facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-g-meler-leya-hamitova-te-z-zha-azhayyny-ornyna-astanada-y-zh-mysty-ta-dauyny-sebeb-zhayynda
logo
«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері». Лея Хамитова теңіз жағажайының орнына Астанадағы жұмысты таңдауының себебі жайында

25.01.2019

«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері». Лея Хамитова теңіз жағажайының орнына Астанадағы жұмысты таңдауының себебі жайында

Лея Хамитова, 30 жаста, туған қаласы — Павлодар, Rixos Borovoe қонақ үйінің маркетинг жөніндегі директоры


Павлодар — Астана


20190118-DSC_2395.jpg

Менің Астанаға көшіп келуім ұзаққа созылды. Мен Павлодар қаласында туып өстім, дарынды балаларға арналған № 8 мамандандырылған мектепті бітірдім. Кейін ҚазҰУ-нің туризм факультетіне түсуді шештім. Мен өз өмірімді туризм және қонақ үй ісімен байланыстырғым келді. Екінші курста мен журналистикаға қызығып кеттім, мені НТК телеарнасына жұмысқа шақырды. Мен жұмысқа жән-тәніммен кірістім және университеттегі оқу мен үшін қызықсыз болып, мені оқудан шығарып жіберді.

Мен берілмейтін адаммын, сол себепті жұмыс істеуді жалғастырдым. Менде ақша табу ниетім болды, ал анам білім алғанымды қалады. Сол себепті ол маған Павлодарға оқу үшін оралып, диплом алуды ұсынды. Мен Павлодарға қайтып келдім, журфакты бітіріп, бірден Астанаға тарттым.

Астанада мен «Хан Шатыр» сауда орталығына маркетинг жөніндегі маман қызметіне орналастым. Жарты жылдан кейін басшылық тарапынан олармен бірге Түркия елінің Бодрум қаласына көшу ұсынысы түсті. Сол жерде жаңа жобаның – құрылысы енді басталып жатқан бес жұлдызды қонақ үйдің ашылу ісі жүргізілді. Кейін мен қонақ үй саласы бойынша америкалық компанияда, одан кейін Сочиде жұмыс істедім. Бірақ Отаным және туған-туыстарым менің қайтып келуін сұрағанда, мен Қазақстанға оралдым. Қайтып келгеннен кейін үш апта өткесін, мен Rixos Borovoe қонақ үйінде жұмыс істей бастадым.

Ұзақ уақыт шетелде тұрып, мен көгілдір құжатым мен қазақстандықтардың маған жақынырақ екенін түсіндім

Ұзақ уақыт шетелде тұрып, мен көгілдір құжатым мен қазақстандықтардың маған жақынырақ екенін түсіндім. Жаңа жұмыс, компания, басқарушы ұжым мені қатты еліктірді. Және де мен осында қаламын деп шештім. Шамамен екі жыл мен Щучинскте тұрдым, ал Астанада тұрып жатқаныма жарты жылдай болды, бірақ қарым-қатынасымыз он жылға созылып жатыр.

20190118-DSC_2368.jpg


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Астанаға алғаш рет келгенде, мен өзіме пәтер таба алмадым. Мен тамыз айында келдім, сол кезде барлық талапкерлерлер өздеріне тұратын жер іздеді, бағалар қымбат еді. Алғашқы екі күн мен танысымның үйінде қонып шықтым. Бұл Астанада барлығының басынан өтетін қиындық.

Алматыдан кейін Астана мен үшін кішкентай болып көрінді. Мен аса тәнті болған жоқпын. Бұл жас елорда еді және маған басқа кішкентай қалалардан айырмашылығы жоқ болып көрінді.

Барлық жерде құрылыс жұмыстары жүргізілетін және қала қазіргідей жайлы болған жоқ. Бірақ осы жер даму үшін жақсы аймақ еді және барлығы елорда үшін пайдасы тиетін шағын істермен айналысуға болатынын түсінді.


Астана жайында


Осы уақыт аралығында қала қатты өзгерді. Мен Астанадан кетіп, бір жыл осында болмағаным есімде жақсы сақталды. Сол кезде Астанада бірнеше көрікті жерлер болды және көз жетер биіктіктен Павлодардан ешбір айырмашылығы жоқ болатын – жазық шатырлары бар шағын сұр арал еді. Бірақ мен қайтып келгенде, ұшақтың иллюминаторынан қаланың ұлғайып кеткенін көрдім. Бұл мені таңдандырды. Және Астана одан сайын кеңейіп келеді.

20190118-DSC_2374.jpg

Мен қаланың тек географиялық және архитектуралық өсуінен бөлек, Астанадағы адамдардың менталдығы өзгеріп жатқанын байқаймын, маған шығармашылық жобалардың, қызықты креативті жастардың, өздерінің тәжірибесімен бөлісетін шетелдік азаматтардың көбейіп жатқаны ұнайды.

Астанадағы адамдар өздерін еркін сезініп, көзқарастары кеңейіп жатыр. Мен бұны айналадағы адамдар бойынша айта аламын. Астанада жеке дамып жетілуге көбірек көңіл бөлінеді, адамдар өздерін іздеп, өз ойларын білдіруге қорықпайды.

Астанадағы адамдар өздерін еркін сезініп, көзқарастары кеңейіп жатыр

Осында көп іс-шаралар өткізіледі, қызықты кейіпкерлер көбейіп жатыр. Әртүрлі бизнес салалары дамып жатыр.

Маған дұрыс жүйеленген жұмыс үшін көп мүмкіндіктердің пайда болуы және осында қалу үшін себептердің көбейіп жатқаны ұнайды. Астана жас және сұлу, және де бұл қуантпауы мүмкін емес.

20190118-DSC_2349.jpg

Астана – қателіктерді көтермейтін асау, өзіне сенімді, батыл, ашық қыз. Ол әрдайым іздеу үстінде, өзін және өзінің күштерін сынайды. Ол өзін бар әлемге танытуға талпынады. Осы орайда біз екеуміз ұқсаспыз.


Rixos Borovoe қонақ үйіндегі жұмысы жайында


Мен Rixos Borovoe қонақ үйінің маркетинг жөніндегі директорымын, бұл өнімді дамыту және алға жылжытумен айналысамын. Менің жұмысым Бурабайдың ажарлығын Астанадан бөлек, барлық Қазақстан және шетелдік жерлерде таныту.

Менің қызметімде жаңа адамдармен қарым-қатынасқа түсу және кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігі рахат әкеледі. Жұмысымның екі жарым жыл уақыт аралығында көп өзгерістер болды және мен Қазақстандағы ішкі туризм саласын дамытуға өз үлесімді қосуды қалаймын.

Мен шын ниетіммен Қазақстанның көп мөлшердегі адамдар арасында танымал болғанын қалаймын. Біздің еліміз харизмалық қасиетке ие және мен Қазақстанда нағыз туристтер ағымын көру үшін туризм саласында жұмыс істеуді қалаймын.

20190118-DSC_2379.jpg


Қаланың қалай ықпал еткені жайында


Астана мені өзім жайлы, өзімнің ниеттерім жайлы мәлімдеуді үйретті. Егер сен үндемесең, сенің қажеттіліктерің жайында ешкім білмейтінін түсіндірді. Осы түсініктерге мен осында ие болдым.

Әр жолы мен ашық болып, жаңа сынақтардан қорықпау керек екенін байқап жатырмын. Себебі біздің елордамыз жаңа сын-тегеуріндерді батыл қабылдайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер