Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде жарнамалық роликтер түсіру үшін кімге бару керек екенін айтамыз.
Қазақстан
Sintez Studio
Қазақстандағы продакшн-студия. Samsung, Technodom, HT.kz, Aviata, Halyk bank және «Золотой стандарт» үшін роликтер түсірген. Әр жобаны төрт продюсер жүргізеді.
GForce Grey
GForce Grey — АҚШ Grey маркетингтік ұйым желісімен байланысқан жарнамалық агенттік.
Агенттіктің клиенттері — ауқымды халықаралық және жергілікті брендтер, олардың арасында Kaspi.kz, Beeline, PepsiCo, Red Bull, Lexus, Toyota, Huawei және т.б. бар.
Panpro Agency
2013 жылдан бері жұмыс жасайды. Студияның жұмысы PRDRIVE және Adindex Asia-мен атап өтілді. Компания Oriflame, Beeline, АТФ Банкімен және басқа компаниялармен жұмыс жасады.
BVP
«Бизнес Видео Продакшн» имидждік, промо-роликтер мен документалды фильмдер түсірумен айналысады. Тапсырыстар қоржынында Toyota, Small.kz, Halyk bank, Mary Kay, American Travel и Alpen Gold-мен істеген жұмыстар бар.
Өзбекстан
MA`NO
Өзбекстанның шығармашылық агенттігі 2020 және 2021 жылдары үздік агенттіктер рейтингінде бірінші орынды иеленді. Топ Ташкенттің брендингін құрды. Клиенттері арасында үлкен EVOS желісі, My Taxi, Express24, UzPost және т.б. бар.
Lokals
Жарнамамен, digital-кампаниямен және бейнероликтер түсірумен айналысатын тәуелсіз кретивті агенттік. Red Jolbors фестивалінде екі рет Орталық Азияның жыл агенттігі атанды. ALFA Invest, Dr. Lor, Oson и TECHNOMART-пен жұмыс жасады.
360 creative agency
Өзбекстандық креативті агенттік. Брендингпен, веб-сервиспен айналысады. Қазіргі жобаларды Samsung, B&B, Nova Stroy, Magnum, Imzo, SamAuto, Mudo Concept және басқаларымен бірге істейді.
DBLA
Агенттік 2020 жылғы Adindex Asia рейтингінде «Өндіріс» блогында бірінші орынды иеленді. Тапсырыс берушілер тізімінде Мектепке дейінгі білім министрлігі, Agrobank, TBC Bank бар.
Қырғызстан
«Ноосфера»
PR-агенттік он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Олар фотосуреттер, бейнероликтер түріндегі ақпараттық материалдарды әзірлеумен қатар, іс-шараларды цифрлық жарнамалаумен айналысады. Клиенттері арасында Samsung, «O!», European Union, «Коммерческий банк Кыргызстан» және басқалары бар.
Lights Creative
Анимациялық студия продакшнда бес жылдан астам уақыт жұмыс істеуде. Қызметтері қатарында: имидждік және обзорлық бейнелер, 2D, 3D анимация және инфографика бар. Олар «Не Сахар» жобасымен, Coca Cola, Tunduk Office, Arlington Academy и American European School-мен жұмыс істеді.
I Do Marketing
Елдегі интернет-жарнаманың ең үлкен сатушысы. Олар контекстік және медиа жарнамамен, бейне продакшнмен және YouTube-та арналарды дамытумен айналысады. Yandex, Google, mail.ru group және My target-пен жұмыс істеді.