Сәуле Мектепбаева, 37 жаста, туған жері — Ханты-Мансийск, тәуелсіз сарапшы, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары Комиссиясының мүшесі
Петропавл — Астана
Осы қалада Астана әлі Целиноград деп аталған кезде болдым. Есімде, кішкентай қыз едім және қатты жел әсерінен жүре алмадым. Ханты-Мансийсктің алыс солтүстігінде туылдым, Сібірде өстім. Суықтың не екенін білемін деп ойладым. Бірақ мұнда жел өте қатты болды.
Астанаға 1998 жылы мектеп аяқтағаннан кейін көшіп келдім. Ол кезде Петропавлда тұрдық және дарынды оқушылардың көбісі Омбыға көшіп баратын. Таңдау жасаған кезде күмәндандым: үйге жақын жерде қалып, жақсы Ресей университетіне түсу немесе Астанаға бару. Барлығы оның Қазақстанның жаңа орталығы деп айтатын. Сол уақытта жаңа ашылған Еуразия ұлттық университетінің жанында ақпараттық блог тұрды. Ол жерге үнемі Елбасы келіп, Алматыдан келген профессорлар сөз сөйлейтін. Осындай университетте оқу мүмкін туралы ой басымнан шықпады. Келіп, оқуға түсіп көремін деп шештім.
Ең бірінші әсерлер мен қиындықтар туралы
Астана әрқашан құшақ жайып қарсы алмайды. Алдымен қолыңнан түк келмейді, бірақ кейін міндетті түрде қолыңнан келе бастайды.
Астана әрқашан құшақ жайып қарсы алмайды
Сол жылы бюджетке түсу ережелері өзгерді. Нәтижесінде мен жақсы ұпайлармен түсе алмадым. Есімде, алаңда тұрып, күйзеліске түстім. Жақсы оқитынымды білдім, қызық аттестатым бар еді және мен үшін қолымнан келмейтін тапсырма жоқ екеніне сенімді болдым. Және кенеттен мен сынақтан өте алмадым. Мен үшін бұл үлкен соққы болды. Ата-анам қолдап, оқудың ақшасын төлейтіндерін айтты. Анама университеттің ең үздік студенті атанып, олар осы оқу орнында оқып жүргенімді мақтан тұтатын болады деп айттым. Осы уәдеме қол жеткіздім. Үшінші курста мені бюджетке ауытырды, ең үздік студенттік жұмыс бойынша халықаралық байқауда бас орынға ие болып, көптеген жарыстарда жеңіп отырдым.
Университетті аяқтап жатқан кезде арамыздан болашақ қызметкерлерді таңдап алу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері келді. Үлкен комиссия болды және «халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқыған барлық студенттер ШІМ тапсырды. Тек екі адам жұмысқа жіберілді.
ШІМ келгенімізде, жаңа заңдар бойынша, біздің нұсқаулар жарамсыз болып шықты. Жалпы конкурс бойынша өтуге тырыстым, алайда сұхбаттасудан өте алмадым. Бұл Астана мені сынаған екінші рет болды. Тіпті кетіп қалатын ойларым болды.
Астанадағы жұмыс туралы
Ең бірінші жұмыс орным соңғы рет тәжірибе өткен жерім болды. Барлық болған нәрсе тек жақсылықтың белгісі екенін түсіну қажет еді. Бұл да мемлекеттік қызмет, орталық аппарат болды. Жұмыс адам құқықтарымен байланысты болды, ал ол менің қолымнан жақсы келетін. Бұл қызықты бес жыл болды, көп нәрсені үйрендім. Бастығымның қолдауының арқсында бірнеше рет оқу үшін шетелге шығып, кандидаттық диссертация жаздым.
Түнгі екіге дейін жұмыс істей алдым, мұны уақытты босқа кетіру деп те санамадым. Мен шынымен де талмай еңбек еттім. Бұл мемлекет құрылуының алғашқы жылдары еді. Мемлекеттік қызметте жұмыс таңдағандардың барлығы Қаржы Министрлігіндегі түнгі үштегі жарық қосылған терезелер қалыпты жағдай саналатын жағдайда жұмыс істеді.
Халықаралық секторда 15 жыл жұмыс істедім. Көптеген халықаралық ұйымдарда кеңесшімін. Соңғы жұмысым Еуропалық одақта ірі жобаны басқарумен байланысты болды. Түрлі мемлекеттік органдарға кеңес беремін. Менің құзыретіме қылмыстық сот төрелігі, құқықтық реформа, құқық қорғау және сот жүйесі туралы барлық мәселелер кіреді.
Сонымен қатар, жазуды ұнатамын және жақында авторлық кітабымды шығардым — «Статус успешно: уроки правовых реформ». Менің ең үлкен екі махаббатым — жазу және Астана.
Астана туралы
Астанадан бірнеше рет кетіп отырдым, бірақ оралдым. Басқа қалада жұмыс істеген кезде екі жыл да шыдай алмадым, қайтып келгім келді. Тіпті өз мекемемнің кеңсесін Алматыдан Астанаға ауыстырдым. Бұл қаланы жақсы көремін. Астана қатал, бірақ керемет. Бұл түрлі адамдар мен қуатқа толы қала. Кез келген басқа қалада маған жел мен кеңістік жетіспейді.
Астана барлығы мүмкін екендігінің символы. Жеті қабатты үйдің жанында тұрып, алыста Соленая балкадан басқа ештеңе болған жоқ. Сол кезде ректор осы шалғайда ең үздік университет салынып, біз сонда оқитынымызды айтты. Бір жылдан кейін ол өз уәдесін орындады. Университет біздің көз алдымызды салынды, барлығы жылдым болды және шалғайда зәулім ғимараттар пайда болды. Дәстүрлерді өзіміз қалыптастырдық, қандай клубтар және қандай ортақ мереке болатынын ойластырдық. Бізге бұл күлкілі көрініп, барлығы уақытша деп ойладық, алайда ол мәңгі болып қалды.
Егер сен ақылға қонымсыз нәрселерді жоспарлап, армандай алсаң, онда Астанада барлығын іске асыра аласың. Бізде жиі елді, реформаны сынап жатады, бірақ, менің ойымша, Астана біздің ең үлкен реформамыз. Мұнда қалауымыз бойынша, жаңа нәрсені құра аламыз. Жаңа трендтер мен қосалқы мәдениетті қалыптастырамыз. Біз азбыз, сондықтан сен үшін біреу шешім қабылдап, істеп, ынтасын білдеріді деп үміттенуге болмайды. Қазіргі ұрпақ алдында үлкен жауапкершілік тұр — олар мемлекеттің салт-дәстүрлерін қалыптастырады.
Егер сен ақылға қонымсыз нәрселерді жоспарлап, армандай алсаң, онда Астанада барлығын іске асыра аласың
Қала қалай әсер еткені туралы
Астана маған отбасымды сыйлады — бұл ең қымбат нәрсе. Өзімнің болашақ күйеуіммен университет қабырғасында таныстым, алайда біраз жылдардан кейін ғана араласа бастадық. Мұнда екінші ұлым дүниеге келді. Бірте-бірте қалаға менің отбасым көщіп келді — ата-анам, кіші сіңлім.
Астана мен үшін драйв және мүмкіндіктер. Мұнда биікке көтіріліп, керемет нәрселер жасауға болады. Жай ғана үйде отырып, үй шаруасымен айналысып, кейін өз ісіңді тауып, нағыз маманға айналуың мүмкін. Мұнда ешкім сағат дұрыс тәртіп моделі жайлы айтпайды. Ол әртүрлі болуы мүмкін және кез келген істе сен жетістіктерге жете аласың. Астанада адамдар бір-бірін сүйіп, дос болып, қарсы ала алады. Өз көшеңді, аулаңды білесің және ол саған ыстық болып көрінеді. Өзіңді қауіпсіз сезінесің.
Бұл қалада түрлі мәдениеттер араласады. Елдің түкпір-түкпірінен адамдар жиналатын кеңістік. Әрбір адам өз аймағының даналығын, ерекшелігін, салт-дәстүрін қосады. Қазақстанның бірегейліні де осында — біз көп мәдениеттіміз.
Астана жиі соққы жасап, үміт үзбеуді үйретті. Қала армандауды, батыл болуды, барлығы кез келген уақытта өзгеру мүмкін екенін үйретті. Бұл Астанадағы ауа райы секілді: алдымен жел болып, кенетттен күн шығуы мүмкін. Мұнда кез келген сұрақта икемді болу керек. Ары қарай не болатынын ешқашан айта алмайсың. Астана айтып білгісіз қыз секілді, барлық уақытта дайын болу керек.
Бұл Астанадағы ауа райы секілді: алдымен жел болып, кенетттен күн шығуы мүмкін
Қалада болып жатқан өзгерістерге тәнтімін. Мұнда баланы апаруға болатын орындар өте көп. Астанадағы балаларға көптеген спорт кешендері, гуманитарлық ғылымдар қолжетімді. Бұның барлығы он жыл бұрын жоқ еді, менің ой-өрісім өзгерді. Астана тек жолдары мен сауда үйлерімен көзге түспей, мазмұнымен де бай болуы тиіс.
Көптеген достарым кез келген жағдайда тыныштық сақтай алатыныма таңғалады. Бұл Астана үйреткен қасиетім.
Астана маңындағы аудандарға шыққан ұнайды. Уақыт өте келе бұл орта өзгереді және үлкен қалаға бейімделеді. Қаланың айналасында елді мекендердің қаншалықты жылдам өсетінін көрген кезде таңғаламын. Астананың дамуы феномен тұрғысынан қызықты. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені біз аймақтарды да дамытуымыз керек. Екінші жағынан, Астана өз жоспарларына, мақсаттарына және армандарына қол жеткізетін адамдарға үміт артады.
Қала болашағы зор және алда көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Астанада жұмыс барлығына жеткілікті. Қандай іспен айналыссаңыз да, сіз қалаға керексіз.