facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/11c/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/vgd13yymqhik2ln5b8qkxkapvt68watd.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
blog-zh-rg-zgende-e-bastysy-emociya-beru-astanaly-inflyuenser-ma-saby-shabyty-zh-ne-a-yl-ke-ester-turaly
logo
«Блог жүргізгенде ең бастысы — эмоция беру», — астаналық инфлюенсер маңсабы, шабыты және ақыл-кеңестері туралы
Главный (каз)

02.08.2023

«Блог жүргізгенде ең бастысы — эмоция беру», — астаналық инфлюенсер маңсабы, шабыты және ақыл-кеңестері туралы

Астаналық блогер бізге маңсабы мен шабыты туралы айтып, оқырмандарымызға кеңестер берді.


Кәусар Қалдан, 25 жаста, Астана қаласы, инфлюенсер, @kakausar

каусар к

Өзі туралы

Мен Қызылорданың тумасымын. Блогерлік маңсапты бастағанына тек қана екі ай болды, бірақ осы уақыт ішінде жақсы көрсеткіштерге жеттім. Көбінесе Instagram, TikTok-платформаларда Get Ready With Me форматында видео түсіремін.

Мен мамаңдығым бойынша есепшімін. Негізі офиста отырып, ақша санап отыратын адаммын. Осы бухгалтериямен жұмыс істеп, өзімді сол салада көрмедім. Солайша моделингке келдім. Астананың тең жарты дүкендерінде модель болып түстім. Күндердің бір күндерінде ойыма «Неге блогерлікке кетпеске?» деген ой туды. Сөйтіп бірінші видео ретінде Get Ready With Me түсірдім. Соған Дос-Мұқасанның әнін қойып салдым. Видео көп адамға ол ұнап, жақсы көріністер тез жинала бастады.

Маңсабы мен шабыты туралы

Мен өзімді TikTok-креатормын деп айта алмаймын. Негізі Instagram-ға контент салып, оны TikTok-қа ерігіп сала бастадым.

Блог жүргізгенде ең бастысы — эмоция беру. Сол себепті дәл Get Ready With Me форматын таңдадым. Блог арқылы мен адамдарға көмектескім келеді. Қыздарға қалайша макияж жасауға, шаш бұйруға, әдемі киім киюге көрсеткім келеді. Әлемде өзімнің бір сәл ғана қолымнан келе алатын жақсылығым болса, неге басқа қыздарға соны бермеске? Неге қыздарды алға тартпасқа? Осыған байланысты болашақта мен стилистиканы алғым келіп жүр.

каусар к.jpg

Блогерлік маңсабы арқылы көптеген мүмкіндіктер ашылады. Жарнама, түсірілімдерге шақырады, жаңа адамдармен танысамыз. Бұрынғы өмірді қазіргі өмірмен салыстырсам — жердің көктей айырмашылығы. Мен осы саланы бастап кеткеніме қуаныштымын.

Мен осы саланы бастап кеткеніме қуаныштымын

Менің шабытым — менің оқырмандарымнан. Сол кісілердің хаттары, шың жүректен айтылған тілектері. Блогты бастауға басқа қыздар блогерлер шабыттандырды. Мен оларға қарап, неге сондай болмасқа деп сұрақ қойғанмын.

Қазақ тіліндегі контент туралы

Өзімізге қазақ тілі керек емес болса, басқаларға да керек болмайды. Менің блогымның идеясы да сондай — мен қазақ әндер қолданып, мәтіндерді қазақша жазамын. Қазақша контент жасайтыны да сол себепке байланысты, өйткені біз қазақ тілін ұмытып бара жатырмыз сияқты.

Маған Ninety One жігіттерінің контенті ұнайды. Олар әдеби қазақ тілде сөйлейді. Сөйлегеннің арасында орыс сөздерді да мүлде байқамайсын.

Қазақ тілде блог жүргізудің пайдасы бар. Қазір орысша контент көбінесі қызық емес. Қазақша блог бастасаңыздар, сіздің активіңіз тезірек жүреді.

Кеңес

Блогер болу үшін үш кеңесім: өзінің идеяң болу керек, еріктемеу керек және шаршамай жұмыс істеу керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстандық тәжірибелі ғалым  елдегі ғылым мен оның қиындықтары туралы
Қазақстандық тәжірибелі ғалым елдегі ғылым мен оның қиындықтары туралы
Досжан Жүсіпов деген кім
Досжан Жүсіпов деген кім
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Мәди Рымбаев шығармашылығы мен жақында жарыққа шығатын әні туралы
Мәди Рымбаев шығармашылығы мен жақында жарыққа шығатын әні туралы
10 танымал қазақ фильмдері мен телесериалдары
10 танымал қазақ фильмдері мен телесериалдары