facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/82b/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/82be36896e482c8fd212dbe34e944a32.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
chehiyada-y-m-r-duman-ali-europada-y-m-r-s-ru-erekshel-kter-men-or-birzhasynda-y-zh-mysy-turaly
logo
Чехиядағы өмір: Думан Али Еуропадағы өмір сүру ерекшеліктері мен қор биржасындағы жұмысы туралы

21.10.2020

Чехиядағы өмір: Думан Али Еуропадағы өмір сүру ерекшеліктері мен қор биржасындағы жұмысы туралы

Думан, Еуропада тұрады. Ол Прага қаласындағы Eurex компаниясының қызметкері. Өзінің жұмысы туралы бізбен бөліскенді жөн көрді.


Думан Али, Прага қаласы, қаржыгер, Eurex компаниясының қызметкері, @duman__ali

Чехиядағы өмір: Думан Али Еуропадағы өмір сүру ерекшеліктері мен қор биржасындағы жұмысы туралы

Қоныс аудару туралы

Мен Атырау облысының шағын ауылында өстім. Прагаға мектепті бітіргеннен кейін, яғни 2013 жылы тілдік курстарда оқуға көштім. Мұнда экономика бакалавры және магистрі дәрежесін алдым. Және Eurex-те біраз уақыт бойы жұмыс істеп келемін. Eurex-бұл Deutsche Börse Group неміс қор биржасының еншілес компаниясы.

11 сынып оқып жүргенде мен оқуға қайда түсу керектігін білмедім, бірақ шетелде оқуға қызығушылық танытып жүрдім. Сол уақытта менің көзіме Чехияда чех тілінде тегін оқу деген тақырыбшамен жарнама түсті. Сондықтан мен алдымен тілдік курстарға келдім. Бірақ нәтижесінде бәрі бір ағылшын тілінде оқуды таңдадым, себебі ол көптеген перспективтарға жол ашады. Чехияда көптеген шетелдік компаниялар жұмыс істейді, өйткені ел Еуропаның орталығында орналасқан, ал бизнеске үлкен жеңілдіктер беріледі. Сондықтан бұл елде шет тілдерін білсең жұмыс табу оңай.

Бейімделу және уақытша қиындықтар туралы

Чех тілі — славян тілі. Ол түсінікті болып көрінеді, бірақ қарым-қатынас кезінде орыс тілінде жоқ сөздерді байқайсыз. Дегенмен де бастапқыда жергілікті тұрғындармен түсінісіп,қажет болған жағдайда көмек сұрай аласыз.

Маған Прага ұнады. Мен әрқашанда адамдардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасалатын үлкен дамыған қалада өмір сүргім келген.

Чехиядағы өмір: Думан Али Еуропадағы өмір сүру ерекшеліктері мен қор биржасындағы жұмысы туралы

Бірақ келгенде менде мәдени шок болды. Алғашында мұндағы басқа архитектураға, адамдарға және өмір салтына үйрене алмадым. Бейімделуіме тілдік курстар көмектесті. Студенттерге қолдау көрсете алатын жақсы мұғалімдер мен кураторлар маған сабақ берді. Сонымен қатар маған жерлестермен танысу да көмектесті. Чехияда, әсіресе Прагада қазақтар көп.

Елшілік жанынан «Тарлан» коммерциялық емес студенттік ұйымы ұйымдастырылды. 2014-2015 оқу жылында мен сол жерге кірдім. Қауымдастық студенттерімізге бейімделуге көмектеседі және әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Мен білім бөлімінде жұмыс атқардым, біз түрлі ойындар мен викториналарды ұйымдастырдық.

Чехияда заңға салмақты қарауға кеңес беремін. Мұндағы тәртіп қатал және оларды айналып өту мүмкін емес

Бәрінен бұрын таң қалдырғаны, айналамдағы адамдардың қаншалықты әртүрлі болуы. Әр түрлі елдердің студенттері, әрқайсысының өзіндік дүниетанымы бар. Олармен араласу қызықты болды.

Мен Чехияда заңға салмақты қарауға кеңес беремін. Мұндағы тәртіп қатал және оларды айналып өту мүмкін емес. Кез келген заң бұзушылық үшін жаза қарастырылған: шағын айыппұлдан депортацияға дейін.

