facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/011/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/011fdeaf1546e4283e3e83a71b94b359.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
dana-erzhanova-shtattarda-zh-mys-steuge-alay-r-sat-al-any-zh-ne-k-s-p-ashuy-zhayly
logo
Дана Ержанова Штаттарда жұмыс істеуге қалай рұқсат алғаны және кәсіп ашуы жайлы
Өмір сүру стилі

29.12.2019

Дана Ержанова Штаттарда жұмыс істеуге қалай рұқсат алғаны және кәсіп ашуы жайлы

Дана Ержанова, 32 жаста, туған жері — Екатеринбург, аудармашы,ивент-агенттіктіңбасшысы , @yerjanovaa

ивент-агентство.jpg


Алматы — Хьюстон


Менің бала кезімде ата-анам Алматыға көшіп келді. Ол жақта мектеп бітіріп, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне оқуға түстім.

Алғашқы семестрден кейін АҚШ-на көштім. Мені Қазақстанның оқу орындарында берілетін білім қанағаттандырмады. Болашағымда пайдалы болмайтын, білімге уақытымды кетіргім келмеді.

Көшкенше дейін шетелге ата-анамсыз ешқашан шықпаған едім. Бұл алғашқы жеке ұшуым болды. Ата-анам алаңдады, жібергісі келмеді. Бірақ, АҚШ-да мүмкіндік көбірек екенін білдім.

Мен 2006 жылы Houston Community Collegeоқуға түстім. Ағылшын тілін жақсы білгендіктен бірден мамандығым бойынша оқуды бастадым. «Бизнес-менеджмент»мамандығында оқып, университеттке бакалавр дәрежесін алу үшін ауыстым.


Қиындықтар мен алғашқы әсері жайлы


Хьюстон — әдемі, таза қала. Айналамда мәдениеті басқа адамдар болды. Барлығы жаңа, қызықты болып көрінді.

Мені Downtown қызықтырды. Downtown — зәулім ғимараттар салынған қаланың бір бөлігі. Ол жерде көбінесе алпауыт компаниялардың кеңселері орналасқан. Ол ғимарттарды көргенімде, сол жерде жұмыс істегім келді.

переводчик Хьюстон.jpg

Мен жұмысқа рұқсатты көп күттім. Бұл ұзақ процесс болды. Бірақ ол заңды түрде орналасу үшін керек болды. Жұмыс берушілер сені байқау үшін оқу кезінде белсенді болу керек. Оқу соңында мені жұмысқа шақырды. Екі жыл күттім. Бұл уақыт аралығында өз бетіммен жұмыс істедім.


АҚШ-ғы өмір жайлы


Барлық американдықтар мейірімді. Олар ашықжарқын, бірақ жабық. Бірнеше минуттың ішінде қарым-қатынас жасап кете алады.

Барлық американдықтар мейірімді


Қазақтың менталитеті жаныма жақын. Біздің адамдар — жүрекжарды. Бізде туысқандық қарым-қатынас жақсы дамыған. Ал Штаттарда адамдар өздерін жалғыз сезінеді.

АҚШ-та адамдардың назары жұмыста. Менің ойымша, олар демала алмайды. Бұл тұрғыда Қазақстанда өмір сүру қызықтырақ.

75576713_2149035408736848_8801764813184471920_n.jpg

Мен әлі күнге дейін АҚШ-ғы мерекелерге үйрене алмадым. Американдықтар Жаңа жылды біз сияқты атап өтпейді. Олардың өз дәстүрлері бар, олар маған әзірге жақын емес.

Бірақ артықшылықтары бар. Мұнда өмір сүру және табыс табу оңай. Тіпті орташа табысы бар адам жылына екі рет демалуға, жақсы пәтерде өмір сүруге, машинаға ие болуға мүмкіндігі бар.


Жұмыс жайлы


Мен АҚШ-на аз ақшамен келдім. Сондықтан бірден жұмыс іздеуді бастадым. Арқа сүйер ешкімім жоқ екенін түсіндім. Оқу кезінде ақша табуға мүмкіндік бар жерлерде жұмыс істедім: қонақ үйлерде, мейрамханаларда. Тәжірибе жинақтап, клиенттермен сөйлесуді үйрендім.

Университетті бітіргеннен кейін маған аудармашының жұмысын ұсынды. Мен тренингтен өтіп, осы салада қалдым. Алты жыл аудармашы болып істеймін. Медициналық салада, банк саласында және мемлекеттік құрылымдарда клиенттерім бар. Ағылшын тілінен орыс, қазақ тілдеріне аударамын.

Ұжымдағы әріптестердің арасындағы қарым-қатынас қарапайым, ешкім ешкіммен ұрыспайды. Қиындық туындаған кезде, адамдар оны шешуге көбірек назар аударады.

69235955_167285871044141_689811800862489083_n.jpg

Басшылық қызметкерлердің ойына құлақ асады. Біз клиенттермен жұмыс істейміз және барлығына қолайлы болу үшін қалай істеу керектігін білеміз. Қатаң иерархия, даулар жоқ. Егер мәселе болса, оны талқылап, шешеді.

Биыл іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жеке ивент-агенттік аштым. Тобыммен залдарды, шіркеулерді, сахналады безендіреміз.

Мен үйлену тойларына бағытталған кәсіпке ақшасалдым, өйткені бұл істі жақсы көремін


АҚШ-да кәсіп ашу қиын емес. Жерді, адамдарды жалдау оңай. Ең бастысы, кәсіпті қай бағытта дамыту, қандай іс пайдалы болатынын білу. Мен үйлену тойларына бағытталған кәсіпке ақшасалдым, өйткені бұл істі жақсы көремін.

69383941_969228833436441_7938169739739796973_n.jpg

Кәсіппен өзім үшін айналысамын. Егер адам кәсіпті жан-жақты іске асырса,ол табысты болады.


Көшу қалай әсер етті


Мен өстім, жауапкершілікті сезіндім. Ақша табу және оларды ақылмен жұмсауды үйрендім. Оқуымды өзім төледім. Шығындарымды да өзім көтердім.

Сондай-ақ сыпайылықты үйрендім. Енді Қазақстанда адамдар маған таңқалып қарайды. Біздің адамдар үшін адамның көңіл-күйінің себепсіз көтеріңкі болуы — таңқаларлық нәрсе.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.