facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
b-r-ayly-shy-yny-2000-5000-raytyn-otbasyny-a-sh-da-y-m-r
logo
Бір айлық шығыны 2000-5000$ құрайтын отбасының АҚШ-дағы өмірі

03.08.2019

Бір айлық шығыны 2000-5000$ құрайтын отбасының АҚШ-дағы өмірі

Әлібек Айбек, 32 жаста, туған қаласы — Астана, тұрып жатқан қаласы — Чикаго


Көшуі жайында


Біз отбасымызбен 2017 жылы АҚШ-ға көшіп келдік. Чикаго қаласын таңдадық, себебі сол жерде достарымыз тұрды. Бастапқы кезде, құжаттарың болмағанда, пәтерді жалдап тұру қиын, себебі Америкада несие тарихы үшін құжаттардың болуы қажет. Несие тарихы – өмірдің маңызды бөлігі, соның негізінде мүмкіндіктерің қалыптасады. Соған қарап, пәтердің, коммуналды қызметтердің, несиелердің төлемдерін қадағалайды. Бір жерде жетіспеушіліктер болса, кейін қаржыландыруға ие болуға немесе ірі нәрсені сатып алуға қиын болады.


Чикагода тұру үшін қанша ақша қажет


Бірінші тұратын жерді достарымыз жалдап алуға көмектесті. Екі бөлмелі пәтер үшін айына 1000 доллар төледік, қазақстандық стандарт бойынша бұл үш бөлмелі пәтердің құны. Коммуналдық қызметтер қыс және жаз кезеңдерінде 80-нен 15 долларға дейін шығатын. Азық-түліктерге апта сайын 150 доллар жұмсайтынбыз. Дүкенде бірден барлығын алуға болады, тамақтанудың кез-келген түріне үлкен таңдау бар. Бағалар тұрақты және мерекелерге байлансты өсіп отырмайды. Біз өнімдердің сапасына сенімді бола аламыз, себебі олар қатал бақылаудан өтеді. Қазақстанда түпнұсқа брендіндегі киімдер қымбат тұрады. Ал АҚШ-да киімдер қолжетімді және сапалы.

Қазірде біз 1500 долларға екі бөлмелі пәтерді жалдап жатырмыз. Ол жеке меншік секторда орналасқан, екі көлікке арналған паркинг, аумағында екі жазғы бассейн, баскетбол және волейбол алаңдары, балық аулауға болатын көл, фитнес зал, екі шабыну бөлмесі және балаларға арналған алаң бар. Сонымен қатар қолжетімді жерде іс шараларға арналған банкет залдары бар. Біз 300 шаршы метр single house-ты сатып алуды жоспарлап жатырмыз, оның құны 300 000 доллар. Бұл өзінің алаңы және үш көлікжайы бар, жақсы ауданда жеке орналасқан үй.

Қазірде біз 1500 долларға екі бөлмелі пәтерді жалдап жатырмыз


Америкада 1000 долларға да көлік сатып алуға болады. Орташа есептегенде жақсы көлік 7000-9000 доллар тұрады. Мен АҚШ азаматтығын әлі алмасам да, маған көлікті несиеге оңай берді. Осы уақыт аралығында болашақта үй, көлік алу үшін, жақсы несие тарихын құрдым. Осында ескі көліктің орнына жаңасын алу тиімдірек, себебі қызметі қымбатқа түседі. Көлікті жөндеуден гөрі тапсырып тастаған жөн. Қазақстанда біз қозғалтқышты, беріліс қорабын қайтадан жинап жүре аламыз, ал АҚШ-да жаңа көлікті сатып алу тиімдірек.

Америкада АҚШ-да тұру дәрежесіне тәуелсіз кез-келген бала үшін мектеп тегін болады. Мектепке униформа алу міндетті емес. Көп дегенде жұмыс дәптерлері, кітаптар және кеңсе тауарлары үшін 65 доллардан жұмсаймыз. Бұның барлығы мектепте сақталып тұрады, егер материалдар бітіп қалса, қажетті заттарды өздері алып береді. Аулаға мектеп автобусы келетіні және сабақтан кейін балаларды үйге дейін жеткізіп салатыны ыңғайлы. Біз мектептен екі-үш километр жерде тұрамыз, сол себепті жол жүру тегін. Егер үйден мектепке дейінгі қашықтық бір километрден кем болса, ата-аналар балаларын өздері әкелуі тиіс. Қазірде біз гимнастика және жылдам оқу үйірмесіне жазылуды қалаймыз. Екі курстың бір айлық құны 150 доллардан аспайды – бұл арзан және қолжетімді болып саналады.

34495891_243025239583325_3366639934927536128_n.jpg

Қазақстаннан кетпес бұрын, отбасыма туристік сақтандыруды жасаттым. АҚШ‑да қызым қолын сындырып алған кезде, ауруханада сақтандыруға қарамай, қажетті көмек көрсетіп, гипс салды, барлық талдауларды жасап, палатаны бөліп берді. Шоты 7000 долларға шықты, барлық шығындарды сақтандыру өтеді. Отбасының бір мүшесіне арналған сақтандырудың орташа құны 140 доллардан басталады.

Уақыт өте біздің шығындарымыз өсе бастады, себебі бастапқыда қажетті нәрселерді ғана аласың


Уақыт өте біздің шығындарымыз өсе бастады, себебі бастапқыда қажетті нәрселерді ғана аласың. Ал қазірде азық-түліктерге аптасына 150-250 доллардан жұмсалады. Бір айлық орташа шығынымыз – 2000 долларды құрайды. Бұл сомаға көлік жанармайы, тамақ, коммуналдық қызметтер, балалар ойын-сауықтары, бірнеше рет мейрамханаға бару және шағын сатып алулар кіреді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар