С этого года ученики смогут читать книги через планшет
Министрлік тарабынан оқулықтарды әзірлеу, апробациядан өткізу және білім мекемелерін оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық негіздемеге өзгерістер енгізген. Жаңа қағидаға сәйкес барлық мектептердегі білім деңгейі бойынша оқулықтар сынақтан өткізіледі. Сонымен қатар мектептерге арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді жазатын авторлық құрамда міндетті түрде ғалым, әдіскер, мектеп мұғалімінің болуы бекітілді.
«Сонымен қатар баспаларға оқулықтардың электронды нұсқасын қоса беру міндеттелді. Бұл оқушылардың оларды планшеттерге немесе телефонға жүктеп пайдалануына мүмкіндік береді. Оқулықтардың көлемі мен форматына байланысты ата-аналар тарапынан сын болды. Осыны ескеріп, мұғалімдермен және ата-аналармен келісіп, министрлік оқулықтарды әзірлеуші баспаға ұсынымдар жасады. Келесі оқу жылынан бастап әр мектеп оқушылардың санына, нақты қажеттілікке байланысты оқулықтар алады», - деді Шолпан Каринова.
Дерек көзі: kazinform.kz