2017 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Оған биылғы Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы әсер етті. Оның аясында отандық туристік операторлар көрші елдің үлкен қалаларын аралап, өз қызметтері мен тауарларын ұсынды. Бұл шара әлі де жалғасып жатыр. Биыл Қазақстанға шығыстағы көрші елден 100 мыңнан асам саяхаттаушы келген. Екі тараптың әріптестігін арттыруға бағытталған шаралар желтоқсанның 18-і күні Гуанжоуда өтті. Бұған дейін 20-ға жуық туристік компания Шанхай қаласында болып қайтты. Ертең Бейжіңде Қазақстанның виза орталығы ашылады. Осы жерде де еліміздің туристік әлеуеті кеңінен таныстырылады.
Дерек көзі: khabar.kz