Евгений Култушев, 21 жаста, туған жері — Алматы
ЖОО-ны таңдау туралы
Мен осы жылы ҚБТУ-ды ЕТЖБЖ мамандғы бойынша бітіремін, бұл ақпараттық технологиялар факультеті. Қазір мен дипломдық жұмыспен жұмыс жасап жатырмын, сәуірдің ортасында бізде алғашқы алдын ала қорғау өтеді.
Менің отбасымда барлығы инженер және мен де әкем мен әжемнің жолын жалғастырғым келді. Бала кезімнен электрониканы, компьютерлерді жақсы көретінмін және өз күшімді IT-да сынап көргім келді. Түсу үшін шетелдік және қазақстандық бірнеше университеттерді қарастырдым: Назарбаев университеті мен ҚБТУ арасында таңдау жасадым. Менің мамандығым бойынша ҚБТУ-дың артықшылығы көп болды, сондықтан осында оқитынымды шештім. Сонымен қатар көптеген жоғарғы сыныптағы достарым да осында түсіп, маған осы ЖОО-ға түсуге кеңес берді.
ҚБТУ туралы
ҚБТУ менің барлық үмітімді ақтады. Осында оқып жатқан уақыт ішінде профессорлар құрамынан үш декан ауысты және әрқайсысы белгілі даму жолына бағыттап отырды.
Тар шеңберлі мамандық бағыттарынан басқа өзіміз таңдаған көптеген қызықты тәртіптер мен технологияларды оқып үйрендік. Соңғы семестрде сабақтар көп болды, бірақ біз тар бейінді сабақтарға назарымызды аудардық: операциялық жүйелердің архитектурасы, программалау тілдері, жасанды интеллектті әзірлеу. Бізде web-әзірлемелер бойынша мені шабыттандырған көп тәртіптер болды.
ҚБТУ менің барлық үмітімді ақтады
ҚБТУ-да мамандықтар мен кәсіптер арасында шектеу жоқ екені жақсы. Егер сен бір нәрсеге қызықсаң, онда бастапқы материалды ала аласың, оның негізінде белгілі бір бағытты таңдауға болады. Маған аралық тексеріс пен негізгі сессия арасында үзіліс болмайтыны ұнайды. Себебі оқыған нәрселерің басыңда әлі сақталып тұрады.
Студенттік өмір де университетте белсенді. Спортты жақсы көремін, сондықтан ҚБТУ-да сондай іс-шараларға қатысып отырамын. Сонымен қатар қайырымдылық акциялары өтеді, кино мен театрды сүйетін адамдарға арналған ұйымдар бар. Бірақ қатысу үшін уақытым әрдайым жетпей жатады, себебі менде оқу бағдарламасы өте қызу.
Артықшылықтар туралы
ҚБТУ көшіргі қағаз арқылы жұмыс істемейді, бағдарламадан сәл алшақтап, студенттің өтінішімен қосымша курстар бере алады. Жиі жағдайда студент пен оқытушы қандай да бір технологияға қызығып жатса, деканатқа қосымша курс ашуға өтініш білдіруге болады.
БЖОО-мыз жаңа технологиялар мен бастамаларға ашық және бұл үлкен артықшылық.
Бізде күйзелісті көтере алатын мамандарды дайындайды, себебі кей кезде біз белгілі тапсырмаларды екі апта ішінде дайындауға тиіс боламыз, ал қалғандары оны екі ай ауқымында дайындайды.
ЖОО-мыз жаңа технологиялар мен бастамаларға ашық және бұл үлкен артықшылық
Қиындықтар туралы
ЖОО-да инфрақұрылым орнатылмаған. Асхана мен кітапхана ғана бар, бір жерде шу көп, ал екіншісінде шулауға болмайды. Бұл жағынан маған КИМЭП ұнайды — ол жерде футболды алаң мен кофе ішетін жер бар.
Бізде өткізу жүйесі өте қатал. Егер таңертең емтиханға асығып, ID-ді ұмытып кетсең, онда күзет өткізбеуі мүмкін, емтихан есептелмей, ақылы түрде қайта тапсыруға тура келеді.
Менде жатақханада бір жағдай болды. Досым ауырып қалып, мен оған дәрі әкелдім, ол төменге түсе алмады, ал мені ішке кіргізбеді.
Келешегі туралы
Екінші курстың соңында университетте алған білімімді пайдаланып, мамандығым бойынша жұмыс істей бастадым. Қазір тобымыз, тұрақты клиенттеріміз және дамуға деген ынтамыз бар.
Біреуге жұмыс істеп көрдім, алайда маған өзіме жұмыс істеген көбірек ұнайды. Бірақ жұмыс бойынша сұхбаттасуға келіп, ҚБТУ-да оқитынымды айтқан кезде маған басқаша көзбен қарайтын.
