Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Бішкектің 7 жекеменшік мектебі: оқудың құны және оқу бағдарламаларының ерекшеліктері
2953

06.02.2019

Бішкектің 7 жекеменшік мектебі: оқудың құны және оқу бағдарламаларының ерекшеліктері

Cambridge silk road international school

12-жылдық білім беру мектебі. 9-сыныптан бастап оқу таңдалған бағыт бойынша жүргізіледі. Мектепті бітіргеннен кейін халықаралық үлгідегі аттестат табысталады. Әрбір сыныпта оқушылар саны 20-дан аспайды.

Оқыту тілі: ағылшын

Тамақтану: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас

Кіру жарнасы: жоқ

Оқудың құны: сыныпқа байланысты оқу жылына 9000 — 11 000 $

Мекен-жайы: Масалиев к., 54/2

Байланыс телефоны: 8 996 312 932 222



ESCA Bishkek International School

Мектепті бітіргеннен кейін халықаралық үлгідегі аттестат табысталады. Әрбір сыныпта орыс тілін білетін ұстаздың көмекшісі болады. Сыныптарда оқушылар саны 20-дан аспайды.

Оқыту тілі: ағылшын, қырғыз, орыс, француз және қытай тілдерін оқу мүмкіндігі бар

Тамақтану: таңғы ас, түскі ас, бесіндік ас, үйірмелерге қалатын балалар үшін қосымша бесіндік ас

Кіру жарнасы: 200 $

Оқудың құны: сыныпқа байланысты бір оқу жылына 9170 — 14 155 $. Жеңілдіктер бар.

Мекен-жайы: Бронированная к., 67а

Байланыс телефоны: 8 996 312 214 406



QSI International school of Bishkek

Мектепті бітіргеннен кейін АҚШ аттестаты табысталады. Әрбір кіші буын сыныбында орыс тілін білетін ұстаздың көмекшісі бар. Қосымша екі тіл оқытылады: француз және испан. Сыныпта 15 оқушыдан.

Оқыту тілі: ағылшын

Тамақтану: бөлек төленеді

Оқудың құны: өзгеріп тұрады

Мекен-жайы: Тыныстанов к., 14а

Байланыс телефоны: 8 996 312 563 139, 8 996 312 563 141



Oxford international school

Мектепте екі оқу бағдарламасы бар, таңдалған бағдарлама бойынша мектепті бітіргеннен кейін халықаралық үлгідегі аттестат немесе Қырғызстан Республикасының аттестаты беріледі. Сыныптағы оқушылардың саны 24-тен аспайды.

Оқыту тілі: орыс немесе ағылшын

Тамақтану: таңғы ас, түскі ас, бесіндік ас

Оқудың құны: орыс тілді сыныптардың бір оқу жылы 4000 $, Ұлыбританияның оқу стандарттары қолданылатын ағылшын тілді сыныптарының бір оқу жылы 13 000 $.

Мекен-жайы: Мира даңғ., 153/1

Байланыс телефоны: 8 996 558 551 155



Silk Road International School

Жоғары сыныптарда оқу таңдалған бағдарлама бойынша жүреді. Мектепті бітіргеннен кейін аттестат Қырғызстан Республикасының үлгісі бойынша беріледі. Сыныпта 20 оқушыдан.

Оқыту тілі: ағылшын

Тамақтану: таңғы ас, түскі ас

Кіру жарнасы: жоқ

Оқудың құны: бір оқу жылына 5600 $

Мекен-жайы: № 11 ықшам ауданы, 7а

Байланыс телефоны: 8 996 312 520 290, 8 996 312 520 390



И. Арабаев атындағы ҚМУ маңындағы шығыс лицейі

Мектепте тек 7 — 11 сыныптар ғана бар. Бағдарламаның ерекшелігі – қытай, жапон, араб, кәріс, түрік және парсы тілдерін терең оқыту. Сыныпта 18 оқушыдан.

Оқыту тілі: орыс

Тамақтану: бөлек төленеді

Кіру жарнасы: жоқ

Оқудың құны: жылына 30 000 сом

Мекен-жайы: Раззаков к., 51а

Байланыс телефоны: 8 996 312 664 427



«Ілім»

Оқу бағдарламасының ерекшелігі – ағылшын тілі және информатиканы тереңінен оқыту, шахмат, роботты техника, Lego, менталды арифметика сабақтары бар. Сыныптағы оқушылардың саны 20-дан аспайды.

Оқыту тілі: орыс

Тамақтану: таңғы ас түскі ас, бесіндік ас

Оқудың құны: айына 17 600 сом

Мекен-жайы: Токтоналиев к., 6б

Байланыс телефоны: 8 996 312 541 379, 8 996 312 545 687

Меню

Істер

Қала 24

Шолу