facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
biznesteg-yelderd-o-i-asy-aza-standy-tar-sh-n-shetelge-alay-zhol-ashtym
logo
Бизнестегі әйелдердің оқиғасы: қазақстандықтар үшін шетелге қалай жол аштым
Мамандықтар

08.06.2017

Бизнестегі әйелдердің оқиғасы: қазақстандықтар үшін шетелге қалай жол аштым

Инна Рей, «Саят» туристік фирмасының негізін салушы


Мен 90-жылдардың басында «Цесна» корпорациясының туристік бөлімін басқарған кезімде Астанадан шетелге ұшатын чартерлік рейстерді ұйымдастырумен айналыса бастадым. Түркияға жасаған бірінші сапарымнан кейін шетелден тауар сатып алып, оны дүкендерге жеткізетін әйелдердің көптігін көрдім. Сол кезде корпорацияның кезекті жиналысында мен Целиноградтан Стамбулға дейін тікелей чартерлік рейс ашуды ұсындым. 90-жылдардағы провинциалды Целиноградта болып жатқан оқиғаларды ескерсек, ол кезде коммерциялық өмір жаңадан басталып жатты, ал әуежай мүлдем бос болатын, менің ұсынысым да сенімсіз болып көрінді. Басты қауіп рейстер жалғыз ұшақпен орындалуы қажет болды: туристерді тасымалдау, кейін оларды алып кету үшін ұшақ туристердің жаңа тобымен қайта жолға шығуы керек еді. Осылайша, үнемі қайталанады. Басшылық маған тек белгілі бір мөлшерде көмек көрсетіледі деп жауап берді. Бірақ, мен сонда да осы іспен айналысамын деп шештім, бірдеңені сезгендеймін.


ина.jpg


Мен ұшақты таптым, чартерлік рейске рұқсат алудың барлық кезеңдерінен өттім, бұл кезеңдер де сол кезде пайда болды, себебі Қазақстанда мұндай тәжірибе болған емес. Алматыдан рейстерді әуекомпаниялардың өздері жүзеге асырды. Одан бөлек, топты дайындап, уақытша шекараға және кеденге біздің рейсіміздің үшуы мен ұшып кетуі кезінде қажет топты дайындау керек еді, Целиноградта бұлардың ешқайсысы болмады. Барлық дайындық жұмысы аяқталған кезде 1995 жылдың 2 ақпанында біздің алғашқы рейсіміз «Целиноград – Стамбул» ұшты және бұл мен үшін күтпеген жағдай болды.


Шоп-туристеріміздің жұмысы екі есе жеңілдеп, тасымалдау қолжетімділігі түрік жұмысшылары мен жүктерін салынып жатқан астанаға жеткізудің уақыты да азайды. Бұл біздің жаңа қаламызды тез тұрғызуға және сапалы әрі түрлі тауарлармен толықтыруға мүмкіндік берді.


Бизнестің дамуы компанияның тұрақтылығы мен жаңа бағыттардың ашылуының есебінен жүрді. Басты мәселе — туристердің жеткіліксіз потенциалын Стамбулға ұшатын жолдың Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Оралға аралық отырғызулардың есебінен шештік. Алдымен біз тек Стамбулға, кейін Әмірлікке шоп-тур ұйымдастырдық. Содан кейін Бейжің, Үрімшіге ұша бастадық. Бес жылдан соң демалыс ұйымдастыру туралы ойладық. Алғашқы чартерлік рейс Астанадан Даламанға 1999 жылы ұшты. Бұл Қазақстан үшін жаңа турөнім болды. Сапар ыңғайлы әрі қолайлы болуы үшін біз түрік әуекомпаниясы «Атласпен» келісімге келдік, олардың Астанаға жасаған сапары алғашқы шетелдік рейс атанды және Қазақстанға Боинг 757 жаңа ұшақтарын әкелді. Біздің рейстеріміз Астана, Алматы, Қарағандыдан Анталияға, Даламанға, Бодрумға ұшты. Бізде потенциалды туристер аз болғандықтан, нақты чартерлік рейстерді каникулярлы уақытында, әр түрлі елдерге сол туристер үшін бағытталды. Біз бұл үшін өзіміздің Sayat Air әуекомпаниясын құрдық және ИЛ 62 екі алыс магистральді ұшақты сатып алдық, олар Болгария, Тайланд, Египет, Кипр, Тунис, Гоа, Кереалу, Бали, Куала-Лумпурға ұшады.


2005 жылға қарай біз аптасына 10 рейс жасадық, Air Astana әуекомпаниясы пайда болған соң біздің үйреніп қалған бағыттарымыз бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асырды. Заңдылық бойынша тұрақты рейс пайда болса, онда чартерлікке тыйым салынады. Кейін тұрақты рейстер БАӘ, Бейжің мен Үрімшіге ашылды. Алайда, ең бастысы — жағармай қатты қымбаттап, біздің ұшақтарымыз үшін ұшу шығыны көбейді. Жаңа тұрақты тасымалдаушылар пайда болды. Біздің чартерлік рейстерімізді жалғастырудың мәні жоқ еді.


Чартерлік рейстерді ұйымдастырумен айналысқан кезімізде ұсынылатын қызметтер қаупінің барлығына жауап беру өте қиын болды. Мен өзіне жұмыстың ең қиын бөлігін — рейс ұйымдастыруды алатын компанияны іздедім. Әркімнің жауап беретін өз саласы болуы керек. Ал біз өз қызметіміздің қайта құрып, тұрақты тасымалдаушылармен, ИАТО мүшелерімен жұмысқа кірістік. Осы он жыл ішінде клиенттердің сеніміне ие болуымыз қазір бізге қиын әрі қызық бағдарларды ұйымдастыру негізінде көмектесуде. Одан бөлек, біз ішкі туризмге бағытталып, біздің елімізге деген қызығушылықты арттыруға ұмтылаудамыз, халықаралық туристік көрмелерге қатысамыз. Біз EХРО-2017 ресми серіктесі болдық және оның табысты болуы үшін көп нәрсе дайындау үстіндеміз.


Әлбетте, кез келген әйел үшін бизнес оңай нәрсе емес. Ең қиыны — жұмыс пен отбасының балансын сақтай білу қажет. Менде бұл әрдайым орындала бермейтін. Біз бизнесті жақсарта түстік. Бастысы, арқамда кішкентай қызым барда мен үлкен тәуекелге бардым. Содан бері оның алдында кінәлі адам сияқты өмір сүремін. Бірақ, әрқашан оның түсіністік танытатынына сенемін. Ол өте мұқият әрі сергек болып өсіп келеді.



Лаура Галиева, Kazunion туроператор компаниясының негізін салушы


Компаниямыз 2009 жылы құрылды, ол бірден Астанада ашылған болатын, себебі біз Қазақстанның барлық жерінде жұмыс істейміз деп жоспарлаған едік. Біз мұны алғашқы жылдан-ақ жасай бастадық.


Барлық жұмыс, бизнес моделінің өзін де чартерлік рейстерді қазақстандықтар жақсы көретін бұқаралық бағыттарға қойдық, өзіміз туристік өнім жасадық. Бұл 2009 жылы болды, әлбетте, бірінші және ең танымал бағыт Түркия болатын.


Алғаш бізге кезіккені — нарыққа бізді танитындай етіп ену керек деген мақсат. B2B сегментінде турөнімді турагенттік арқылы жүзеге асырып, өзіміздің мақсатты аудиториямызды таптық және сонымен жұмыс істей бастадық. Біздің компаниямыз жас болатын, ешкім танымайтын, бәсекелестер арасында жүріп, серіктестеріміздің сеніміне ие болу үшін өзімізді ілгерілетумен үздіксіз айналыса бастадық. Жылдар бойы клиент сенімін иелену үшін жұмыстандық.


лаура.jpg


Басында, әлбетте, қиындықтар көп болды, алайда оның бәрі есімде жоқ. Бизнесте олар барлық жерде болады. Мен мәселе болса — шешім бар деген принциппен жүремін. Егер шешім болса, демек, бұл мәселе де болмас еді.


Мен әлі күнге дейін түрлі елдерден көптеген серіктестермен жұмыс істесем де, бизнесті жүргізу бойынша әйел ретінде қиындықтар болған емес. Бизнесті әйелдің жүргізетіні кей елдер үшін үйреншікті емес шығар, бірақ халықаралық аренада осылай жұмыс істейміз, гендерлік теңдік туралы түсінік бәрінде бар.


Көп нәрсені жүзеге асырып, бизнесвумен, әйел, ана ретінде бәріне үлгергім келеді. Сондықтан, қазір өзімнің тайм-менеджментіммен айналсудамын. Жақын жылдарға менің үлкен жоспарларым бар — қазіргі кезде Kazunion туроператор компаниясының позициясын жақсартумен айналысып жатырмын, оған қосымша үнемі даму үстіндеміз, жаңа бағыттарды енгізудеміз. Түрлі шаралар өткізуден еш жалықпаймыз. Kazunion қазір есейді, ірі компанияға айналды, сонымен қоса әлем өзгереді және жаңа технологиялар пайда болды. Саяхаттағысы келетін жаңа ұрпақ өсіп келеді, бірақ олар сәл өзгешелеу, сондықтан мен биылғы жылымды оларға не керектігін, қалай саяхаттағысы келетіндіктерін зерттеуге арнадым. Осыған байланысты соңғы жарты жылда Астана мен Мәскеудің арасында жүрмін. Мәскеуде өзіміздің шағын тобымыз бар, біз авантюралық саяхат туралы қызықты жоба жасап жатырмыз. Қазір толықтырылған шынайылық қосып тестілеуден өткізудеміз.


Сондай-ақ, өз отбасыммен, балаларыммен көп уақыт өткізуге тырысамын, сондықтан кешкілік және демалыс күндері тұрақты түрде олардың жанында боламын. Менің кішкене жетістігімнің бірі — бір айға жуық уақыт жүгірумен айналысып жүрмін. Әзірге бұдан не шығатынын білмеймін, марафон туралы да ойлап қоямын.



Айгүл Сатжанова, «Гелиос» туристік компаниясының негізін салушы


Біздің туристік компаниямыз 1997 жылдың 27 қаңтарында Қарағанды қаласында құрылды. 2017 жылдың қаңтарында ұжымымыз компанияның 20-жылдығын атап өтті.


Жұмыстың алғашқы жылында, 1997 жылы түріктің Анталья қаласына барып, Kavas туроператорымен шарт жасастым. Бұл ресми жұмыстың алғашқы әрі шетелдік келісім шарты болатын.


айгуль.jpg


Сол жылдары туризмде әуекомпаниялардың арасында үлкен бәсеке болған жоқ, әуекомпанияларда КСРО құлағаннан кейін қалған өте ескі ұшақтар ұшатын. 2001 жылы компаниямыз жеке әуекомпания Radkhan Air-мен чартерлік тасымалдау шартына отырды. Бұдан кейін Air Kazakhstan, әлі күнге дейін осы бағытпен жұмыстанудамыз. Чартерлік тасымалдаумен айналысу жай нәрсе емес және әр кезеңнің өз қиындықтары болды.


Қазіргі таңда Қазақстанның Іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесімін, айналысатын қоғамдық жұмыстарым көп. Мен үнемі ізденемін және үйренемін, жаңа білім үйренуге тырысамын, МАБ магистратурасын бітірдім және қазір Экономиканың жоғары мектебін «Психология» мамандығы бойынша аяқтап жатырмын. Кәсіпкер, жетекші болу және соңыңнан көшбасшылар тобын ерте білу көп энергия мен позитивтілікті, сабырды талап етеді. Сондықтан, жұмыстағы табыс пен көшбасшылық өмірдің басқа да аспектілеріне әсер етеді. Әрдайым отбасыма, туыстарым мен жақындарыма және немереме көп уақыт бөлгім келіп тұрады. Сондықтан, мен үздіксіз ізденісте жүремін және бұл аспектілерді реттеп отыруға тырысамын.


Қазір Астана, Қарағанды қалаларында үш кеңсеміз бар, біз әлем бойынша турлар сатамыз. 20 жыл ішінде ауқымды тәжірибе жинадық, бізде 3 жылдан 19 жылға дейін тәжірибесі бар адамдар жұмыс істейді. Осы жылдарда қызметкеріміздің бірі үш рет ана атанды, тағы бірі жақында үшінші сәбиімен қуантпақ. Осылайша, бала күтіміндегі жұмысшылардың ауысуы жүріп отырады, компания жаңа әрі жас қызметкерлерді жұмысқа алады. Заман өзгереді, бүгінгі жастар да бұрынғыдай емес. Олар жаман да, жақсы да емес, олар өзгеше және уақыттың өзгерісіне ыңғайланып, қызметкерлердің жаңа құрамын тәрбиелеудің дұрыс шешімдерін табуға тура келеді. Компанияның тұрақтылығы мен сенімділігіне қарамастан, әрқашан өсуге, өзгеруге және дамуға көмектесетін қиындықтар болады. Әріптестерімнің кәсіби біліктілігі мен шынайылығының арқасында беделіміз жоғары. Сондықтан, тобыммен мақтанамын және барлық қиындықтарды бірге жеңетінімізге сенімдімін.


Басты беттегі фотосуреттің дереккөзі: img-fotki.yandex.ru

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.