Қанат Сейтиков, 51 жаста, туған қаласы — Челябинск, Челябинск облыстық ұйымы Кеңесінің төрағасы, «Азамат» қоғамдық қоры
Челябинскідегі өмірі мен қызметі жайында
1985 жылы мен өндірістік тәжірибе бойынша Челябинскіге келдім және осында қалдым. Қазірде мен «Азамат» қазақ қоғамының жетекшісі болып табыламын. Негізінде біз жастармен жұмыс істейміз.
Челябинскідегі қазақ диаспорасы жайында
Челябинкідегі қазақтар салт-дәстүрлерін ұстанады. Қазірде біз Челябі облысы халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын Наурыз мейрамын тойлауға дайындалып жатырмыз. Біз Қала күні, Ресей елінің күні, Халықтар бірлігі күні сияқты басқа да қалалық іс-шараларда өнер көрсетеміз. Жастарымызды қатыстыруға тырысамыз.
Тілді білмеу – ең үлкен мәселе болып табылады. Жастардың аз бөлігі қазақ тілін біледі және біз бұл мәселені жиі көтереміз. Менің ойымша, балалар қазақ тілін оқып, оны әрдайым тәжірибе жүзінде қолдануға болатын сыныптар мен мектептерді ашу қажет. Қазіргі кезде балалар орыстілді балабақшалар мен мектептерде оқиды және үйде қазақша сөйлемейді. Ата-аналардың көбісі орыс тілі мен ағылшын тілін меңгеру маңыздырақ деп санайды. Бірақ тілімізді сақтамасақ, мәдениетіміз де жойылуы мүмкін. Мен өзім қазақ тілін өте жақсы білемін, тіпті тілді үйрету бойынша жастарға сабақ бердім.
Жастардың қазақ отбасыларын құрғаны маңызды деп ойлаймын. Қазіргі заманда интернационалдық некелерге тұратын адамдар түп тамырынан, тұқымдарынан қол үзеді. Екі түрлі мәдениет араласқанда, отбасыда қиындықтар орын алуы мүмкін.
Қазақстан жайында
Мен заманауи Қазақстандағы, Отанымдағы жағдайларды бақылап отырамын.
Менің барлық туыстарым Қазақстанда тұрады – Челябинскіде тек мен және менің отбасым тұрады. Менің ағаларым Астанада, Көкшетауда, Петропавл қаласының маңыда тұрады.
Қазақстандағы қазақтар мен Ресейдегі қазақтар арасында айырмашылықтар бар. Челябинскіде Ақтөбе облысынан келген студенттер көп. Мен оларды біздің шараларға қатыстыруға тырысамын, жергілікті балалармен таныстырамын, бірақ оларға бір-бірімен тіл табысу қиынға соғады, себебі жергілікті жастар қазақ тілін білмейді.
Мен Челябинскідегі балаларды Қазақстандағы балалар лагерлеріне жіберіп тұруды қалаймын. Бұл балалар үшін пайдалы болар еді. Сонымен қатар мен Челябинскіге Мейрамбек Беспаевты алып келгім келеді, оған қаламызды көрсеткім келеді.
Нұрәділ Құдайберген, 22 жаста, туған қаласы — Қарағанды, музыкант, дирижер
Челябинскідегі өмірі мен қызметі жайында
Мен Челябинскіде 2013 жылдан бері тұрып жатырмын. Осында оқу үшін келдім. Сонымен қатар мен КВН-де ойнаймын – біздің өз командамыз бар. Жақында біз Сочидегі фестивальге барып келдік.
Челябинскідегі қазақ диаспорасы жайында
Челябинскіде тұратын қазақтардың саны көп емес. Негізінен олар ауылдық жерлерде тұрады. Атаулары қазақша келетін ауылдар да бар. Мысалы, Қызыл – орысша оны «Кизил» деп атайды. Осындағы қазақтар ұлттық салт-дәстүрлерін ұстанып, сақтауға тырысады.
Қалада жастарға бағытталған «Жастар» қоғамдастығы бар. Челябі облысында жастардың шамамен 90 % қазақ тілін білмейді. Сол себепті көшіп келгеннен кейін, біз балалармен бірнеше жыл бойы жастарға тілді үйретіп жүрдік. Қазірде барлығы тоқтатылды, бірақ біз наурыз немесе сәуір айында оқытуды қайтадан бастаймыз.
