facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/20d/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/20d1278359d17175280d59f42bcf7aef.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
kanada-a-k-shu-sh-n-it-mamanyna-ne-steu-kerek
logo
Канадаға көшу үшін IT-маманына не істеу керек

11.01.2023

Канадаға көшу үшін IT-маманына не істеу керек

Біз Канадада IT саласында белсенді қызмет етіп жүрген қазақстандықтармен сөйлестік. Олар жергілікті нарыққа қызығушылық танытқандарға өз кеңестерін айтты.

Назгүл Дүйсенбай, қаласы — Вантерлоо, кәсіпкер, Synergy Fiber-де желілік инженер, @nazgul.duisenbay


Назгуль Дуйсенбай

Қоныс аударуы туралы


Мен Канадаға 2019 жылы Express Entry Federal Skilled Worker Track бағдарламасымен көшіп келдім.

Канадаға қоныс аудару жолдары


Канадаға көшудің бірнеше жолы бар:

— Express Entry бағдарламасы арқылы тұрақты негізде тұруға рұқсат алу

— British Columbia Provincial Nominee Program Tech немесе Atlantic Immigration Рrogram бағдарламасына өтініш беру

— виза алуға және қоныс аударуға көмектесетін ірі компанияда жұмыс істеуге шақырту алу

— 8-10 айға созылатын Сertificate Рrograms — мамандық бойынша қысқа оқу бағдарламасын аяқтау және жұмыс визасын алу

— іскерлік иммиграция. Егер өз компанияңызды ашуға стартап немесе капиталыңыз болса, онда сіз осы нұсқаны қарастыра аласыз.


Әлімжан Муссабаев, қаласы — Ванкувер, IT-рекрутер в TEKsystems, @alimzhan_canada


Алимжан Муссабаев

Қоныс аударуы туралы


Мен 2016 жылы Канадаға студенттік визамен барып, тұрақты негізде тұруға рұқсат алдым.

Мен банкте жұмыс істедім, қайырымдылыққа қаражат жинаумен айналыстым және менің мамандығым сатуда екенін түсінгенде, өзімді рекрутингте сынап көруді шештім. Канаданың IT нарығы өте күшті, сондықтан мен IT рекрутингті таңдадым.

Канададағы IT саласына қабылдану туралы


Канададағы IT рекрутинг ТМД елдеріндегіден ерекшеленеді. Бірінші назар аударатын нәрсе — Солтүстік Америкадағы түйіндеме форматы. Ол біздің елдердегі түйіндемеден айтарлықтай ерекшеленеді. Мұнда жас, ұлт, фотосурет және отбасылық жағдай сияқты жеке ақпараттарды көрсетуге болмайды. Мұны компанияға қарсы ұлтшылдық, нәсілшілдік негізінде туындауы мүмкін түрлі сот қақтығыстарын болдырмау үшін жасалады.

Екіншіден, Солтүстік Америкадағы рекрутингтік агенттіктердің құрылымы кандидаттармен ұзақ мерзімді серіктестікке құрылған. Осыған байланысты жұмысқа сәтті қабылданған үміткер үшін комиссия бүкіл еңбек шарты бойынша, апта сайын төленеді. Ал қазақстандық нарықта агенттікке комиссия бастапқы жұмысқа қабылдау кезінде бір рет қана төленеді. Канадада жүйе өз кандидаттарын қолдауға және оларды үнемі жаңа лауазымдарға орналастыруға, келісімшарттар жасауға негізделген. Егер кандидат ауырып қалуына немесе демалысқа байланысты жұмысқа шықпаса, онда сол аптада комиссия алмайсыз. Төлем апта сайын жүргізіледі.

Мен жұмыс істейтін TEK Systems 1994 жылдан бері Солтүстік Америка нарығындағы барлық ірі IT компанияларына рекрутинг қызметтерін ұсынып келеді. Ванкувердегі кеңседен басқа, Торонто, Оттава, Монреаль және Калгариде де кеңселеріміз бар. Біздің клиенттеріміз — Lululemon, Amazon, Microsoft, Salesforce, Big Five Banks, мемлекеттік сектор және т.б.

TEK Systems компаниясымен жұмыс істеу үшін сізде жұмысқа рұқсат, сертификаттар түріндегі біліктілік және IT саласындағы канадалық тәжірибеңіз болуы керек. Сіз шартпен немесе толық мөлшерлемемен тұрақты қызметкер ретінде жұмыс істей аласыз. IT-мамандар жоғары сұранысқа ие және күніне рекрутерлерден бірнеше қоңырау қабылдай алады. Сондықтан кеңесшіге шынайы қызығушылық таныту және олармен ұзақ мерзімді еңбек қатынастарын құруға ұмтылу арқылы нарықтағы бәсекелестерден ерекшелену маңызды.

Жұмысқа қабылдау процесі бос орынды талдаудан, дұрыс кандидатты табудан, сұхбаттың бірнеше раундын өткізуден және жұмыс уақытында оған қолдау көрсетуден басталады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Асет Ахметов деген кім
Асет Ахметов деген кім
Пайдалы контент түсіретін отандық блогерлер
Пайдалы контент түсіретін отандық блогерлер
Отандық жұлдыздардың бизнесі
Отандық жұлдыздардың бизнесі
Фрилансер жаңа тапсырыстарды тұрақты түрде әкелетін жеке брендті қалай дамытады
Фрилансер жаңа тапсырыстарды тұрақты түрде әкелетін жеке брендті қалай дамытады
Мадияр Тойболды деген кім
Мадияр Тойболды деген кім