Жас жұлдыз актер Ақжол Примбетов өзінің маңсабымен бөлісіп, «Черный двор» жобасына қалай түскені туралы айттып берді.
Ақжол Примбетов, 22 жаста, Алматы қаласы, актер, @_primbetovvv
Өзі туралы
Мен актермын, композитормын. Лирика жанрында авторлық әндерді жазамын.
Менің туған жерім — Түлкібасты, ал өскен жерім Алматы облысы, Есік қаласы.
Мені көбінесе «Черный двор» жобасындағы «Гарик» атты кейіпкер арқылы біледі. Осы жобаға дейін 132 кастингтерге қатыстым. Рөль арқылы адамдарға өзімнің ішкі дауысымды жеткізгім келді. Жобаға, рөлге ғашық болып кеттім.
Маңсабы мен шабыты туралы
Мен кішкентай кезімнен бастап КВН-да ойнағанмын. Содан кейін сахнаға, шығармашылыққа, өнерге деген махаббатым ашылды. Тоғызыншы сыныптан кейін Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына грантқа түстім. Сол жерде үш жыл оқыдым. «ARTиШок», «Жастар» театрында жұмыс жасағанмын. «Черный двор» жобасынан басқа мен «Сержан братан» сериалының бір эпизодында, «Паралимпиец» фильмінде түскенмін.
Сериал шыққаннан кейін бәрі өзгерді. Мені көшеде таниды, танысады, сыйлықтар береді. Менің өзіме деген сенімділігім де арттырды. Саладағы қызықты адамдармен танысу мүмкіндігі пайда болғаныма қатты ризамын.
Ақыл-кеңес
Әрқашан адал болыңыз, күліңіз. Ата-анаңызға мойынсұныңыз, жұмыс жасаңыз және дамыңыз.
Жоспар
Осы күзде менің қатысуыммен сериал шығады. Жобаның атауы — «Живой товар».