Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Дүкенде сапалы азық-түлік сатып алу үшін неге назар аудару керек
46867

28.02.2017

Дүкенде сапалы азық-түлік сатып алу үшін неге назар аудару керек

Өзіңіз бен отбасыңызға арнап азық-түлік сатып алатын дүкенге келгенде кейде өнімнің сапасына сенуге бола ма, азық-түлік дұрыс орында, дұрыс қалыпта сақтала ма және дүкеннің өзі дұрыс жерде орналасқан ба деген сұрақ туындайды.

Біз қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның көмегіне жүгіндік.

продукты.jpg

Азық-түлік дүкенінің құрылысы үшін жер таңдауда да белгілі бір ережелер бар. Мысалы, дүкенді бұрын мал моласы болған жерге, токсиндік қалдықтарды көму орындары, қоқыс төгетін жер, сондай-ақ топырағы органикалық, химиялық ластанған орындарға жобалауға болмайды. Сондықтан, көрші тұрған дүкен лайықты емес орында салынғанын білсеңіз, онда сақ болғаныңыз жөн.

Азық-түліктің құрамы мен сату бойынша арнайы талаптар бар, сондықтан келесі нәрселерге назар аударуыңыз қажет:

покупка продуктов.jpg

— егер сіз салқындатылған сусын, квас сатып алар болсаңыз, оны бір реттік стақандар болғанда ғана сатуы тиіс

— жұмсақ балмұздақты тек оны жасайтын жерлерден сатып алуға болады

— сату-салқындатқыш құрылғысы температураны бақылайтын қондырғымен қамтамасыз етілген болуы керек, сондықтан сіз сатып алғалы жатқан ет немесе сүттің дұрыс жерде сақталғанына әбден көз жеткізіңіз

— төбесінде, қабырғаларында, еден, есік пен азық-түлік салынған орамаларда «қар тоны», мұз болмауы тиіс. Мұндайды көрсеңіз, тұрып қалмаған майды алмақпын ба деп сақтанғаныңыз жөн

— әдетте, кішкене дүкендерде нан да, кір жуатын ұнтақ та бір бөлмеде болады. Алайда, тағам өнімдері сақталатын жерде тағамнан басқа заттарды сақтауға болмайды

— үй жанындағы кіші дүкендерде ірімшік, балық, май, пісірілген нан өнімі салынған бір салқындатқыш камераны жиі кездестіреміз. Бірақ спецификалық иісі бар азық-түлік бөлек сақталуы тиіс, сонымен қатар қолдануға дайын, алайда қапталмаған ет, құс, балық, көкөніс, жеміс-жидек, жұмыртқалар сияқты шикі азық-түлікті бірге сақтауға жол берілмейді

— супермаркеттерде бөліктерге бөлінген торттардың сатылатынын көпшілігіміз көріп жүрміз, тіпті, үлкен ынтамен сатып алғанымыз да бар шығар. Бірақ, ереже бойынша бұған жол берілмеуі керек екен

— сондай-ақ, ет сатып аларда тұтас етте ветеринарлық таңба болуы қажет

— кіші дүкендердің сөрелерінде түрлі үйде дайындалған нан өнімдерінің сатылатынын көптеп көреміз, бірақ тағы да СЭС нормалары бойынша үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу