facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-g-meler-l-bek-bd-lov-7000-tg-al-ash-y-zhala-ysy-zh-ne-arzhy-ministrl-g-ndeg-zh-mysy-zhayynda
logo
«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері». Әлібек Әбділов 7000 тг алғашқы жалақысы және Қаржы министрлігіндегі жұмысы жайында

25.06.2019

«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері». Әлібек Әбділов 7000 тг алғашқы жалақысы және Қаржы министрлігіндегі жұмысы жайында

Әлібек Әбділов, 30 жаста, туған қаласы — Қарағанды, журналист

DSC_6433.jpg


Қарағанды — Астана


Астанада тұратын туыстарымыз ата-анамның көшіп келуіне ықпал етті.

Біз отбасымызбен 19 шілде күні Астанаға көшіп келдік – сол кезде мен үшінші сыныпты бітірген едім.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Біз көшіп келген кезде, Астана енді салына бастады. Көрікті жерлерінің қатарында Парламент, Үкімет үйлері және саябақ болатын.

DSC_6462.jpg

Мектеп оқушысы болған кезімде, «Байтерекке» мінгенім және айналада далаң жер мен құрылыс болғаны есімде. Сол кезде осында үлкен және заманауи қала болатынын елестеткен жоқ едім.

Студенттік кезді жылулықпен еске аламын. Бұрын Бейбітшілік пен келісім сарайына жету үшін, бүкіл қаланы аралап шығу керек болатын – алыс еді. Бірақ жаңа ғимарат ашылған сайын оны қарап шығу қызықты еді. Студенттік кезде біз барлық құрылыс алаңдарында болып шықтық. Бұл орындар бізді еліктіретін.

Мектеп оқушысы болған кезімде, «Байтерекке» мінгенім және айналада далаң жер мен құрылыс болғаны есімде


Бастапқы уақытта оқу қиынға соғатын. Себебі мен орыс сыныбында оқитынмын, ал Астанада мені қазақ мектебіне берді. Бірақ әрі қарай барлығы ойдағыдай болды және мен бұл қаладағы мектеп пен университетті қазақ тілінде бітірдім.


Астанадағы өмір жайында


Осында 20 жылдан астам бойы тұрып жатырмын. Бұл уақыт аралығында қала қатты өзгерді. Қазірде Астанада қала тұрғындарының жайлылығы үшін – жаяу, велосипедпен, көлікпен жүру үшін жағдайлар жасалып жатыр. Жылы маусым кезінде мен көбінесе велосипедпен немесе самокатпен жүремін және инфрақұрылымның өзгеріп жатқанын байқаймын.

Астанада көп әлеуметтік-бағдарланған жобалар жүзеге асырылып жатыр. Медициналық орталық салынса, бұл адамдар үшін бірегей ем алуға болатын Қазақстандағы жалғыз орын болады.

Заманауи астаналықтың өзіндік бейнесі қалыптасты. Астаналықтардың менталитетін түсіну үшін, осында тұру керек.

DSC_6443.jpg

Астанадағы айналамдағы адамдар – әртүрлі аймақтардан келген, әртүрлі менталитетке ие алуан түрлі адамдар. Қай жерде жұмыс істемесем де, әріптестерімнің қатарында, негізінен, елордаға басқа жақтан келіп, осында тұратын адамдар болады. Біз бір-біріміздің менталитетін өзімізге иемдене бастадық – сол себепті астаналықты кез-келген басқа қалада тануға болады, ол барлығын сіңіріп, сыртқа шығарады.

Замаунауи астаналықты маған қарап білуге болады. Ол әрқашан асығыста жүреді, бір нәрсеге талпынады, бірдеңе істейді. Бұның өзінде кешке достарымен кездесіп, араласуға уақыт табады.

Қызығы – әртүрлі жастағы адамдар Астананы әртүрлі қырынан қабылдайды.

Замаунауи астаналықты маған қарап білуге болады


Маған жергілікті климат ұнайды – осында нағыз қыс пен нағыз жаз болады.

Қаланың өзіндік жаны, тарихы бар. Мен оң жағалауда тұрамын және оны жақсы көремін. Сол жағалауда да әдемі, ыңайлы, бірақ оң жағалудың жаны бар. Астана – бұл тарихын құрметтейтін замануи қала деп айтуға болады.


Жұмысы жайында


Мен мектепте оқыған кезде, «Атамекен Қазақстан Картасы» мемориалдық кешенінде экскурсия жетекшісі қызметін атқардым. Бірінші курста мені Филармонияға сахна жүргізушісі қызметіне шақырды. Бұл менің 7000 тг жалақысы бар жарты ставкадағы алғашқы ресми жұмысым еді.

Журфактың екінші курсында бізге мамандық бойынша жұмысқа орналасу керек болды. Мен газетте жұмыс істеуді қаламадым, телевидение үшін тәжірибием болған жоқ және мен радиоға бардым. «Радио для взрослых» радиосына хабарластым да жұмысқа алуды сұрадым. Мені сұхбаттасуға шақырды. Сол кезде радионың директоры тәжірибелі адам – Александр Севотьянов болатын, ол менің жұмыс істей алатынымды, бірақ ақысыз екі апта да жүре алмайтынымды айтты.

DSC_6429.jpg

Мені штатқа алды және мен жаңалықтар жүргізе бастадым. Жаңалықтар эфирлерін он жыл бойы жүргіздім. Жолымды алғашқы жетекшім ашты. Бастапқыда «Радио для взрослых», кейін «Деловая волна» радиосында, енді Orda FM радиосында жұмыс істеп жатырмын. Әртүрлі қызметтер атқардым – корреспондент, редактор, бас редактор да болдым.

Радиодағы жұмысым – өміріме ықпал еткен алғашқы маңызды жұмысым болып табылады. Бұл үлкен тәжірибе болды. Жетекшілеріммен жолым болды. Олар маған ақшаның соңынан емес, тәжірибенің соңынан жүруді үйретті. Жұмыс қызықты болса және маған берері бар болса, мен сол жерде жұмыс істеймін.

Сонымен қатар мен Орталық коммуникациялар қызметінде коммуникациялар басқармасында жетекші қызметін атқардым. Енді Қаржы министрлігіне ауысып жатырмын, сол жерге баспасөз-хатшы қызметіне шақырып жатыр. Бұл да жақсы тәжірибе болады деп ойлаймын.

Бұдан бөлек менің хоббиім бар. Біз досымызбен NAZZART ұлттық салт-дәстүрлер театры жобасын жүргізіп жатырмыз.


Қаланың ықпалы


Қала маған түбегейлі ықпал етті. Мен бір орында отыра алмаймын, жұмыс кезінде, демалыс кезінде қозғалуды қалаймын – бұл қасиетім Астананың арқасында қалыптасты. Қозғалыс – бұл өмір. Және бұл Астананың ұраны.

DSC_6440.jpg

Қала көптеген мүмкіндіктерді ұсынды. Олар барлық адамдар үшін табылады.

Мен осы қалада тұлға ретінде қалыптастым, өстім, білім алдым. Барлық білетін нәрселерімді Астана үйретті.

Қозғалыс – бұл өмір. Және бұл Астананың ұраны


Қарағандыға барған кезде, көп бола алмай, Астанаға қайтуды қалаймын. Барлық достарым, айналадағы адамдарым Астанада тұрады. Маған басқа қалалар мен елдерде жұмыс істеу ұсыныстары түскен, бірақ бұл жайында тіпті ойлаған да жоқпын. Басқа жерде үш күннен көп жүре алмаймын, үйге, Астанаға қайтуды қалаймын.

Мен осында тұрып жатқаныма қуаныштымын және мақтан тұтамын. Әлемнің кез-келген жерінде Астанадан екенімді айтамын. Бұл қала – бренд және мен осында болуға талпынамын. Осында барлығы көз алдымда салынды және мен оған туған қаламдай қараймын. Мен өзімді байырғы астаналық ретінде санаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас