facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
baspana-d-r--d-rmek-zh-ne-balalar-a-arnal-an-sport-sekciyalary-memleket-anday-teg-n-k-mek-k-rsete-alady
logo
Баспана, дәрі-дәрмек және балаларға арналған спорт секциялары: мемлекет қандай тегін көмек көрсете алады
Өмір сүру стилі

22.07.2017

Баспана, дәрі-дәрмек және балаларға арналған спорт секциялары: мемлекет қандай тегін көмек көрсете алады

БІЗ Қазақстандықтар мемлекет тарапынан қандай тегін көмекке сүйене алатынын анықтайық деп шештік.


Жер


Егер сіз өз жеке үйіңізді саламын деп шешім қабылдасаңыз, Қазақстан азаматына үй салу үшін гектардың оныншы бөлігі тегін тиесілі екенін біліңіз. Ол үшін қандай құжаттар қажет екенін, оларды қайда тапсыратыны туралы, жалпы жерді иемдену үрдісі толықтай қалай жүретінін мына жерден оқыңыз.




Баланың дүниеге келуіне байланысты жәрдемақы


Біздің елде демографияны дамыту белсенді ынталандырылады, сол себептен аналарға баланы дүниеге әкелуіне байланысты мемлекет тарапынан жәрдемақы тағайындалған. Декреттік демалысқа қалай дұрыс шығу керектігі жөнінде мына жерден оқыңыз.




Дәрі-дәрмек және медициналық көмек


Егер сіз немесе сіздің балаңыз науқастанып қалса, сіз дереу дәріханаға немесе ауруханаға көмекке жүгіресіз. Бірақ алдын-ала қандай медициналық көмек пен дәрі-дәрмекті тегін алуға болатыны туралы жазылған біздің материалымызбен танысуды ұмытпаңыз.



Балаларға арналған спорт секциялары


Балаңызды үлкен спортқа беру туралы ойланыңыз. Бәлкім дәл сіздің балаңыз келесі Данияр Елеусинов шығар. Оның үстіне олимпиадалық резерв мектебінде білім алу тегін. Оларға қалай түсуге болатыны туралы және Астанада бар мектептер туралы ақпаратты мына жерден таба аласыз.



Баспана


Баспанаға мұқтаж азаматтар мемлекеттік баспана қорынан оны тегін ала алады.


Баспана берілетін азаматтар санаты:


ҰОС ардагерлері және мүгедек жандар, сонымен қатар оларға теңестірілген тұлғалар.

ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (олардың қатарына кімдер жататынын төменнен оқыңыз)

мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ұшқыштыққа үміткерлер, ұшқыштар және мемлекеттік сайлау қызметкерлері

жалғыз баспаналары апаттық жағдайда деп есепке алынған азаматтар.


Қоғамның әлеуметтік осал топтары:


1 және 2 топ мүгедектері

мүгедек балалары бар немесе асырап отырған отбасылар

кейбір ауыр созылмалы ауру түрлерімен ауыратын тұрғындар

зейнеткерлер

жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастары жиырма тоғызға толмаған балалар, ата-аналарынан кәмелеттік жасқа жетпей айырылған балалар

— оралмандар

экологиялық апат, табиғаттың оқыс оқиғаларынан және техногендік сипат салдарынан баспаналарынан айырылған тұлғалар

көп балалы отбасылар

мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе оны жүзеге асыру, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

толық емес отбасылар.


Тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері оны осы кәсіпорынның тұрғын үй қорынан пайдалануға алады. Бұл жағдайда тұрғын үй қызметтік болады.


Азаматтарға тұрғын үй мына жағдайларда берілуі мүмкін, егер:


есепке қойған кезде және тұрғын үй берген кезде меншiк құқығында тұрғын үйi болмаса

— есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса

— осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаса

— отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе

— жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса

— отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса.




Есептен алу


Тұрғынжайға мұқтаж азаматтарды:


тұрғынжайды ұсыну негіздемесі болмаса

азамат тұрақты тұру үшін басқа мекенжайға кетсе немесе мемлекеттік кәсіпорында не болмаса мемлекеттік мекемеде еңбек қатынастары тоқтатылса

тұрғынжай мұқтаждығы фактілері бұрмаланса

азамат жер учаскесін алып, меншікті тұрғын үйін салса немесе оны сатып алса есептен шығаружүргізіледі.


Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, сондай-ақ көп балалы отбасылар тұрғынжай алғанға дейін есептен шығарып тастауға жатпайды.



Тұрғынжайды ұсыну кезектілігі


Азаматтарды есепке алу тізімі жеке мына кезектілікке сәйкес жүргізіледі:


— мүгедектер мен ҰОС ардагерлері

— тұрғындардың әлеуметтік осал топтары

— мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, кандидаттар

— жалғыз баспаналары апаттық жағдайда деп есепке алынған азаматтар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.