facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-g-meler-ashat-abzhanov-almaty-a-k-sh-p-sh-zherde-zh-mys-steu-zh-ne-k-s-pker-bolu-zhayynda
logo
«БАСҚА ЖАҚТАН КЕЛГЕНДЕРДІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ». АСХАТ АБЖАНОВ АЛМАТЫҒА КӨШІП, ҮШ ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕР БОЛУ ЖАЙЫНДА

21.12.2018

«БАСҚА ЖАҚТАН КЕЛГЕНДЕРДІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ». АСХАТ АБЖАНОВ АЛМАТЫҒА КӨШІП, ҮШ ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕР БОЛУ ЖАЙЫНДА

Асхат Абжанов, 30 жаста, туған қаласы — Степногорск, «Жаңа ұрпақ» көшбасшылық мектебінің негізін салушы

We Project ШКОЛА ИСКУССТВ-14.JPG


Астана — Алматы


Менің туған жерім Степногорск қаласы. Төртінші сыныпта оқығанда, біз Астанаға көшіп келдік. Сол кезде дағдарыс болып, кәсіпорындар жабылды, біз жаңа өмірді аңсап елордаға бардық. Мен мектепті Астанада бітірдім, бірақ университетке грантқа түсе алмадым. Сонда мен оқуымды оқып, жұмыс істеу үшін Алматыға баруды жөн көрдім.



Алғашқы әсер мен қиындықтар туралы


Мен келген кезде, оқуға түсе аламын ба, жоқ па, қайда тұрып, жұмыс істейтінімді білген жоқпын. Мен жай ғана шабадан мен костюмімді алып, автобусқа отырып, Алматыға келдім. Сол себепті біріншіден, менің көргенім «Сайран» вокзалы болды. Мен ҚазМУ-не дейін қалай жету керектігін білген жоқпын, маған көшедегі бір жігіт көмектесті. Менде осы жерде мейірімді, ашық адамдар тұрады деген әсер бірден қалыптасты.

Оған қоса «Казгуградқа» келгенде, маған ғимараттар мен таулардың әдемі көрінісі ашылғаны есімде. Бұл Алматыдағы ең әдемі көріністерінің бірі деген ойдамын.


Менде осы жерде мейірімді, ашық адамдар тұрады деген әсер бірден қалыптасты


Нәтижесінде мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «туризм» бағытына түстім. Әрине, қиын болды. Оған дейін мен әлдебір инкубаторда өмір сүргендеймін: қарным тоқ, киімім бар, мектеп, ата-анам, ағаларым жанымда болды. Ал осында бөтен қала, ақылы оқу, жалдамалы пәтер, үш жұмыс. Бірақ кезекті мәселелерді мен өзіме берілген сынақтар деп қабылдадым.

We Project ШКОЛА ИСКУССТВ-4.JPG

Алматы жайында


Оқуды аяқтағасын, мен магистратураға түсемін деп шештім. Ақыры грантқа түстім. Мен өзімнің бағытыма бес жыл арнадым және оған еш өкінбеймін. Менің өте жақсы кафедрам, достарым болды, сол жерде мен өз махаббатымды кездестірдім. Жанна менен бір курс төмен оқыды, сосын біз үйлендік. Мен қайта оралудың мәні жоқ деген шешімге келдім, себебі енді Алматы менің жаңа жанұям, серіктестерім, әріптестерім және жобаларым. Менің телефон анықтамалығымда 3000 байланыс телефондары бар. Оның 100-200 адамы Астанадан, қалғандары Алматыдан. Мен барлық адамдармен – кәсіпкерлер, шаштаразшылар, таксишілер, кім болса да, танысып жүрдім. Және маған бір нәрсе керек болған жағдайда, мен тікелей немесе бір-екі қоңырау шалғаннан соң осы қалада кез келген адамды таба аламын.

Менің балалық шағым Астанада өтті, бірақ сол жерде мен өзімді қонақ ретінде сезінемін. Ал осында жай ғана көшеде серундеп, демаласың. Ағаштар, табиғат, күлімдеп жүретін адамдар – барлығы осы қалада тұрып, жаңа нәрселерді жасап шығаруға ынталандырады. Осында менің қызым дүниеге келді, ол нағыз алматылық. Сол себепті біз Алматыны жақсы көреміз. Мен үшін ол рухыма ең жақын қала. Мен осы қаланың тұрғындарын жақсы көремін және жүрегімнің түбінде өзімді Алматыға қатысты барлық нәрселерге немқұрайлы қарамайтын алматылық деп санаймын.



Алғашқы жұмысы жайында


Оқуға түскесін мен бірден барлық ресторандарды аралап шығып, солардың біреуіне даяшы қызметіне кірдім. Оған қоса екінші жұмысқа да шықтым – косметика саттым. Ал бірінші курстың ортасында үшінші жұмысқа шықтым. Ол қоғамдық қор болатын. Менің өміріме азды-көпті жететін.

465

Екінші курстан бастап біз досымызбен өзіміз бір нәрсе шығаруға талпына бастадық, себебі оқумен қатар үш жерде жұмыс істеу қиынға соғатын. Біз сауық кештерді ұйымдастырып, табыс таба бастадық. Бірітіндеп біз қаладағы ең жақсы ұжымдардың бірі болдық, әртүрлі диджейлерді, әртістерді шақырып, бітіру кештерін, студенттерді қабылдау рәсімдерін өткіздік.

Төртінші курста мені «Тарлан» жастар одағына шақырды. Маған осы жастар ұйымының президенті болу сәті түсті. Жыл бойы мен әртүрлі шараларды, кездесулерді, шеберлік кластарын өткіздім. Біз жетімдер үйлеріне баратынбыз, футбол ойнайтынбыз. Сол кезде мен тек ақша үшін жұмыс істемей, бір міндетті де атқаруға болатынын түсіндім. Бұл көбінесе еріктілік жұмыс, сол үшін мен 40 000 теңге алатынмын.

Кейін мен кәсіпкерлікке кеттім. Біз досымызбен IT-компанияны аштық, уақыт өте ол жақсы дамыды. Біз ірі жобалар, мобилдік қосымшалар, веб-сайттар жасадық. Орта чекті 10 000 000 теңгеге жеткіздік, автожуу, клинингтік, тендерлік компанияларды аштық.



«Жаңа ұрпақ» көшбасшылық мектебі жайында


27 жасыма қарай мен істеп жатқанымның бәрі маған табыс пен мәртебе әкелсе де, жанымды рахатқа бөлемейтінін түсіндім. Мен «Тарланда» мектеп оқушылармен жұмыс істеген тәжірибемді есіме алып, мектепке бардым. Бос уақытымда шеберлік кластарын өткізе бастадым. Маған да, балаларға да ұнайтын.

700


Бірде мені Ақтау қаласына ҰБТ алдындағы түлектерге арналған ынталандырушы тренингтерді өткізуге шақырды. Мен бір апта бойы тренингтерді өткіздім, ал соңында маған ақша төледі. Сонда мен хобби де табыс әкеле алатынын түсіндім. Жұмыс істемей-ақ, өзіңе ұнайтын істерді атқарып, табыс табуға болатынын түсіндім.

Мен қайтадан Алматыға келдім, барлық істерден алыстап, шағын команда жинадым да, біз ақылы тренингтерді өткізе бастадық. Осы тәжірибе – жасөспірімдердің мәселелерін түсіну арқылы біз тренингтің «тренингтік лагерь» деген қызықты форматын құрдық. Біз ақылы апталық лагерь аштық, сол жерде бір апта бойы балалармен жұмыс істеп, олар үшін әртүрлі шаралар мен тапсырмалар ұйымдастырамыз. Ал балалар рахатқа бөленеді, әрі дамып жетіледі.

3 жыл ішінде біз 26 лек өткіздік. Бүгінде бұл – нағыз таудағы лагерь, 10 адамнан тұратын команда, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Люксембург, Израильден 1500 шақты түлектер. Өткен жылы біз ЮНЕСКО клубының ресми мәртебесін алдық.

Бізде әлеуметтік жобалар бар. Әрбір лекке біз қолайсыз отбасылардан немесе жетімдер үйінен бір адамды аламыз. Биыл «Ауыл көшбасшылары» жобасын іске асырдық. Аталмыш жоба аясында біз Маңғыстау облысының барлық ауылдарын аралап, сол жерлерде тегін тренингтер өткіздік. Ал ең белсенді балаларды Алматыға алып келіп, олар үшін жеке лагерь өткіздік.


Біздің үлкен міндетіміз – жаңа ұрпақ көшбасшыларын тәрбиелеу


Біздің үлкен міндетіміз – өзгеше ойлайтын, құндылықтары мен қағидалары басқа, біреуден дайын нәрсені күтпей, өздері беруге талпынатын жастарды, жаңа ұрпақ көшбасшыларын тәрбиелеу. Себебі көшбасшының ең басты міндеті – адамдарға қызмет ету. Біз мектеп қабырғасынан бастап балалардың бойларына бір-бірін қолдау, өзіне сенімді болу, өршіл мақсаттарды қою, сүйікті іспен айналысу сынды құндылықтарды сіңіргіміз келеді.

Біздің оқытуымыз өзіне және өз мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттырады. Бұл барлық салаларда үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

We Project ШКОЛА ИСКУССТВ-13.JPG

Біз әрдайым білім аламыз. Мен Тони Робинсктің тренингісіне бардым, Миразакарим Нарбековта оқыдым, Грузияға Шалва Манашвилиге бардым. Мен әр жақтан біраз нәрсе алып, байланыстырып, өзімнің тәжірибемді қосамын, одан біз өзіндік қасиеттерді қалай дамытуға болатынын айтпай, көрсететін бағдарлама шығады.

Біздің түлектер қолдаушылық ортасын қалыптастыратын қоғамдастыққа жиналады. Біз балаларға бір-бірімен кездесіп, өзара әрекеттесуге, брге уақыт өткізуге мүмкіндік береміз. Біз өзіміз олармен әрдайым байланыста боламыз.

Мен жасөспірімдердің өздеріне сенімді болғандарын, өмірді жақсы көріп, бір нәрсеге ұмтылғандарын қалаймын.



Қаланың не бергені жайында


Алматы – өзімнің тұлға ретінде танылып, шынайы түрде өзіме сенімді болуға ықпал еткен қала.

Алматы жалғыз болғаннан гөрі адамдармен мықтырақ болатынын көрсетті. Оған қоса, қала лажсыз жағдайлар болмайтынына және әрбір жағдайда жақсы нәрсенің барына көз жеткізді.

Осында жинаған тәжірибем өзімнің алдағы өмірім мен қағидаларымды айқындап берді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек