facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ber-k-otbasy-arzan-ba-amen-k-uap-zh-ne-toyhana-shymkentt-kter-ma-tan-t-tatyn-9-n-rse
logo
Берік отбасы, арзан бағамен кәуап және тойхана: шымкенттіктер мақтан тұтатын 9 нәрсе
Таңғажайып Қазақстан

03.11.2018

Берік отбасы, арзан бағамен кәуап және тойхана: шымкенттіктер мақтан тұтатын 9 нәрсе

Шексіз қонақжайлылық

Шетелдіктер әрқашан қазақтардың ұлттық ерекшелігін, яғни қонақжайлылығын атап көрсетеді. Алайда Шымкентті ең мейірімді қала ретінде санайды. Дәл осы жерде қонақтар жылы қарсы алуға, ақысыз көмекке ие бола алады.




Қазақстан бойынша тойхана орындарының ең көптеп кездесетін қала

Шымкентте үйлену тойларын тойлау — аңызға айналған құбылыс. Қалада мейрамхана, дәмханаларды есептемегенде «тойхана» форматында 91-ден астам орын бар.




Арзан бағамен кәуап

Кәуап — қаланың әрбір дәмханасында табуға болатын ең танымал тағамдардың бірі. Көптеген мәзірлерде кәуаптың бағасы 300 теңгеден бастау алады. Басқа қалада мұндай арзан баға —өте сирек кездесетін нәрсе.




Қолайлы климат

Жазды күні ауа температурасы +35 градусқа дейін қызатынына қарамастан, бұл елдің батысындағыдай қатты сезілмейді. Жылдың суық күндерінде ауа райы жылы болып қала береді. Мысалға, желтоқсан айында тәуліктік ауа температурасы +2 градусқадейін жетеді. Мұның барлығы тек ауыл шаруашылығына ғана емес, сондай-ақ, қолайлы жұмыс пен демалысқа орайлы жағдайлар туғызады.




Балғын және дәмді көкөністер мен жемістер

Шымкенттегі ауыл шаруашылығының дамыған саласы, астықтың кейбір түрлерінің, жеміс-жидек пен көкөністердіңжылына екі рет жеміс беретінін көрсетеді.Шымкенттегі көкөністер мен жемістер бүкіл ел сөрелерінде кездеседі, ал жоғары өнімділік Шымкентке жыл бойы жаңа және табиғи өнімдерді пайдалануға мүмкіндік береді.




Салт-дәстүрлерді сақтау

Елдің басқа аймақтарында кейде ұмытылатын салт-дәстүрлер Шымкентте өзекті. Мәселен, «Сәлем салу» және жас жұбайлардыңа ата-анамен бірге тұруы.




Қуатты отбасылық қарым-қатынастар

Мәдениеттер мен дәстүрлерді қолдау күшті отбасыларды қалыптастырады, үш ұрпақ бір үйде бірге тұратындай жағдайлар жиі кездесіп жатады.




Мемлекеттік маңызы бар қала

19 маусымда Шымкент мемлекеттік маңызы бар қала статусын алды. Шымкент Қазақстан астанасы болмаса да, қала миллионшы қала атанып, ерекше статусқа ие болды. Статус Шымкенттің экономикалық, туристік, мәдени дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.




Шымкенттік дендросаябақ

Дендросаябақ — әмбебапнысан. Мұндашөптіөсімдіктердің 600-ден астамағашжәнебұтатүрлеріөседі. Сондай-ақ,саябақта велосипед жәнежылқыжолдары, субұрқақтар, ғашықтар сарқырамасына түсетін сулы каскад бар.


Материалды жасауда көмек көрсеткендері үшін Тоқтар Әлімбековке, Виктория Штейпресске, Лаура Әбдіқадыр, Юлия Орловаға алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар