facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/d9a/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/d9a2b472ceb33b1cd12d3d8a345bca5d.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
chevening-scholarship-alay-lemdeg-e-bedeld-stipendiyalardy-b-r-chevening-ty-ieger-atanyp-lybritaniyada-o-u-a-bolady
logo
Chevening Scholarship. Қалай әлемдегі ең беделді стипендиялардың бірі Chevening-тың иегері атанып, Ұлыбританияда оқуға болады

30.06.2022

Chevening Scholarship. Қалай әлемдегі ең беделді стипендиялардың бірі Chevening-тың иегері атанып, Ұлыбританияда оқуға болады

Халықаралық Chevening Scholarship бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі көшбасшылық қасиеттері бар студенттерге Ұлыбритания университеттерінде тегін оқуға мүмкіндік береді. Шәкіртақы иегерлерлері стипендия алуға қатысты кеңестермен бізбен бөлісті.


Шерзод Уткирхаджаев, 29 жаста, қаласы — Ташкент, қорғаушы және SETTLE фирмасының серіктесі, linkedin


Шерзод Уткирхаджаев.jpg

Бағдарламаны таңдауы жайында


Шетелде оқуды бакалавриатта оқып жүргенде қалай бастадым. Әрдайым батыстық студенттік өмірді оның артықшылықтары мен қиындықтарын сезінгім келетін.

Үшінші курстан бастап заң фирмасында жұмыс істедім, төртінші курстың соңында білім гранттары туралы ақпарат іздей бастадым. Мені Chevening стипендиясы оқу ақысы мен сол жерде тұруға қатысты барлық шығындарды өтейтіндігімен қызықтырды.

Ұлыбританияда үздік университеттер жетерлік, ал оқу бағдарламалары одан да көп. Мен зияткерлік меншік құқығы саласында жұмыс істедім — IP law, сонда еліміздің заңнамасында алып тастауға болатын айқын кемшіліктерді байқадым. Сондықтан Ұлыбритания біздің ел енді ғана тап бола бастаған заңнамадағы кейбір мәселелерді қалай шешкеніне назар аудара отырып University of Glasgow мен ондағы LL.M. in Intellectual property and the Digital Economy бағдарламасын таңдадым.

Қалай стипендияның иегері атануға болады


Стипендия алу үдерісі бірнеше кезеңге бөлінеді. Алдымен өтініш беруші сауалнаманы толтырып, көшбасшылық қасиеттер, нетуоркинг, университеттер мен бағдарламаларды таңдау, сондай-ақ мансаптық жоспарлары туралы төрт эссе жазуы керек.

Әрі қарай комиссия сауалнаманы қарап, қанағаттанған жағдайда сізді сұхбатқа шақырады. Сұхбаттасу өтініш беруші тұратын елдегі Ұлыбритания Елшілігінде өтеді.

Сұхбат барысында қойылатын сұрақтардың сауалнамадағы сұрақтардан еш айырмашылығы жоқ. Бірақ бұл жолы өтініш беруші сұрақтарға толыққанды жауап беріп өзінің мықты тұстарын көрсетуге мүмкіндігі бар. Осы сұхбаттасудан кейін бірнеше ай өткен соң нақты шешімі хабарланады.

Стипендия иегері атану ұзақ үдеріс. Тамыз айында өтініштер қабылданса, ал нақты соңғы шешімі келесі жылдың шілде-тамыз айларында хабарланады. Осы шәкіртақыны алуға өтініш бергендердің барлығына алдағы бір-екі жылдағы мақсаттары мен жоспарларын нақтылап алуға кеңес беремін. Егер Сhevening не үшін керек, қай жерде білім алып, нені оқымақшысыз және алған біліміңізді қалай пайдаланғыңыз келетіні туралы сұрақтарға жауабыңыз болса, онда стипендияны алуға мүмкіндігіңіз зор.

Chevening Scholarship жайында


Chevening Scholarship — әлемдік көшбасшыларды дамытуға бағытталған Ұлыбритания үкіметінің стипендиясы. Шарттарының бірі — түлектер оқуын аяқтағаннан кейін кем дегенде екі жылға өз елдеріне оралуы керек.

