facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/4dc/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/4dcd9fb011157a2ef2eb1938e9cd1d6a.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
carnegie-mellon-university-zd-k-tehnikaly-universitette-b-l-m-al-an-aza-standy-tar-turaly
logo
Carnegie Mellon University. Үздік техникалық университетте білім алған Қазақстандықтар туралы

13.07.2022

Carnegie Mellon University. Үздік техникалық университетте білім алған Қазақстандықтар туралы

АҚШ-тағы үздік техникалық университеттердің бірі — Карнеги Меллон университетінде білім алған отандастардың 3 оқиғасы. Қалай түсүге болады, оқу неге қиын және би сабақтарына кредитті қалай алуға болады.


Назым Сатбекова, Алматы қаласы, Kolesa Group машина жасау инженері, @ginger_and_peach

Назым Сатбекова

Университет таңдау

Мен университетті өз мамандығым бойынша таңдадым. Маған әлемдегі ең жақсы Статистика мектептерінің бірі орналасқан Дьюк университеті мен Карнеги-Меллон университетінің арасында таңдау жасауыма тура келді.

Карнеги-Меллон университетінің артықшылығы — университет кампусы қаланың ішінде орналасқан. ЖОО техникалық бағыттан бөлек гуманитарлық және шығармашылық мамандықтар жақсы дамыған. Менде студенттер контингентінің әр түрлі болғанын қаладым.

Мүмкіндігінше өтінішті бірнеше университеттер мен мектептерге беруді ұсынамын. Одан бөлек ЖОО студенттерінің бос уақытта айналысатын істеріне назар аудару керек. Университет атмосферасын сезіну үшін алдын ала кампусқа барып, студенттермен және түлектерімен сөйлесіп, араласып көрген жөн.

Оқуға түсу туралы

Оқуға түсу үшін SAT I және SAT II нәтижелері жақсы болуы керек, сонымен қатар ағылшын тілінен емтихан тапсырып, оқудың маңыздылығын, бітірген соң қосатын үлесің туралы мықты уәждемелік хат пен эссе жазуың керек.

Мен құжаттарды негізгі ағымда тапсырғаным үшін, дайындалуға үш ай ғана уақытым болды. Бірақ бұл — мен үшін өте ауыр, стресске толы уақыт болды. Соған қарамастан барлық емтихандарымды тапсырып, таңдаған факультетіме Қазақстаннан өткен жалғыз мен болдым.

Университеттергі құндылықтар сізге сәйкес келетінін түсіну үшін, ЖОО жақсылап зерделеу өте маңызды

Өзіңізге ұнайтын, өзіңді көрсете алатын пәндерді таңдап, алдын ала дайындалған дұрыс. Университеттергі құндылықтар сізге сәйкес келетінін түсіну үшін, ЖОО жақсылар зерделеу өте маңызды. Оқу барысында тек сабақты жақсы оқу ғана емес, өзіңді жан-жақты адам екеніңізді көрсету керек. Сонымен қатар, ЖОО құжаттарды ертерек тапсыраңыз, қабылдау мүмкіндігі жоғары.

Оқудағы ерекшеліктері туралы

Карнеги-Меллон университетінің бакалавр дәрежесін алу үшін, мамандық бойынша қажетті курстардан басқа, әртүрлі пәндер бойынша негізгі курстардан өту керек. Мысалы, менде тарих бойынша бірнеше міндетті курстар болды. Эссе мен ғылыми мақалалар жазу, сыни ойлауды үйрену қиын болды, өйткені бұл дағдылар бізге мектепте үйретілмеген.

Тағы бір қиындық — академиялық ағылшын тілі. Семинарларда басқалармен тең пікір алмасу үшін тілдік кедергіні жою керек екенін түсіндім.

Carnegie Mellon University

Маған студенттерді тестілеу негізінде білім деңгейі бойынша топтарға бөлу жүйесі ұнады. Бірде мен, математикадан тестке қатыса алмадым, олар мені бірден стандартты топқа ауыстырды. Бірақ мен математика факультетінің деканына барып, менің пікірім ескеріліп, жетілдірілген топқа қайта ауыстырылдым.

Университетте оқытушылар құрамы өте мықты. Профессорлар күрделі және кейде қызықты тақырыптарды ұсыну арқылы, студенттерге пәнге деген сүйіспеншілігін жеткізеді және жеткізе алады.

Тағы бір артықшылығы — екінші курста өз мамандығыңызды таңдай аласыз. Ал ол уақытқа дейін әртүрлі курстармен мен бағыттарды сынап көруге болады. Білім беру бағдарламаларынан басқа, сіз мүлдем басқа бағыттар бойынша қосымша курстарға жазыла аласыз. Мысалы, мен психология курсын, би сабақтарын, суретке түсіру курстарына жазылдым.

Карнеги-Меллон студенттері

Менің айналамда ақылды, озық, өршіл, саналы адамдар өте көп болды. Американдықтар — тиімділік пен нәтижеге бағытталған, бір уақытта хореограф пен математиканы меңгере алатын алатын жан-жақты адамдар. Әрбір екінші студент бір уақытта екі түрлі мамандықты меңгереді. Менде қызығып,қатар екінші мамандықты меңгеруді шештім,алайда бұл өте үлкен жүктеме болды.

