Қыркүйек айы еліміз үшін ерекше ай болды. Еліміздің көк туын желбіреткен, әлемге атын танытқан, біз мақтан тұтатын батырларды ұсынамыз.
Зарина Нұрғалиева — Румынияда өткен шахматтан әлем чемпионатында Атыраулық жасөспірім шахматшы әлем чемпионы атанды.
Аружан Сағындықова — Алматы турнирінің жеңімпазы атанып, алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жасөспірімдер турниріне өтті.
Алтынай Саматова — Болгариядағы Кранево қаласында дойбы 64-тен жас ерекшеліктеріне қарай жастар арасында әлем чемпионатында рапидтен әлем чемпионы атанды.
Бейбіт Жукаев — Бейбіт Жукаев Таиландта Нонтабуриде өткен ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 турнирінде жеңіске жетті.
Александр Бублик — Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Францияда Метцте ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Алан Құрманғалиев — Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленді.
Ерасыл Ерділдә — Қырғызстан Шолпан-Ата қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды.
Дәулет Шабанбай — еркін күрестен қазақстандық балуан, «Лондон-2012» Олимпиадасының қола медалімен марапатталды.
Ильдар Ягьяев — жеті дүркін әлем чемпионы стритлифтинг және воркаут спорт түрінен жаңа әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Жансая Әбдімәлік — Шахматтан ФИДЕ әйелдер арасындағы Гран-при жарысының бірінші кезеңі тоғызыншы турында кезекті ойынын тең нәтижемен аяқтады.