facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/fb9/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/fb90a2162728bdc3e700a3f731e17995.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
beyb-t-zh-ne-nargiz-sayynovtar-vkontaktede-tanys-andary-zh-ne-ber-k-otbasy-r-andary-zhayly
logo
Бейбіт және Наргиз Құсайыновтар ВКонтактеде танысқандары және берік отбасы құрғандары жайлы

Бейбіт Құсайынов, 34 жаста, туған жері — Қарағанды, құрылыс бизнесі, @bibo_kz         

Наргиз Құсайынова, 29 жаста, туған жері — Тараз, блогер, @nargiz_kussainova

Өмір сүру стилі

16.03.2020

Бейбіт және Наргиз Құсайыновтар ВКонтактеде танысқандары және берік отбасы құрғандары жайлы


Біз жайлы


family(5).jpeg

Бейбіт. Біз ВКонтакте әлеуметтік желісінде таныстық. Наргиздің парақшасында достарымды көріп, оған хабарлама жаздым, содан кейін араласа бастадық.

Екі жыл кездесіп жүрдік. Бір күні диванда отырғанда оған ұсыныс жасадым. Романтикалық ештене болған жоқ.

Наргиз. Біздің отбасымыз стандартты емес. Мен 18-де болдым, қарым-қатынасымыз қарқынды дамыды. Біз тез кездесе бастадық.

Біздің отбасымыз стандартты емес

Кездесіп жүрген екі жыл — бразиялық сериалдай болды. Қатты жаңжалдар, жаңбыр астындағы келіспеушіліктер, татуласу болды. Отбасымыздағы идиллия мен романтика үйлену тойынан кейін пайда болды.

family(2).jpeg

Бейбіт. Ата-аналарымызбен танысарда қатты қобалжыдық. Әсіресе әкеммен — ол қатал кісі. Бірақ барлық қобалжуларға қарамастан кездесуде өзімді ыңғайлы сезіндім. Ол кісінің мені жақсы қабылдағанына таң қалдым, ол үшін ризамын.

Наргиз. Маған Бейбіттің анасы бірден ұнады. Ол кісі ашықжарқын, мейрімді әйел. Ол кісі мені жылы қабылдады. Сондай-ақ жолдасымның менен сегіз жас кіші қарындасы бар, ол да мені бірден қабылдап, жақсы көріп кетті.


Алматы жайлы


Бейбіт. Мен Қарағандыда тудым. Бірақ екі жасымда Алматыға көшіп кеттік. Бұл қаланы жақсы көремін, мұнда менің балалық шағым өтті. Алматыда біздің балаларымыз өсіп келеді, ата-аналарымыз, туғандарымыз, достарымыз тұрады.

Алматы — жылы, мейірімді қала — оның жаны бар. Сүйікті жерлерім — Медеу, Шымбұлақ, Алма-Арасан шатқалы. Жазда, көктемде Coffee Room-да уақыт өткізген ұнайды.

family(1).jpeg

Наргиз. Мен Таразданмын. 12 жасымда Алматыға көшіп келдім. Тараз — менің туған жерім, бірақ Алматысыз өмір сүре алмаймын, бұл қаланы қатты жақсы көріп қалдым. Ол маған жолдасымды, балаларымды сыйлады.

Экологиялық жағдай алаңдатады. Бірақ Алматы — көпұлтты және көпмәдениетті қала болғаны ұнайды. Мұнда баруға болатын көп орын бар. Кез-келген сүйікті ісіңді жасауға мүмкіндік бар. Жылы күндері әдемі кофеханаларда отырған ұнайды. Алтын квадраттың маңайында балалармен серуендеуді жақсы көремін.


Отбасы жайлы


Наргиз. Біз үйленгенде мен 20 жаста болдым. Алғашқы баламыз үш жылдан кейін дүниеге келді. Баламыз туғанға дейін көп қыдырдық, достарымызбен араластық. Қазір үш баламыз бар. Барлық баламыз туған кезде күйеуім жанымда болды.

Біз дәстүрлі отбасымыз. Өкінішке орай жолдасым басқа қалада жұмыс істейді, сирек келіп тұрады. Уақыттың көп бөлігінде бірге емеспіз — бұл өкінішті. Бірақ біз үшін балаларымыздың оқуы, білім алуы маңызды, сол үшін еңбек етудеміз.

family(3).jpeg

Бейбіт. Отбасымыз тату. Біз көңілді, шулы, шығармашылық отбасымыз. Мен Алматыда болған кезде киноға, мейрамханаларға барамыз. Моншаға жиі барамыз. Балаларға көп уақыт бөлуге тырысамын, оларды үйірмелерге апарамын. Олардың есею кездерін өткізіп алғым келмейді.

Наргиз. Кейде біз «ұлдар және қыздар күнін» ұйымдастырамыз. Мен уақытты қызыммен, ал Бейбіт ұлдарымен өткізеді. Бұл қарым-қатынасты нығайтады.

Бейбіт — тамаша күйеу, керемет әке. Ол балалары жайлы көп ойлайды. Олардың дұрыс атмосферада өскендерін қалаймыз.

Біз үшін бір-бірімзді бағалау, жақсы көру маңызды

Өздеріне қамқорлық жасауға, денсаулыққа, спортқа, тамақтануға, дамуға көңіл бөлуге үйретеміз. Бір-бірімізді құрметтеу керек екенін түсіндіреміз. Барлығын өз мысалымызда көрсетеміз.

family(6).jpeg

Бейбіт. Балаларымыз өте жақсы: ақылды, сымбатты, талантты. Олар сезімтал және барлығын түсіне біледі. Сондықтан тым қатал немесе тым жұмсақ болғымыз келмейді.

Наргиз. Балаларымыз жан-жақты, жүзумен, шахматпен, күреспен айналысады. Көп еркіндік беруге пен тұлға ретінде қалыптасуға бағытталған Монтессори жүйесі бойынша білім алады.

Бейбіт. Біз үшін бір-бірімзді бағалау, жақсы көру маңызды.


Қазіргі уақыттағы жан дүниенің жағдайы


family(4).jpeg

Бейбіт. Менің ішкі жағдайым — керемет. Болашаққа үлкен жоспарларымыз бар.

Наргиз. Ішкі жан дүнием тамаша сәтте. Өз-өзімді дамытумен көп айналысамын, көп оқимын, блог жүргіземін. Мен бақыттымын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.