facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bro-glasses-alaysha-2-dos-3-zhyl-sh-nde-aynalymy-24-000-000-raytyn-biznes-ashty
logo
Bro glasses. Қалайша 2 дос 3 жыл ішінде айналымы 24 000 000 құрайтын бизнес ашты

16.07.2018

Bro glasses. Қалайша 2 дос 3 жыл ішінде айналымы 24 000 000 құрайтын бизнес ашты

Данияр Шайкемелов, 25 жаста, туған жері — Қостанай, Bro компаниясының негізін қалаушыларының бірі, қаржы директоры

Компания атауы: Bro

Қызмет саласы: оптика

Құрылған жылы: 2015

Бастапқы капитал: 80 000 тг


Барлығы қалай басталғаны туралы



20180508-WED_7481.jpg

Bro компаниясын Рафаель Тлепов деген досыммен бірге аштық. Онымен 2014 жылы жалдамалы пәтерде таныстық. 16 жасымнан кәсіпкерлік қызметпен айналысып келемін. Ал Рафаель саудаға негізделген.

Біз күннен қорғайтын көзілдірікпен айналысуды шештік. 40 000 теңгеден қосылып, бастапқы капитал 80 000 теңгені құрады. Ресейде жеткізушілерді тауып, ғаламторда сата бастадық.

Instagram желісінде екі парақшамыз болды: «VIP очки Қостанай» және «Очки Астана». Ең бірінші болып біздің парақшаны танысымыз өз парақшасына жүктеп, жарнамалады. Сол кезде көзілдірікті Қостанайдағы ЦУМ-да 15 000 теңгеге, ал ол кездегі есептеулер бойынша бұл қымбат баға болып саналды немесе базарда 1000 теңгеге сатып алуға болатын еді. Орташа сегмент болған жоқ. Біз бұны сата бастаған кезде түсіндік. Біздің көзілдіріктер 4000 теңге тұрды, оған қоса біз оны пакетке, қорапқа, сулығы бар құтыға салдық.

Бірнеше күннен кейін бізге қала орталығында тұруға болмайтынын айттты, кейін біз базарға көштік. Тауарды сатып алуға екеуміз бірге баратынбыз, әр көзілдірікті тексеріп, сызаттардың болмауын қарадық. Көзілдіріктердің жағдайын тексеруге екі күніміз кететін.

Мереке күндері сауда жұмыс күндеріне қарағанда жақсырақ болды. Сатушы көзілдірігіміз қымбат және қарама-қарсы жолда олар екі есе арзан тұрады деп шағымданатын. Рафаель оған қалай сату қажет екендігін түсіндірді.

Кейін біз «Очки Астана» парақшасында сұраныс көбірек екенін байқадық. Рафаельге Астанада сатуды ұсындым, ал ол келісті. Көлікке тауарларымыз бен заттарымызды жүктедік. Республика даңғылында, KFC жанында сауда жүргіздік. Астанада бірнеше күн ішінде Қостанайда бір айда сатқан тауар мөлшерін саттық. Кейін артықшылықтарды байқап, Астанаға көштік. Рафаель киімдерді алып келу үшін Қостанайға кетті, ал мен Ресейге тауарды алу үшін кеттім.

Содан кейін «Жетінші континент» БО жанындағы шыңның астынан орын жалдадық. Тауарды көбірек алуға мүмкіндігіміз болған жоқ, сондықтан тауарға әр бес-жеті күн сайын барып тұрдым. Күзде сауда төмендеп, мен автокөлік перделері мен көрпешіктерімен айналыстым, ал Рафаель «Спортмастер» дүкеніне жұмысқа кірді. Бұнымен бірге Instagram парақшасы арқылы көзілдіріктің кішкене бөлігін сатып отырдық.

2016 жылдың ақпанында дүкен ашу үшін инвестор табуды шештік. Бізге екі миллион теңге қажет болды. Жоспар құрастырып, адамдарға көрсете бастадық, бірақ бізге ешкім сенбеді және ақша бөлмеді. Бір рет түскі ас ішуге бара жатқанда банкке несие алып көрейін деп кірдім. Менің шегерімдерім де болған жоқ, мүлдем күтпеген жерден маған 800 000 теңге көлемінде несие берді. Біз «Есіл» СҮ-нің жертөле қабатында 12 шаршы метрді жалға алып, жөндеу жұмыстарын жасап, жиһаз сатып алдық, ал қалған ақша тауарға кетті. Есімде орындыққа ақша жетпей,алғашқы кезде тұрып сауда жасауға тура келді. Ашылып, Instagram парақшасына жазба жаздық. Адамдар бірден келіп, сауда іске асады деп ойладық, бірақ сауда болмады, сол себепті көңіліміз қалды. Сол кезде біз ақша жинап, сол ақшаға тауар мен орындық сатып алу мен жарнама жасау арасында таңдау жасадық. Terri Tima-мен байланысып, бізді жарнамалауды сұрадық. Ол вайн түсіріп, келесі күні сауда бірнеше есе өсті. Жұмсалған ақша бір жарым ай ішінде қайтып келді, ал біз жарты жылдан аз уақытта ақшамызды шығара алмаймыз деп ойладық. Біз бар күш жарнама мен алға ұмтылуда екенін түсіндік. Аккаунтымызды дамыта бастадық — контентті ойластырып, фотосессия жасадық.



Оптиканы қалай сата бастағаны туралы



20180508-WED_7470.jpg


Сатылымда күннен қорғайтын көзілдіріктер болды және күзге қарай сауда деңгейі төмендейтінін түсіндік. Сонда оптикамен айналысу туралы ой келді. Шілде айында оптика нарығын бақылай бастады. Республика-Иманова қиылысында керемет қасбеті бар орынға тап болдық. Жалдама қымбат болды, бірақ біз тәуекелге барып, жаңа орынның ашылуымен айналысуды шештік. Бізге нарықтағы бағадан бес есе кем ақшаға эко стилінде дизайн жасады. Қыркүйек айында ашылдық. Бізде екі дүкен жұмыс істей бастады: «Есіл» СҮ және Республика-Иманова.

Оптика — бұл жауапкершілік. Бұрын болмаған көптеген жағдайларды кездестірдік. Таныстарымызға хабарласып, қандай көзілдірік киетінін, қай сомаға, неге нақты сол көзілдіріктер немесе линза екенін сұрастырдық. Достарымыздан алған ақпарат негізінде бізге қандай бренд сату керек екенін түсіндік.



Қиындықтар мен сауда көлемін үлғайтуға көмектескен акциялар туралы



Имановадағы салонда қиын кездер болды. Адамдар бізді оптика салоны ретінде білмеді. Бізден көзілдірік алу үшін адамдардың сенімділігі қажет болды. Барлығын басынан бастағандай болдық.

31961288_10157619515087715_8043658315802083328_n.jpg

Берген жарнамамыз да айтарлықтай көмектеспеді. Күннен қорғайтын көзілдіріктерді вайн қарайтын барлық аудитория киеді, ал көзілдіріктерді аз адам. Бұл дүкенді қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болды.

Біз «Барлығы есептелген» акциясын ойлап таптық. Линза, жақтау, жұмыс барлығы бір сомаға кірді. Үш пакет болды: 7490 теңгеге «Студенттік», 14 490 «Жұмыстық» және «Мажорлық». Бұл үлкен серпіліс болды. Адамдар оптикаға келіп, қанша ақша жұмсайтындарын білмейді. Ал адам белгілі сомаға негізделгенде және жүз жақтауы бар пакет болғанда ол өзіне сай тауарды сатып алатынына сенімді. Біз қайтадан қажетті аудиторияны тауып, сатылымдар деңгейі өсті.

Кейін «Жас мөлшері = жеңілдік» акциясын қостық. Сол кезде біз көптеген егде жастағы адамдарды тарттық.



Бүгінгі Bro glasses



Бізде Алматыда, Астанада, Қостанайда бес дүкеніміз бар. Жылдың соңына дейін тағы тоғыз дүкен ашқымыз келеді. Кеңсеміз Алматыда орналасқан, сатып алушыларға кеңес беру үшін call-центр жұмыс істейді.

WhatsApp Image 2018-01-02 at 12.33.56.jpeg

Сондай-ақ бізде Қытайда өз өндірісіміз бар: құтылар, спрейлер. Барлық аксессуарларды өздеріміз өндіреміз. Бірнеше ай бұрын өзіміздің көзілдірік желісін енгіздік. Қытайдағы өндірістің негізгі мақсаты — мұндағы бағаларды төмендету. Біздің міндетіміз арзан бағаға қажетті тауар жасау.

Наурызда біздің айналым 24 000 000 теңгеге жетті. Біз 30 миллион теңгені құрайтын айналымға жетуді жоспарлап отырмыз.

Қазір әлемнің барлық компанияларымен жұмыс жасаймыз. Жақында Италияның өкілдерімен кездестік, ол олардың брендті көзілдіріктерін Қазақстанда сату жайлы келісім қағаз жасасуға арнайы келді. Ал кейін он минут ішінде атауы мен мағынасын ойлап таптық. Біз Рафаель екеуміз әрқашан бір-бірімізге «Бро» деп айтамыз, сондықтан BRO — best room optic деп аталатынымызды шештік.

Бұл атау біздің философиямыз бен әдісімізді көрсетеді. Әр дүкенімізде бұл достар дүкені екені жайлы ақпарат бар. Біздің философиямыз барлық команда мүшелерінің дос екендігінде. Бастапқыда бұл атау болашақта қанша мағына әкелетінін түсінбейтінбіз. Алғашқыда Bro-да екі дос болды, ал қазір бұл үлкен команда.



Жоспарлар туралы



Біз өндіріспен айналысамыз. Біздің міндетіміз Bro оптикасы тек өз өндірісін сатуда және үш түрлі баға сегментінде: қымбат емес, орташа және қымбат.

Біздің Рафаельмен міндетіміз — бұл брендті дамыту және біз әлем бойынша көп саяхаттаймыз.

Бұл жылы Bro кофеханасын ашуды жоспарлап отырмыз, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Және біз жеке киім өндіруге көшіп жатырмыз. Жақында Пекиннен келдік, және мүмкін жылдың соңында дейін біздің өндірісіміздің екі дүкені ашылады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.