facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
damir-aldybaev-nd-r-st-bankrotty-tan-shy-aryp-t-s-md-9-000-000-te-gege-dey-n-k-tergen-zhayynda
logo
Дамир Қалдыбаев өндірісті банкроттықтан шығарып, түсімді 9 000 000 теңгеге дейін көтергені жайында

03.03.2019

Дамир Қалдыбаев өндірісті банкроттықтан шығарып, түсімді 9 000 000 теңгеге дейін көтергені жайында

Дамир Қалдыбаев, 32 жаста, Қарағанды облысы, Қызылжар ауылы, «Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС директоры

дамир калдыбаев.jpg


Өзі жайында


Мен әрқашан білімге құштар болдым. Маған мектептің соңғы бес класын ауылымнан жеті километрде орналасқан Ростовка ауылында оқуға тура келді. Күн сайын мен білім үшін жеті километр жолды жүріп өтетінмін.

Мектепті бітіргесін, мен «мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша политехникалық университетке түстім. Кейін Қарағанды экономикалық университетке «құқықтану» мамандығына түстім. Менің екі білімім ауыл шаруашылығы мен аграрлық индустриямен ешқандай байланысы болған жоқ. Бірақ мені ауылға, ауыл шаруашылығына тартып тұрғанын түсінетінмін.

Менің қызығушылығым төртінші курста, тапсыc бойынша диплом жұмыстарын жазып жүрген кезімде айқындала бастады. Мен дипломдық жұмыстарды агроөнеркәсіптік кешеннің экономикасы мен құқықтық аспектісін дамыту мақсатымен жазып жүрдім.

Сол себепті мен екінші дипломға ие болып, туған ауылыма қайтып оралдым. Сол жерде мен әкеммен бірге шаруа қожалығында жұмыс істедім. Оның арқасында мен арграрлық және ауылшаруашылық ісін бүге-шегесіне дейін біліп, үлкен тәжірибеге ие болдым.


Мансап жайында


Мен «Агро-Думан» шаруа қожалығында екі жыл жобалар бойынша менеджер қызметін атқадым. Мен олар және басқа фермерлік шаруашылықтар үшін гранттарды жеңіп алатынмын. Бұл гранттардың арқасында азықтық егіс айналымы іске асырылып, мықты жемшөп қорының негізі салынды. Бұл жаңашылдықтарды енгізудің тәжірибесін Қарағанды облысының 250-ден астам ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпкерлер үшін семинарлар өткізуге ықпал етті.

2013 жылдың сәуір айында мен «Казагромаркетинг» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры қызметіне ауыстым. Филиал директоры қызметінде болған кезде, мен Қарағанды облысының құс өсіретін шаруашылықтың айналасында дәнді жем қоры кластерін жасап шығаруға, қала маңындағы экологиялық ауылды салу бойынша инвестициялық жобаға, Қарағанды облысының Ұлытау ауданы кәсіпкерлерінің картасын өңдеу, аймақтың тірек ауылдарын дамыту жоспарын өңдеу жұмыстарына қатыстым.

2016 жылдың қазан айында мен А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының дағдарыс-менеджері болдым.

Мен көрсеткіштерді нәтижелі түрде көтеріп, станцияны 9 300 000 теңгелік таза түсімге жеткізе алдым

Ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары – бұл аграрлық және мал шаруашылығы саласындағы инновациялық технологияларды өңдеумен айналысатын ғылыми станциялар. Мені тағайындаған кезде, ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы залалды күйде, банкроттық шегінде еді. Бірақ табанды еңбек пен ықпалды шаралардың арқасында мен көрсеткіштерді нәтижелі түрде көтеріп, станцияны 9 000 000 теңгелік таза түсімге жеткізе алдым.


Қостанайдағы жұмысы жайында


Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы – еліміздегі ең ірі тәжирибе станциялардың бірі. Ол 1929 жылдан басталатын бай тарихқа ие. Бастапқыда оның бағыты дәнді, зәйтүн, мал азықтық шөптер, бұршақ дәнділердің іріктелімі, жеміс-жидек дақылдарын жерсіндіру еді. Қостанайдағы Қарабалық станциясында 50 гектар бақша бар.

Бізде жақсы техникалық база бар. Бізде қатты, жұмсақ, жаздық бидайдың, жұмсақ күздік бидайдың, арпаның, бұршақ дәнділер мен зәйтүн дақылдарының іріктелімімен айналысатын зертханалар бар.

Қарағандыдағы тәжірибе станциясымен салыстырғанда, осында, Қостанайды ғылыми қызмет жоғары деңгейде тұр, зертханалардың саны бірнеше есе артық. Аз қаржыланыдыруға қарамастан, станция жақсы нәтижелер көрсетеді. Соңғы үш жыл ішінде ол 16 әртүрлі дақылдарды тірілтті. Осындай нәтижелер станцияны біздің өсімдіктану бойынша жетекші ғылыми орталықтары мен институттарымен бір қатарға қояды.

Осындай нәтижелер станцияны біздің өсімдіктану бойынша жетекші ғылыми орталықтары мен институттарымен бір қатарға қояды

Қостанайда дәнді дақылдарды өсіру мен іске асыру үшін климаты қолайлы болып келеді, бірақ құрғақшылық та болады, сол себепті кенет континенталды климатқа тұрақты түрлерді жасап шығару қажет. Қазіргі кезде үш центнерден артық қосымша өнім әкелетін бидай сұрыптары бар.

Қарабалық станциясында біз толықтай дамытуды қалайтын зор күш-қуат бар. Бізде ескі үлгідегі дәндерді жаңа үлгілерге белсенді ауыстырып, бүкіл Қазақстан бойынша жеткізілімді арттыру жоспары бар.


Қостанай жайында


Мен уақытымның басым бөлігін Научное ауылында өткіземін. Ол Қостанайдан 130 километр жерде орналасқан.

Жалпы, кезінде Қостанай өңірі мен үшін Қазақстан картасындағы ақ таңба еді. Бұл өңір жайында естігенім көп болды, бірақ өзім осы жерде болған емеспін. Осы өңірге пайда әкеле аламын ба, өз тәжірибем мен білімімді жеткізе аламын ба деген сұрақтар мен үшін қызықты болып отыр.

Қостанай облысының климаты жақсы, осы жердің аграрлық тарихы бай. Бұл факт селекционер ретінде мен үшін маңызды. Мен осы өңірде аграрлық өнеркәсіпті дамытып, оның атын бүкіл Қазақстанға шығара аламын деп үміттенемін.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Данияр Бибасар уақытылы және жайлылық аймағынан шығу табысты мансап құруға қалай көмектесетіні туралы
Данияр Бибасар уақытылы және жайлылық аймағынан шығу табысты мансап құруға қалай көмектесетіні туралы
FL.ru. ТМД-ның ең ірі фриланс-биржасында жұмысты қалай бастау керек
FL.ru. ТМД-ның ең ірі фриланс-биржасында жұмысты қалай бастау керек
Фрилансерлердің Guru және PeoplePerHour платформаларындағы жалақысы туралы
Фрилансерлердің Guru және PeoplePerHour платформаларындағы жалақысы туралы
Өз еңбектеріңізді жариялай алатын Қазастанның 4 ғылыми журналы
Өз еңбектеріңізді жариялай алатын Қазастанның 4 ғылыми журналы
Жарнамалық бизнестегі мансап. Gen Z қай жерде өз потенциалын аша алады және жақсы табыс таба алады
Жарнамалық бизнестегі мансап. Gen Z қай жерде өз потенциалын аша алады және жақсы табыс таба алады