Наурыз — менің сүйікті ұлттық мейрамым. Челябинскідегі қазақтар осы мейрамды татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, тәжік түркі тілдес халықтарымен бірігіп тойлайды. Концерттер өтіп, шығармашылық топтар өнер көрсетеді, біз де өнер көрсетеміз.
Мен қазақтарға тұрмысқа шыққан орыс қыздарын білемін, олар біздің салт-дәстүрлерімізге құрметпен қарайды. Сол себепті маңыздысы – ұлт емес, маңыздысы – адам. Таптаурындарға берілуден гөрі, басқа ұлт өкілімен бақытты болған артық.
Қазақстан жайында
Ресейде қазақтарды жақсы көреді, себебі біз көңілдіміз және көпшілміз. Мен таныстарым қазақтар туралы әрқашан жақсы лебіздерін білдіреді. Скриптонитті, Jah Khalib-ті жақсы көреді. Сонымен қатар біз Айсұлтан Сеитов сияқты қазақстандық жас режиссерлер жайлы жиі естиміз. Димаш Құдайбергенді тыңдайтын адамдар да бар. Көптеген адамдар оны танитыны қуантады.
Біз Қазақстанды сағынамыз және әрдайым қуанышпен ораламыз.
Әсел Кәрімова, 21 жаста, Қарталы, Челябинск мемлекеттік университетінің студенті
Челябинскідегі өмірі мен қызметі жайында
Мен Қарталы ауданынының тумасымын – бұл Челябі облысының бөлігі. Менің ата-анам сол жерде тұрады, ал мен төрт жыл бұрын Челябинскіге көшіп келдім. Университеттің төртінші курсында оқып жатырмын.
Челябинскідегі қазақ диаспорасы жайында
Челябинскідегі қазақтардың саны аз. Көше бойымен жүргенде, біреуді сирек кездестіресің.
Дегенмен, бізде қазақ қоғамдастықтары бар – «Азамат» қоғамдық орталығы мен «Жастар» орталығы. Олар қазақтарды біріктіруге тырысады, іс-шаралар, кештер, қазақ тілінің курстарын өткізеді. Мен өзім екі жыл бұрын осындай орталыққа барып жүрдім, сол кезде ол белсенді түрде дамыды, ал қазір оның қызметі тоқтатылды.
Айына бір рет жастар жиналатын қазақ кештері өтеді. Ұйымдастырушылар қазақтың халық билері, әндері, тағамдары арқылы қазақша ортаны жасауға тырысады.
Менің ата-анам қазақ тілін біледі, бірақ қазақша сөйлемейді. Мен қазақ тілін өздігінен меңгеруге тырысамын, қазақ тіліндегі әндерді орындаймын. Маған туыстарым көмектесіп отырады.
Біз отбасымызда Наурыз, Құрбан айт мейрамдарын атап өтеміз. Туыстар келген кезде, біз оларды қонаққа шақырамыз. Егер олар бірінші рет келсе, оларға сыйлықтар береміз. Маған қазақ мәдениеті, ұлттық киімдер ұнайды. Мен қазақ мәдениетімді мақтан тұтамын.
Таза қазақ некелерін құру дұрыс деп ойлаймын. Бұл жарасымды және әдемі, сендер бір-бірлеріңді жақсы түсінесіңдер. Бірдей дәстүрлермен өсіп тәрбиеленген адамдарға бірге тұру жеңілірек болады.
Қазақстан жайында
Қазақстанда жақын туыстарым көп: сол жерде ағаларым, тәтелерім тұрады.
Мен Рудный, Қостанай қалаларында болдым – бұл таза және жинақы жерлер. Астанада барлығы мінсіз және заманауи сияқты, бірақ мен бұл қалада болып көрген жоқпын. Бірақ менде Қазақстанға көшу жоспары жоқ.
Мен қазақ фильмдерін көріп жүруге тырысамын, негізінен «Рэкетир», «Анаға апарар жол» фильмдерін, комедияларды көремін. Маған қазақстандық әнші Айдана Меденова ұнайды – мен оның әндерін жиі орындаймын. Қайрат Нұртастың әндерін Ресейде де біледі, сонымен қатар маған Нұржан Керменбаев ұнайды.