Тағамда жылқы еті басым болуы керек. Ол ақуызға бай, жеңіл сіңеді, қой етіне қарағанда калориясы әлдеқайда аз. Бешбармақ дайындағанда қамырдың орнына бұқтырылған, пісірілген немесе қайнатылған көкөністерді қолданса калориясы аз болады.
Қамырдан бас тарта алмайтындарға: қамырды қарабидай ұнынан илеуге немесе оған саумалдық қосуға болады
Саумалдықтың 100 граммында 23 ккал бар және ол витаминдерге өте бай. Бешбармақты түскі асқа дайындаған жөн.
Манты
Қамыр мен етті үйлестіру ас қорытуды қиындатады. Балама – етті көкөністерге алмастыру: асқабақ және қырыққабат. Тұзды құрт алмастырады. Оны салатқа да, екінші тағамдарға да қосуға болады.
Қуырдақ
Құрамында сорпалық өнімдер көп болғандықтан ағзаға өте пайдалы. Көкөністердің көп мөлшерімен ұсынған абзал. Бұқтыру әдісімен пісірген дұрыс.
Шұжық пен ветчинаның орнына қазыны қолданса жақсы болады
Қымыз, айран
Қымыздан ересектер мен балаларға ұнайтын сусын әзірлеуге болады. Ол үшін 1 литр қымызға шай қасық бал мен 5-6 жүзім қосып, бір тәулікке қойып қою қажет. Бал дәмін тәттірек қылады, ал жүзім қышқылтым дәм береді.
Дайындаудың осы тәсілін қолдана отырып айранға өз таңдауыңызға орай жидектер, шай қасық бал немесе құрма қосуға болады.
Қымызды, айранды, шұбатты, саумалды екінші таңғы ас немесе түстен кейінгі ас ретінде ішуге болады. Өзіңізді жақсы сезіну үшін ұйықтар алдында 1 кесе сусыннан ішуге болады.
Тәттілер
Бал құйылған кептірілген жемістер мен қақ өрік тәтті және пайдалы болады. Жент пен талқанды балмен және жаңғақпен араластырсаңыз, сіз кәмпитке балама тәттіні жасайсыз.
Тойға баратындарға кеңес:
Кешке жақын сізді әр түрлі тағамдар мен тәттілерге бай дастарханның күтіп тұрғанына қарамастан таңғы асыңызды тойып жеңіз. Тойда әр түрлі тағамдардан аз-аздан ауыз тисеңіз болады. Оны шәймен, сорпамен немесе қымызбен ішпеңіз. Есіңізде болсын — бұл ең алдымен сауық-сайран, қуаныш және қарым-қатынас.