Менің айналамда ақылды, озық, өршіл, саналы адамдар өте көп болды

Студенттерге қарап — олардың әрқашан бірнәрсені уайымдап жүретінін байқауға болады. Жұмыстары қарбаласып, істейтін істері көп болса да бірінші курстан бастап жұмыс жасап, ақша таба бастайды. Осындай жағдай мені өте қатты шабыттандырды.

Университеттен не үйрендім

Мен мұндай оқу барысында өзімді және өзімнің мүмкіндіктерімді бағалау, оларды қабылдау туралы пікірім өзгерді. Өз мүмкіндіктерімді бағалай алу үшін қайтпас қайсарлықпен, тырысып, бар күшіңді салып көру керек екен. Егерде бірнәрсені қаласаңыз, құлшыныс арқылы сіз бәріне де жете аласыз. Әр адамның әлеуеті зор, мысалы осы уақыт ішінде мен, бір уақытта бірнеше істі қатар алып жүре алатынымды түсіндім.


Нариман Оспанов, Алматы қаласы, Dev ops, facebook

магистратура в США

Университет таңдау

Мен мектеп кезінен жақсы университетте оқығым келетін. Ал айналамдағы жетістікке жеткен достарым мені одан сайын ынталандыратын. Мен «Болашақ» бағдарламасына құжат тапсырып, бірақ екі ретте әңгімелесуден өтпедім. ХАТУ-ға IT-мамандығына түсіп, магистратураға түсуге дайындалдым.

Мен оқығым келген университеттердің тізімінде Карнеги-Меллон болды. ЖОО информатика мен робототехникада ерекше күшті университет. Сонымен қатар рейтингі жоғары, көптеген ғылыми жетістіктері бар, оқытушылар құрамы өте жақсы. Питтсбург қаласы өмір тұрғысынан тартымды әрі, Uber сияқты технологиялық компаниялардың кеңселері бар қала.

Оқуға түсу туралы

Карнеги-Меллон университетінде мені Electronic technologies and business бір жылдық магистрлік бағдарламасы қызықтырды. Оқуға түсу кезінде менің жақсы тәжірибем болды. Мен Air Astana компаниясында бір жыл жұмыс істегендіктен, бұл бағытта мен судағы балық сияқты болдым. Сондықтан бұл ЖОО «Болашақ» бағдарламасы бойынша бірінші кезеңнен ақ түсіп кеттім

Оқудағы ерекшеліктері туралы

АҚШ оқу жүйесі біздікінен мүлде бөлек. Мен алғаш келген кезде менің компьютерімде торрентті фильмдермен жүктеуге мүмкіндік беретін бағдарламам болды. Мені ақпараттық қауіпсіздік департаментіне шақырып, заңсыз іспен айналысып жүргенімді айтып, ескертті. Қазақстанда мұндайға ешкім мән бермейді ғой, бірақ АҚШ-та маған бұл авторлық құқықты бұзу және осындай теріс қылықтың салдары болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Университет профессорларының арасында әрдайым қызықты болатын көптеген танымал адамдар бар

Университет профессорларының арасында әрдайым қызықты болатын көптеген танымал адамдар бар. Мысалы, бізге миллионер және Java бағдарламалау тілінің негізін қалаушының сыныптасы сабақ берді. Цукерберг пен ағайынды Уинклвосс ісіне қатысқан тәжірибелі заңгер де болды. Ол информатика саласындағы заңнама курсын өткізді, онда біз нақты жағдайларды талқылайтынбыз. Профессорлардың бірі маркетплейсті қалай құру туралы курс оқып, логистикалық жүйені өзі құрап, оны 700 миллионға сата алды.

Университет Карнеги — Меллон


Бізде сырттан келген лекторлар да болды. Мысалы, Andrew Ng жасанды интеллект саласындағы танымал маманмен кездесу өтті. Бұдан басқа, рекрутингпен айналысқан үздік компаниялардың қызметкерлерімен түрлі іс-шаралар мен хакатондар да өткізілетін.

Карнеги-Меллон студенттері

Оқу режимі қарқынды болды. Группаластарымыздың арасында өз жобалары бар жасы да тәжірибесі де үлкен кісілер болды. Сондықтан кітапханаларда кідіріп, тынбай оқуға тура келді.

Терең академиялық білімдерден басқа, мен Soft Skills дағдыларды игердім

Мұндағы студенттердің басым көпшілігі шетелдіктер. Көбісі Азия мен Үндістаннан келеді. Түрлі мәдениет пен дін өкілдерімен танысу өте қызықты, сондықтан көбісімен әлі күнге дейін араласып тұрамыз.

Университеттен не үйрендім

Мұнда мен, терең академиялық білімдерден басқа, мен Soft Skills дағдыларды игердім. Қолымнан бәрі де келетінін түсіндім. Өте жақсы, білімді профессорлармен қоса студенттермен де танысу мүмкіндігім болды.


