Өзбекстандық кино майталмандары болашақта Қазақстантуралы бірнеше бағытта тың туындылар түсірмек. Бұлтуралы «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің басшылығы елшімен кездесу барында мәлімдеді. Басқосуда екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайтумақсатында арнайы жол картасын жасау жайы да сөз болды. Онда кино саласындағы байланыстың негізгі бағыттары мен мақсаттары көрсетіледі. Жобаны жүзеге асыру үшінсценаристер мен кино режиссерлер және операторларданжасақталған бірлескен шығармашылық топ құру жайы да айтылды. Көршілер қазірдің өзінде ұлттық батырларыЖалаледдин Мангуберди жайлы түсіріп жатқан киносыныңбасым бөлігін Қазақ жерінде түсіруді жоспарлап отыр екен. Туынды арқылы бауырлас елдердің тарихы мен мәдениетінің бір екенін көрсетеміз,- дейді режиссерлар. Еңбастысы, биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясындабіздің елде өзбек киносының күндері ұйымдастырылады.
Дерек көзі: 24.kz