facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
d-r-hanalarda-y-virtualdy-s-reler-zh-ne-mektepterdeg-onlayn-testter-innovaciyaly-tehnologiyalardy-oldanuymen-zhasal-an-biznes
logo
Дәріханалардағы виртуалды сөрелер және мектептердегі онлайн-тесттер: инновациялық технологиялардың қолдануымен жасалған бизнес

15.12.2018

Дәріханалардағы виртуалды сөрелер және мектептердегі онлайн-тесттер: инновациялық технологиялардың қолдануымен жасалған бизнес

Әлия Мынжасарова, 32 жаста, туған қаласы – Алматы, REZEPT дәріханасының негізін салушы, @apteka.rezept.kz


345


Жоба жайында


REZEPT — инновациялық технологияларды пайдаланумен ерекшеленетін дәріханалар бренді. Технологиялар сапалы қызмет көрсету үшін қолданылады.

Кәсіпкерлер мен клиенттер үшін ақпараттық технологиялардың артықшылықтары көп. Мәселен, халық пен бизнестің қызмет көрсетуге деген қолжетімділігін жеңілдету, ақпарат алмасуды жылдамдату, бизнесті жүргізуде жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы, жаңа цифрлық өнімдерді шығару.

Біздің дәріхана екі жобамен ұсынылған. Біріншісі – pharmaster іздестіру жүйесі. Жүйе қызметкерге дәрі-дәрмектің атауын іздестіруге енгізіп, санаулы секундтарда дәріхана сөрелерінен табуға мүмкіндік береді. Бұл өз алдына ішкі бизнес-процестерді жақсартуға, дәріханадағы сауда кеңістігін үнемдеуге және қызметкердің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Осындай қызмет көрсету Астанада алғаш рет.

58

Екінші жоба – «ВДС» - «Виртуалды дәріхана сөрелері». Бұл дәріхана тауарларының сұрыпталымы бойынша жолсілтеме болып табылады. Аталмыш қызмет көрсету кез-келген дәрі-дәрмектің сатылуына мүдделі болып табылатын дәріхана қызметкерінің көмегінсіз тауарды өздігінен таңдау мүмкіндігін ұсынады. Оған қоса клиентте тауар қаптамасын бұзбай, тауар туралы ақпаратты ала алады. Яғни адам жай ғана арнайы дисплейдің алдына келіп, өзіне қажетті тауар жайында ақпаратты оқып, таңдайды, оны қоржынға енгізіп, бәрін кассада алады. Қызметкердің сөрелерді жинап, тауарды қоюға және оларды таңбалауға уақытын кетірмейді.

Келешекте біз клиенттің жаңа технологиялардың көмегімен толықтай өздігінен қызмет ала алатын дәріханалар желісін ашып, дамытқымыз келеді.



Алмас Карибаев, 33 жаста, ШҚО, Ақсуат ауылы, «ИНТЕЛЛЕКТУМ» қосымша білім орталығы» ЖШС директоры


«ИНТЕЛЛЕКТУМ» жобасы – үстел ойындарының көмегімен балалардың тәжірибелік дағдыларын дамытатын жүйе.

Кабинетімізді құру үшін біз 600 шақты түрлі үстел ойындарын талдап шықтық. Нәтижесінде қазір қолданып жүрген 30 ойынды таңдап алдық. Біз ойынның мәнін ұғынып, оларды өзіміздің білім беру міндеттеріміз бойынша бейімдейміз. Біз өзіміздің ойындарымызды да шығарамыз. Болашақта бұл толықтай қазақстандық өнім болады.

Бала бір ойыннан жалықпай, әрдайым түрлі ойындарда ойнауы үшін, біз ойындарымызды жинақпен сатамыз. Біздің мақсат – баланы қызықтыра отырып, оның дағдыларын ойын арқылы жетілдіру.

004.jpg

456

Баланы дағдыларға үйрету керек, сонда ол оларды іске асырып, кез-келген ақпаратты қабылдай алады, кейін соны өмірде қолдана алады. Біздің ойынымыздар арқылы бала логикалық әдістерді қолдануға үйренеді. Біз балаларды барлық нәрсеге белгілі алгоритммен қарауды үйретеміз: біріншіден, зерттеу, кейін жоспарлау, одан кейін – мәселені шешу. Сонда бала барлығын саналы түрде істейді, оқу процесіне де солай қарайды.

Мектеп ойындарды сатып алғанда, біз оларды жинап, әкеліп қана қоймай, мектепте осындай вариациялық курспен айналысатын мұғалімдер немесе психологтарды үйретеміз. Себебі баланы бақылау процесінің ерекше мәні бар. Керек кезде белгілі мәселелерді айқындап, оларды шешу маңызды.

Біздің жобамыз бастауыш мектептерді оқитын әрі жаңа білім беру ортасына үйреніп келе жатқан балаларға да бағытталған. Мектеп бала үшін бәсекелестік және бағалау жүйесі бар жаңа орта. Және көптеген балалар тұйықталып, өздерін толықтай көрсете алмайды. Ал ойын арқылы ол оқу процесіне ақырындап бейімделе алады.

003.jpg

Сонымен қатар біздің жоба мұғалімдерге балалармен тиімді жұмыс істеу шеңберінде біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік береді, балаларды оқуға ынталандырады, ата-ата, бала және мұғалім арасындағы байланыстарды орнатуға көмектеседі.

Біз мектептере қолдануды жоспарлап жүрген онлайн-тесттерді жасап жатырмыз. Ол үшін арнайы онлайн-платформасын жасап жатырмыз. Бұл жобамен біз Қазақстан Шелл мен ЕБРР-ден Shell LiveWIRE бағдарламасы бойынша грант ұтып алдық. Оларға біздің идеямыз ұнады, және оны жүзеге асыру олар ақша бөлді. Сол себепті заң мәселелерін шешкеннен кейін, біз білімді бағалау және тестілеу жүйесін оқу орындары мен білім беру мекемелеріне енгіземіз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
БҰҰ-да мансапты қалай құруға болады: талаптар, артықшылықтар мен кемшіліктер
БҰҰ-да мансапты қалай құруға болады: талаптар, артықшылықтар мен кемшіліктер
Нетворкингті қайда іздеуге болады: мамыр айындағы Қазақстандағы 10 керемет шара
Нетворкингті қайда іздеуге болады: мамыр айындағы Қазақстандағы 10 керемет шара
Әлемдегі үздік 50 мұғалімнің бірі Қазақстанның білім беру мәселелері мен болашағы туралы
Әлемдегі үздік 50 мұғалімнің бірі Қазақстанның білім беру мәселелері мен болашағы туралы
Жас ғалымдар өз жобаларын қаржыландыру үшін грантты қалай алу керектігі туралы
Жас ғалымдар өз жобаларын қаржыландыру үшін грантты қалай алу керектігі туралы
Ұлы тұлғалардың даналық сөздері
Ұлы тұлғалардың даналық сөздері