бағаланады.

Жеке уақытты құрметтеу мәдениеті бар. Кешке немесе демалыс күндері ешкім жұмыс істемейді. Бұл уақытта сізді ешкім мазаламайды.

Сондай-ақ, Google-да тікелей міндеттерге кірмейтін игі істер үшін ынталандыру жүйесі бар. Әріптес бонустар беру арқылы көмегі үшін алғыс айта алады. Егер менеджер мақұлдаса, онда бұл бонусты ақша түрінде алуға болады.

Қоныс аудару әсері

Мен ерте оянып, швейцариялықтар сияқты уақытында келе бастаған жоқпын, бірақ ел менің өміріме көптеген жақсылықтар әкелді.

Мен табиғатты аялап, қоқыстарды сұрыптап, су мен электр энергиясын үнемдейтін болдым. Сондай-ақ, мен көліктің орнына, экологиялық таза баламаларды пайдаланатын болдым.

Бұрын мен такси мен жеткізу қызметтерін көп пайдалансам, қазір пойыздар мен автобустардың кестесін жақта білемін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Досжан Жүсіпов деген кім
Досжан Жүсіпов деген кім
University of Glasgow — әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі ұсынған 20 тегін курс
University of Glasgow — әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі ұсынған 20 тегін курс
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді