facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/03b/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/03b13c8d805a4399088484e3dad4308d.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
b-rneshe-rpa-tarymen-t-ratyn-almatyly-tar
logo
Бірнеше ұрпақтарымен тұратын алматылықтар

20.12.2019

Бірнеше ұрпақтарымен тұратын алматылықтар

Абдималик Абилсейтулы, 20 жаста, туған жері — Алматы, программист , @abdimalik4601


Албан ру.jpg

Отбасы жайлы


Менің руым — албан. Алматы мен Алматы облысы — менің ата-бабаларымның жері. Ата-анамда да, менде де ешқашан бұл жерлерден көшу ойымызда болмаған. Мұнда мейірімді адамдар, әсем табиғат пен тұрақты жұмыс бар.

Бұрын «Саяхат» автовокзалының маңында үлкен сағат болатын. Бұл қала үшін де, отбасым үшін де ең маңызды орын еді. Ол жерде менің ата-анам танысқан.

Қала жайлы


Мен үшін Алматы — жай ғана қала емес, қасиетті жер. Мен оның тарихына, табиғатына құрметпен қараймын. Оның барлығы менің ата-бабаларыммен байланысты, яғни менімен де.

Мен үшін Алматы — жай ғана қала емес, қасиетті жер

Қала біздің көз алдымызда өзгеруде. Жыл сайын Алматы дамуда. Мысалы, Көктөбеде адамдар демалу үшін барлығы қолайлы жасалған.

Алматының ешқашан өзгермейтін қыры бар, ол — тұрғындарының мейірімділігі. Мұнда әрдайым әртүрлі ұлт өкілдері тұратын, және олар әрқашан бір-бірін түсініп, қолдау көрсетеді. Сондықтан болар Алматыны барлығы жақсы көреді.

Сондай-ақ алматылықтар тәрбиелі, сыпайы.

Алматының табиғаты таңғажайып. Мен «Медеуді», «Шымбұлақты», Алматының Үлкен көлін жақсы көремін. Бос уақытта осы жерлерге барып тұрамын.

Маған ұзақ кептелістер, бос орындары жоқ, қоғамдық көліктер ұнамайды. Бірақ миллион адам тұратын қаланың мұндай кемшіліктерсіз де болмайтынын түсінемін.

Болашағымды тек Алматымен байланыстырамын. Менің балаларым мен немерелерім де осы қалада тұрса екен деймін.


Дана Ренат, 22 жаста, туған жері — Алматы, қосымшаларды тестілеуші , @dana_renat


коренная алматинкка.jpeg

Отбасы жайлы


Менің ата-бабам Қазақстанның оңтүстігіне көшіп келіп, осы жерде қалып қойды. Меніңше, олардың шешіміне Алматының жылы ауа-райы, табиғаты, флорасы мен фаунасы әсер етті. Бұл жерде қалып қоймау қиын.

Менің отбасым үшін Алматы біз өскен қала ғана емес. Жергілікті алматылықтар тарихты нассихаттаушылар. Бүгінгі күні қалада ондай тұрғындар аз. Көбісі көшіп кетіп жатыр.

Менің атам мен әжем Алматыда 30 жыл бұрын ауа-райының жақсырақ болғанын айтады. Жаз айы салқын, ал ауасы таза еді.

Алматы қашан да мен үшін нөмір бірінші болып қала береді.

Қала жайлы


Алматы — қазақ мәдениетінің алтын бесігі.

Қала ата-әжемнің, ата-анамның және менің көз алдымда өсіп келеді. Бұрын Тұңғыш Елбасы саябағы болған жоқ. Ол ашылғанда мен 13 жаста болдым. Бұл менің жүрегімде орын алған ерекше оқиға болды. Ол жерде серуендегенді ұнатамын.

Ал Тимирязев көшесінде жаяу жүргіншілер жүрмейтін, көліктер зу етіп жүретін. Қазір мұндай жоқ. Барлық жерде бейнебақылау бар. Өзіңді қауіпсіз сезінесің.

Көбісі жергілікті алматылықтар өзіңше деп ойлайды. Бірақ мен үшін жергілікті алматылық болу — ауыр мінезді, аздап ерке, бірақ қонақжай әрі мейірімді болуды білдіреді.

Алматы — бұл менің үйім

Алматы өз құшағын еліміздің барлық тұрғындарына ашты. Мен қалаға жаңа адамдар келгеніне, оның өскеніне қатты қуанамын. Бұл процесс болмаса, барлығы тоқтап қалар еді. Жаңа адамдар Алматының дамуына көмектессе екен деймін.

Мен жергілікті алматылық бола тұра, Медеу, Шымбұлақ, Алматының Үлкен көлі сияқты жерлерде сирек боламын. Менің сүйікті жерім жоқ, мен Алматыны тұтастай жақсы көремін. Әсіресе мен өскен жерлерді.

Мен Рессейде оқимын, Алматыда сирек боламын. Болашақта менің өмірім осы қаламен байланысты болатынына сенемін. Алматы — бұл менің үйім.


Сергей Иванов, 29 жаста, туған жері — Алматы, менеджер


Алматы.jpeg

Отбасым жайлы


Менің аталарым Үштөбеден Алматыға 1990 жылдардың басында көшіп келді. «Перестройка» кезіңде атам Украинаға кетіп, жарты жылдан кейін Алматысыз өмір сүре алмайтынын түсініп қайтып келді.

Алматы күннен күнге дамуда. Қазір Ақсай ауданы орналасқан жерде біздің әке-шешеіміз картоп қазған. Анам кішкентай болғанда қалада цирк салынды, ол анамның жас кезінен қалған ең тәтті естелік.

Біздің отбасы үшін Алматы — Атамекен. Ешқайсымыз бұл қаласыз өмірімізді елестете алмаймыз. Мен Талдықорғанда тұрғанмын, бірақ Алматының орны ерекше екенін түсіндім.

Бұрын «Пастера-Коммунистическая» қала орталығы болып саналатын. Оның қазіргі атауы — Мақатаев пен Абылай хан көшелері. Көшелер заманауи бола бастады, мен олардың бастапқы қалыптарына келтірілгендерін қалар едім.

Барлық көшелерді ескі атауларымен атаймын

Барлық көшелерді ескі атауларымен атаймын. Маған қаланың ескі сәулеті ұнайды. Әрине, уақыт бір орында тұрмайды, қала да өзгеруі керек. Қалаға ерекше әсемдік беріп тұрған көптеген жаңа ғимараттар бар. Бірақ Алматыны салып жатқанда, қаланың әсем көрінісі ескерусіз қалуда. Және кейбір жаңа ғимараттар үйлеспейді.

Жергілікті алматылықтар туристер жақсы көретін орындарда сирек болып тұрады. Мысалы, мен Шымбұлақта тек бір рет болдым.

Алматылықтар қашан да ашықжарқын және қонақжай еді. Маған қаладағы кептелістер ұнамайды. Бірақ қалада адам саны көбейген сайын, қала да тезірек дамитынын түсінемін.

Менің Алматыдан кететін жоспарым жоқ. Алматыда өз болашағымды көремін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.