Ерлан Минавар, Алматы қаласы, Chief Innovation Officer «Транстелеком», linkedin

Карнеги - Меллон


Университет таңдау

Менің жолым болды деп есептеймін, себебі ата-анам бізді бауырларымызбен АҚШ-та оқуға жіберді. 2001 жылы мен жеке американдық мектепке түсіп, онда 11-сыныптан бастап оқи бастадым. Мұндай мектептерде мұғалімдер оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге мақсатты түрде дайындаумен айналысады.

Бала кезімнен нақты ғылымдарға қызығушылық танытушы едім. АҚШ-та мен физика, математика, информатика сияқты пәндер бойынша ең қиын деңгейлерді меңгере алдым. Сондықтан оқу бітіргенде түсім келетін ЖОО тізімінде Карнеги-Меллон бірінші тұратын.

Оқуға түсу туралы

Емтихандарды тапсырып болған соң, қажетті құжаттар мен ұсыныс хаттарды жинап, күттім. Мені әңгімелесуге шақырды, нәтижесінде мен оқуға түстім.

Кез-келген сәтті нәтиже — тынбай жасалған әрекеттердің нәтижесі

Менің ойымша, кз-келген сәтті нәтиже — тынбай жасалған әрекеттердің нәтижесі. Оқуға түсу үшін академиялық үлгерім, эссе, хобби және жеке қызығушылықтарыңыз бен амбицияларыңыз маңызды болғандықтан, шешім кешенді түрде қабылданады.

Оқудағы ерекшеліктері туралы

Мен университетті 2006 жылы бітірдгендіктен, сол сәттен бастап оқыту жүйесі әлдеқайда дамыған және ол кезге қарағанда сәл өзгешелеу.

Бакалавриат төрт жылдық оқуды қамтиды. Бірінші курс — freshmen, екіншісі — sophomore, үшіншісі — junior, төртіншісі — senior year.

Американың барлық ірі университеттері бағыттар бойынша колледж-мектептер жиынтығына ұқсайды. Көптеген студенттер үшін бірінші жыл бірдей, сіз математика, ағылшын тілі, тарих сияқты стандартты курстарды оқисыз. Алайда, Карнеги-Меллонда, егер сіз гуманитарлық бағытта оқитын болсаңыз, өзіңізді дамыту үшін басқа сала бойынша да сабақ ала аласыз.

Карнеги — Меллон


Бірінші курстан кейін студенттер мамандықтарын анықтайды. Сондықтан осы кезеңде көптеген студенттер жүйенің икемділігі мен мүмкіндіктеріне қарай оқу бағытын өзгерте алады. Үшінші және төртінші курстарда студенттер алғашқы екі жыл ішінде алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйренетіндіктен өз мансаптарын бастап кетеді.

Үшінші курстың соңында студенттер түйіндеме жасап, өз мамандықтары бойынша жазғы тағылымдамадан өтеді. Бұл барлық адамдар белсенді жұмыс іздейтін стресстік кезең деуге де болады. Сізді тәжірибеші ретінде қабылдаған ұйым, тәжірибе кезеңі біткен соң толыққанды қызметкер ретінде жұмысқа шақыруы керек. Егер сіз осы шақыруды алсаңыз, онда 4 курста уайымсыз өткізіп, тек диплом алуға ғана келсеңіз болады.

Карнеги-Меллон студенттері

Американдық оқыту жүйесі нәтижеге бағытталған, сондықтан студенттер арасында бәсекелестік жоғары. Адамдар жақсы бағалар алу, әртүрлі клубтардың қызметіне қатысу үшін тыным таппайды. Мұндай орта өте ауыр қысым жасайтындықтан, оны бәрі бірдей көтере бермейді. АҚШ-та өмір сүрген жылдар ішінде мен американдық жақын достар таппадым. Бұл да бәсекелестік мәдениетінің салдары деп ойлаймын.

Американдық оқыту жүйесі нәтижеге бағытталған, сондықтан студенттер арасында бәсекелестік жоғары

Біз Work hard — Play hard қағидаты бойынша оқыдық. Шынында да біз, өте көп жұмыс істедік, демалуға мүмкіндік болған кездің өзіндеде тыным таппауға тура келді. Университеттік достарымызбен әлі де тығыз байланыстамыз, өйткені біз барлық қиындықтар мен эмоцияларға толы кезеңді бірге өткіздік.

Университеттен не үйрендім

Бірінші курста бізге профессорымыз: «Біз қазір үйреніп жатқан нәрсені өмірде қолданатындарыңызды білмеймін, бірақ мен сіздерді ойлануға, мәселені түсінуге, өз бетіңізше шешім табуға үйретуге тырысып жатырмын» деді. Дәл осы сөздер санамда жылдар бойы сақталып қалды. Бізді бірінші курстан бастап ойлануға, түрлі шешімдерді өз бетімізше табуға үйретті.

Карнеги-Меллонның басты артықшылықтары:

— үздік техникалық ЖОО

— қала ішіндегі бөлек кампус болғаны өте ыңғайлы

— әртүрлі пәндердің көп болуы

— Питтсбург — АҚШ-тағы ең арзан ірі қалалардың бірі

— интернационал ортаның болуы.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.