Бота Мусса, туған жері — Көкшетау
ЖОО-ны таңдау туралы
Математикалық компьтерлік модельдеу факультетінің төртінші курсында оқимын. Мектеп кезінде математикамен айналыстым, олимпиадаларға қатыстым, аналитик болғым келген соң математикамен байланысты мамандықты таңдайтынымды шештім.
Бұл ЖОО туралы тәтем кеңес ретінде айтты, бұрын ол туралы естімеппін. Басында Астанаға, ата-анама жақын жерге түсем деп ойладым. Бірақ сосын ҚБТУ-дың артықшылығы көп екенін түсіндім. Осылайша біз ата-анамызбен Алматыға келіп құжаттарды тапсырдық, бір аптадан кейін мені оқуға қабылдады.
ҚБТУ туралы
ҚБТУ-да барлығы 3000 студент оқиды және біз бір-бірімізді танимыз.
Менің факультетім 2013 жылы ашылды және 4 курста барлығы 12 адам оқиды.
Егер студент GPA үштен асса, оны шетелге алмасу бойынша оқуға жібереді
Егер студент GPA үштен асса, оны шетелге алмасу бойынша оқуға жібереді. Осылайша мен Сеулде Им Су Чжон университетінде оқып шығып, бір жылдай сонда болдым. Бұл жастар үшін күшті мүмкіндік.
Егер оқудың он күнін босатсаң, онда сені емтиханға кіргізбейді, сол пәнді қайтадан алып, төлеуге тура келеді. Көшіруге де болмайды. Бұл дұрыс деп ойлаймын, себебі студенттер өздеріне жауапкершілік алады.
Келешегі туралы
Еліміздің ең үздік техникалық жоғарғы оқу орнында оқитынымды сезінемін. Кеше бізге біздің университетті бірнеше жыл бұрын бітірген түлектеріміз келді, қазір олар АҚШ-ғы Силикондық долинада жұмыс істейді. Біреуі Google-да, екіншісі Facebook-та. Яғни, біздің білім оларға осындай мүмдіктер берді.
Кеше бізге біздің университетті бірнеше жыл бұрын бітірген түлектеріміз келді, қазір олар АҚШғы Силикондық долинада жұмыс істейді
Сонымен қатар бізде керемет оқытушыларымыз бар. Олардың бірі — Джумадильдаев Аскар Серкулович, ол әлемнің ең үздік математиктерінің ондығына кіреді. Оның Кембриджде және Оксфордта білім беру тәжірибесі бар. Англия, Ресей елдерінен келген профессорлар бар. Олар әрдайым көмектесіп, кеңес береді.
Айдана Махмуткалиева, 19 жаста, туған жері — Тараз
ЖОО-ны таңдау туралы
Мен химиялық инженерия ғылыми білім беру орталығының «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының үшінші курс студентімін. Химия пәнінен мектеп олимпиадасына қатыстым, химияны жақсы білдім, сосын бұл пәнді ҰБТ-да тапсырдым. Ал ҰБТ-ны тапсырғаннан кейін ҚазҰУ мен ҚБТУ арасында таңдау жасадым. Алтын белгі иегері болғандықтан, мені ҚБТУ-ға қабылдады, осыған өте қуанышты болдым. Өйткені, мектеп оқушыларының барлығы бұл Қазақстандағы ең үздік техникалық университет екенін біледі.
ҚБТУ туралы
Біздің мамандық өз ішінде тағы екі мамандыққа бөлінеді «полимер» және «мұнай-газ». Мен «полимер» мамандығы бойынша оқып жатырмын, болашақта «Тенгиз Шевройл», «ҚазМұнайГаз» және құрылыс компанияларында жұмыс істей аламын. Біздің саламыз жоғары төленетін сала, бірақ жалғыз кемшілік — барлық зауыттар Батыста орналасқан.
Келешегі туралы
Оқытушылармен, профессорлармен жұмыс істейтін химиялық лабораториялардың бар болуы маңызды рөл атқарады. Бұл дипломдық жұмысқа екінші курстан бастап дайындалуға мүмкіндік береді. Кітапхана бізге пайдалы жақсы компьютерлермен, журналдармен жабдықталған.
Оқытушылармен, профессорлармен жұмыс істейтін химиялық лабораториялардың бар болуы маңызды рөл атқарады
Бізде жыл сайын бітірушілер мен үшінші курс студенттеріне арналған бос жұмыс орындарына жәрмеңке өтеді. Бұл университет бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Басында, барлық пәндер ағылшын тілінде болған кезде, маған мектепте алған білімім жеткіліксіз болды, сол себепті қалып, өз бетімен үйренуге тура келді. Бірақ бұл болашақта тек артықшылық береді.