Стипендия алудағы бәсекелестік — әлемдегі ең қатал бәсекелестіктің бірі


Стипендия оқу үшін берілетін келісім шарттағы барлық соманы төлейді. Өзге елде өмір сүру, тұру шығындарына арнап ай сайын стипендия береді. Бағдарламаның басты ерекшелігі — стипендиаттарға арнап жиі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады, соның барысында олар өзге стипендиаттармен танысып, тіл табысып, өз тәжірибелері мен көзқарастармен бөлісе алады. Ол әртүрлі қалаларда ұйымдастырылады. Бұл бір жағынан Ұлыбританияның түкпір-түкпір қуыстарын көруге мүмкіндік берсе, екінші жағынан жаңа адамдармен танысып нетворкингтік желіңді кеңейтесің.

Стипендия алудағы бәсекелестік — әлемдегі ең қатал бәсекелестіктің бірі. Статистика бойынша, өтініш берушілердің тек 2-3% ғана стипендияға ие болады. 2019 жылы 60 000 өтініш түсіп, оның 6000-ы екінші кезеңге өткен, одан тек 1700-і ғана стипендиат атанған.

Ерекшеліктері жайында


Британдық білім беру жүйесі self-study қағидасына негізделген. Оқытушы сізге бірдеңені басынан аяғына дейін үйретуді мақсат етпейді. Мысалға, University of Glasgow-да келесі сабақта талқыланатын тақырып 80-100 беттік мәтінді өзіміз оқып келу керекпіз. Ал профессорлар сізді тек дұрыс бағытқа бағыттап отырады.

Стипендия қалай көмектесті


Маңызды академиялық білімдерден бөлек өзім алған Soft Skills-ті де атап өткім келеді. Өз бетіңше өмір сүру мен жауапкершілік сезімі адамды өзгертеді.

Chevening-тың артықшылығы адамдарында. Олармен араласып, қарым-қатынас жасаған кезде әлемдегі проблемалардың шешілетініне сенімділік ұялайды. Мен тапсырып көруге кеңес беремін. Бұл адамның өзін, дүниетанымын, ой-өрісін өзгертіп, сыни ойлауға үйрететін тәжірибенің дәл өзі.


Гаухар Сабирова, 27 жаста, оқытушы, қаласы — Бристоль, @gaukhar.sabirova_


Гаухар Сабирова.jpeg

Бағдарламаны таңдауы жайында


Мен білім беру саласындағы мансабымды мақсатты түрде жасадым. Менің отбасымнан бірнеше ұрпақ бойы мұғалімдер шыққан. Мектепті бітірген соң Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ағылшын және француз тілдерінің мұғалімі мамандығына оқуға түстім. Оқып жүргенде шетелде іс-тәжірибеден өтуім қажет екендігін түсіндім. Сен сабақ беретін тілде сөйлейтін елде болып көрмей толыққанды маман бола алмайсың. Тек солай ғана сен оқытылатын пәнге толық еніп оқушыларға пайдалы бола аласың.

Work and Travel бойынша баруды ойладым, бірақ ата-анам жібермеді. Сондықтан бұл ойды шетке ысырып, оқуды бітірген соң ауылға барып грантты еңбекпен өтеуді бастадым. Онда мен тегін немесе ең төменгі бағада ағылшын тілінде курстар ашып, балаларға көмектестім. Бірнеше жылдан кейін тіл бағдарламасы бойынша Кипрге балалармен бірге сапар ұйымдастырдым, сол жерде маған Chevening стипендиясы жайлы айтып берген профессормен таныстым. Мен бірден қызықтым, әйтсе де шетелде магистратурада оқу маған қол жетпес арман сияқты көрінетін.

Қалай стипендияның иегері атануға болады


Қазақстанға тамыздың басында оралдым. Тура сол кезде Chevening өтініштер қабылдауды бастайды да, ол қараша айына дейін созылады. Менің дайындығым ретсіз болды: осыған қатысты бар ақпаратты іздедім, менен бұрын түскен осы стипендия иегерілерімен ақылдастым, эссе жаздым. Ал құжаттарымды қабылдау мерзімінің бітуіне тым аз уақыт қалғанда тапсырдым. Негізі бұлай жасамау керек.

Мен сұхбаттасу кезеңіне дейін ғана жеттім. Әрі қарай өте алмадым. Бірақ бұл стипендия тура маған арналған екенін түсіндім. Сондықтан 2020 жылы қайтадан тапсырдым.