Екінші кеңес — бәріне жеңіл қарау. Мен келген кезде қатты күйзелгенім, оқу мен оқуға түсу туралы алаңдағаным есімде. Бірақ егер сіз күш салсаңыз, мұғалімдер сіздің талпынысыңызды байқайды және бағалайды.

Даму және мансап жайлы

Чехиядағы иммигранттар үшін еңбек нарығына кіру қиын. Алай да:

— жергілікті ЖОО-ны бітіріп, автоматты түрде рұқсат алуға

— қажетті құжаттарды жинап, виза рәсімдеу үшін жұмысқа орналасуға болады.

Бірінші жолы — төте жол.

Чехияда, студент заңды түрде аптасына 15-20 сағат жұмыс істей алады. Бұл мүмкіндікті пайдалану керек, өйткені Прагада шетелдік компаниялардың кеңселері көп. Жұмысқа орналасу үшін студентке тек ниет керек. Чехтер бар нәрсеге қанағат етіп, көп нәрсені талап етпейді. Ал ТМД тұрғындарының жақсы өмірге деген құштарлығы бар. Жұмыс берушілер мұны байқайды және қолдайды.

Чехиядағы өмір: Думан Али Еуропадағы өмір сүру ерекшеліктері мен қор биржасындағы жұмысы туралы

Мен алғаш рет 2015 жылы Work and Travel бағдарламасы бойынша шетелде жұмыс істедім. Маған өзім ақшамның болғаны ұнады, сондықтан Прагаға оралғаннан кейін мен жұмыс іздей бастадым. Осы кезеңде Чехиядағы жұмыссыздық деңгейі төмендей бастады. 2017 жылдың жазында мен Exxon Mobil Corporation компаниясынан ұсыныс алдым — бұл американдық мұнай компаниясы. Үш жыл ішінде менде төрт түрлі команда болды, мен өзім бес позицияда жұмыс істедім.

Пандемия кезінде мен Қазақстанға оралуды жоспарладым, тіпті жұмыстан шықтым, бірақ ата-анам қалып, екі жыл жұмыс істеуге кеңес берді. Мен жұмыс орындарын қарап отырып Eurex-ке тап болдым. Чехия үшін Eurex-жас компания. Ол елде 10 жылға жуық жұмыс істейді және өсіп келеді. Бренд қор нарығындағы фьючерстер мен опциондарды клирингтеумен айналысады. Біз қазір Франкфурттық компания ретінде жұмыс жасаймыз, бірақ жақын арада Чех-тік боламыз.

Чехиядағы өмір: Думан Али Еуропадағы өмір сүру ерекшеліктері мен қор биржасындағы жұмысы туралы

Eurex-ке бейімделу жеңіл өтті. Менің кішкентай командам бар, небәрі алты адам, біз бір-бірімізбен жақсы тіл табысамыз. Ұжымда мен жалғыз қазақпын, бірақ Ресей, Бразилия, Украина және Чехиядан келген жастар бар.

Біз туынды құралдарды өңдеумен айналысамыз-бұл опциялар мен фьючерстер. Біздің клиенттеріміз-Goldman Sachs, Société Générale сияқты әртүрлі ірі компаниялар. Менің міндетім — олардың кепілдерін қадағалау, опциондардың сатылуын бақылау және олармен байланыста болу.

Чехиядағы өмір: Думан Али Еуропадағы өмір сүру ерекшеліктері мен қор биржасындағы жұмысы туралы

Біздің командадағы мәдениет қарапайым. Біз міндеттерді өзара бөлдік. Ешкім өзін біреуден жоғары немесе маңызды деп санамайды. Нарық ұйықтамайды, сондықтан біз үш ауысымда жұмыс істейміз. Бірақ есептер жасау үшін жүйені бірнеше сағатқа өшіреміз. Сондықтан, кеш ауысымда жұмыс істейтіндердің басты міндеті-ешқандай ақаулар мен қателіктер болмас үшін жүйені жіті бақылауда ұстау.

Қоныс аудару әсері

Менің өмірлік көзқарасым өзгерді. Бейімделу, әртүрлі адамдардың тілін табуды үйрендім. Бұл жұмыста да, өмірде де пайдалы дағды. Оқу барысында мен адал еңбекке деген сүйіспеншілікті дамыттым. Қалыптасқан стереотиптерден бас тартып, жаңа жағдайларға бейімделдім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.