Қанатқақты жоба аясында тозығы жеткен үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Салынғанына 25 жыл болған үйдің қазіргі кейпі қандай? Бұл үйді жұрт жертөлесі қалдық судан арылмағандықтан «Титаник» деп атанып кеткен. Ал қазіргі көрінісі мүлде өзгеше. 5 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында үйді қайта жаңғыртуға 73 миллион теңге несие бөлінген. Бұл шығынды тұрғындар 15 жыл ішінде қайтаруы тиіс. Төлем жағынан көпбалалы отбасыларға жеңілдік қарастырылған.
Қысқа уақыт ішінде ғимараттың қасбеті мен келбеті, шатыры мен жертөлесіне дейін жаңартылды. Үйдің жылу жүйесі де толықтай ауыстырылған.
Дерек көзі: 24.kz