Өз профиліме талдау жасай отырып, оның жеткілікті деңгейге мықты емес екенін түсіндім — маған көбірек жетістіктер керек болды. Сондықтан бір жыл ішінде мен барынша көп жұмыс жасадым: балаларды ағылшын тілінде онлайн оқыту бойынша бағдарламаны кеңейтуге қатыстым, волонтерлік жобалармен айналысып, оған балалардың қатысуына көмектестім, «Қазақфильмде» редактор болып жұмыс істедім.

Бұл маған эссе жұмысымда көшбасшылық пен нетворкинг орната білу қасиеттерімді айрықша атап өтуге көмектесті. Онда мен өзімнің балалық шағымнан басталған өмірлік хикаямды сипаттап жаздым: қалай мектеп президенті болғанымды, университеттегі белсенді студент, балаларға арнап ашқан тегін курстарым және мұғалімдерге оқушылармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйрету бойынша алдағы жоспарларыммен бөлістім.

Chevening Scholarship жайында


Chevening Scholarship стипендиясын британдық Foreign, Commonwealth and Development Office ведомствосы 30 жылдан астам уақыт бойы беріліп келеді. Осы уақыт ішінде 50 мыңнан астам адам оның түлегі болды. Ал биыл 6400 адам стипендиат атанды.

Chevening Scholarship — еуропалық кеңістіктегі ең жомарт стипендиялардың бірі. Ол оқу ақысын, ұшу билетін және ай сайынғы шығындарды төлейді. Шағын қалада өмір сүруге жетеді. Сонымен қатар, бағдарлама аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Оған қатысу тегін. Жол шығындары да өтеледі.

Chevening Scholarship — еуропалық кеңістіктегі ең жомарт стипендиялардың бірі


Chevening тек оқуда озат болатын үздік студенттерді емес, өз еліне пайдасын тигізетін студенттерді іздейді. Стипендияның мақсаты — көшбасшылардың әлемдік деңгейдегі мықты қауымдастығын құру.

Білім берудегі ерекшеліктері жайында


Мен University of Bristol-да «Білім беру, жаһандық саясат және халықаралық қатынастар» бағдарламасы бойынша оқимын. Мұнда әлеуметтік әділеттілік пен теңдік және басқа да пайдалы пәндер бойынша курстар өткізеді, бұл маған белсенді азаматтық позицияны ұстануға көмектеседі.

Сабирова Гаухар.jpeg

Білім беру бағдарламасы нақты құрылған, басы артық ештеңе жоқ. Әрдайым не оқып нені жасау керек екеніңді білесің. Дәрістен кейін тақырыпты жақсы түсініп, көз алдыңда толыққанды бейне қалыптасады.

Белсенділігімнің арқасында профессорлардың бірі қазақстандық делегациямен байланыс орнатуға көмектесетін адам ретінде мені ұсынды. Осы жоба аясында елдегі көптеген университеттерге барып, қызықты адамдармен таныстым.

Сондай-ақ жергілікті мектепке жұмысқа орналастым. Бұл маған жергілікті және қазақстандық жүйені салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Менде мектептегі білім беру жүйесін қайта құруға қатысты жоба бар. Қазақстанға қайтып келген соң онымен айналыспақшымын

Стипендия қалай көмектесті


Chevening бойынша оқу маған жалған атақты адам нышанатынан арылуға көмектесті. Егер мен бірінші рет тапсырған кезімде маған көмектескен адамдар болса, ал екіншісінде мен өз бетімше дайындалдым.

Ұлыбританияға келгенде осы стипендия иегерлерінің өмірде не қалайтынын нақты білетін нағыз көшбасшылар екенін сезіндім. Бастапқы кезде сәл үйреніспедім, бірақ уақыт өте келе менде тура сондай адамдардан екендігімді түсіндім. Осы бағдарламаға қатысу өзіңе деген сенімділік береді.

Мен халықаралық деңгейдегі кең ауқымды нетуоркинг құра алдым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
BINOM School басқарушы директоры Қазақстан мектептерінің күшті және әлсіз жақтары мен болашақта даму жолдары туралы
BINOM School басқарушы директоры Қазақстан мектептерінің күшті және әлсіз жақтары мен болашақта даму жолдары туралы
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
«Балалар бірінші сыныпқа келгенде, көздері жанып тұрады», — Ұлан Усенов Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы
«Балалар бірінші сыныпқа келгенде, көздері жанып тұрады», — Ұлан Усенов Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы